Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кітап – рухани қазына

24 ақпан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Кітап – рухани қазына
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Кітап – білім бұлағы,- дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.
2. Дамытушылық: Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулықты құрметтеуге, күтіп ұстауға үйрету.
Көрнекілік: Слайдтар, кітаптар.

Тәрбие сағатының барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі - оқушылармен сәлемдесу, мемлекеттік Гимнды орындату.
2. Негізгі бөлім.
Халқымыз өнер мен білімді қадірлеген. Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ата – бабамыз кітапты ерекше ақылшы ұстаз санаған. «Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы» деген қанатты сөз қалдырған. Кітап адам баласына бала кезінен бастап, өмірінің соңына дейін сырлас досы болады. Ендеше, құрметті ата - аналар, ұстаздар 3 «А» сынып оқушыларының дайындаған « Кітап – рухани қазына» атты ашық тәрбие сағатын назарларыңызға ұсынамыз.
Олай болса топтарымызбен таныстырып өтейін:
1 - топ «Кітапсүйгіштер»,
2 - топ «Кітапқұмарлар».

1 - кезең. «Кітап – рухани қазына»
Берекет: Кітап – адам өмірінің таусылмас қазынасы дүниенің айнасы, ғылым – білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы досың. Кітап – адам баласының ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап қалатын, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал.
Айгерім: Кітап – араб сөзі. Ол қазақша «жазу», «жазба» деген мағынаны білдіреді. Кітап – көп ақылдың құйылған көлі, ол ортақ мүлік, халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы. Ата бабаларымыз «Күш білімде, білім кітапта», «Кітап – ғажап дос» деп бекер айтпаған. Кітап – шебер ұстаз, тілсіз мұғалім.

Ақжол: Алғашқы кітаптар осыдан бірнеше жыл бұрын пайда болған. Ол біздің қолымыздағы еш ұқсамайды. Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалған. Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу жазып, оны кептіріп, кейін күйдірген. Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған. Бамбук өсімдігінен таяқшалар әзірлеп соған да жазған. Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған. Кейін жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып, кітап соған жазылған. Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда болды. Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа тастаған.

Дархан: Кітап – адал пейіл, асыл дос. Барлық білімді кітаптан аламыз. Кітап бізді қайырымдылыққа, адалдыққа, әділдікке үйретеді. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.
Жансая: «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» деген екен Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.

Еркебұлан: Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге – деп, Абай атамыз айтқандай «Білімнің қайнар бұлағы – кітап». Сондықтан да мұны адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білеміз. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. Кітап арқылы баланың дүниетанымы кеңейіп, еңбекке деген саналы көзқарас қалыптасады, сабаққа деген ынтасы артады. Сондықтан біз жас кезімізден - ақ кітапты сүюге және оны күтіп, ұқыпты ұстауымыз керек.

Мұғалім: Кітап – күш. Кітап – құдірет. Рухани дүниеңді байытатын, дүниетанымыңды кеңейтетін де кітап. Кітапта ғана шекара жоқ. Алғашқы алланың сөзі де адамзатқа кітап болып түскен. Кітап туралы сөз болғанда міндетті түрде автор мен оқырман арасындағы алтын көпір кітапхананың орны ерекше. Ендеше, рухани байлықтың алтын кені – кітапхана туралы балалардың біліміне құлақ асайық.

Қуандық: Білім көзі – кітапта, ал кітаптың мекені – кітапхана, яғни грек тілінен аударғанда «кітап сақтайтын орын» деген мағынаны білдіреді. Кітапханадан көптеген қызықты қажетті деректерді, ертегілерді таба аламыз, сондай - ақ «Балдырған», «Асыл сөз» сияқты газет - журналдар да бар. Кітапханада әрбір кітаптың тұратын өз орны бар.

Альбина: Кітапхана – жас оқырмандардың сүйікті мәдени ортасына айналып, сапалы білім мен саналы тәрбие беруде ұстаздардың бірден – бір сенімді серігіне айналуы тиіс. Ата - бабамыздың өткен тамыры терең тарихтарын, тұңғиықтан сыр шертетін әдебиеттерін, таңғажайып ғылым кереметтерін киелі шаңырақ кітапханадан табамыз.

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы.
Танатарова Разия Нурымовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
34 410
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кітап рухани - сарқылмас қазына
Кітап рухани - сарқылмас қазына
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беретін қазақ гимназия мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Саликова Елмира Мергенбайқызы
Кітап - білім бұлағы
Кітап - білім бұлағы
Қарағанды облысы, Шет ауданы, «Қызылқой жалпы орта білім беру мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Кадирбаева Бекзада Жаксыгелдыкызы
«Кітап – рухани сарқылмас қазына»
«Кітап – рухани сарқылмас қазына»
Қарағанды облысы Балқаш қаласы, №15 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдина Гульжазира Хайдаровна
Кітап − білім  бұлағы
Кітап − білім бұлағы
Тақырыбы: КІТАП − БІЛІМ БҰЛАҒЫ Мақсаты: Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
Кітап – білім бұлағы
Кітап – білім бұлағы
Х. Наубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сұлтанғалиева Күнсұлу Сәменқызы
Кітап – білім бұлағы
Кітап – білім бұлағы
ШҚО. Аягөз қаласы «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш класс мұғалімі Аязбекова Дария Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×