Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жақсылық жасай білейік

28 қазан 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Жақсылық жасай білейік.
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-біріне жақсылық жасай білуге және қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге, ой-өрісі дамыту.
Міндеті:
1. Адам қарым-қатынасындағы жақсылық ұғымы туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың арасында жақсылық пен жамандық сезімдерін дамытуға ықпал ету
3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шыншылдыққа, адалдыққа, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу

Барысы:
І.Сәлемдесу
Үлкенге де «Сіз»
Кішіге де «Сіз»
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.

ІІ.Шаттық шеңбері
- Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық.
Өзіңді тану
Жақсы болу – өзіңнен,
Жаман болу - өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» деп ойла.
Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңсің – ақыл айнасы.
Тиеді саған мәні бар
«Өзіңді тану» пайдасы

ІІІ.Мәтінмен жұмыс.
Жақсылық пен жамандық (ертегі)
1. Неліктен адам жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсың?
2. «Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?
ІV. «Жақсылық жасай білейік»
Мақал-мәтелдер (жақсылық пен жамандық туралы)

V.Тыныштық сәті.
- Балалар, орындарыңызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досына, ата-анасына, ұстазына қандай жақсылық тілейтіні туралы ойлайық. (2- 3 сек)
- Балалар, ойлап болсақ, көзімізді ашайық. Параққа аты-жөнімізді жазып, жақсылықты кімге ойладық, жазайық. Осы ойлаған жақсылығымыз күннің шуағы арқылы сол адамға жетеді.

VІ.Дәйексөз.
- Енді, балалар, бүгінгі тақырыбымызға сай мына дәйексөзді оқып, дәптерімізге жазып алайық.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»

VІІ. «Ертегілерді өз ойларыңмен жалғастырып көр»
«Қарлығаш пен дәуіт» І топ
Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді. Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды. Қарлығаш жыланды көріп, қатты қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді....
«Аю мен тышқан» ІІ топ
Бір тышқан аңдаусызда аюдың апанына тап болып қалады. Одан адасып жүріп, аюдың құлағына кіріп кетеді.
Аю шошып оянып, құлағын басып қояды:
- Менің құлағым - сенің інің деп пе едің? – деп ақырады. Өзіңді жақсылап сабайын ба?
- Сабамашы. Мен де бір керегіңе жарармын.
- «Бармақтай болып, не керегіме жарармын дейсің»,- деп күледі аю. Дегенмен, босатып жібереді.

VІІІ. Жүректен - жүрекке жылы лебіз білдіру.
Мұғалімдерге жүрекке жылы сөздер жазып беру.
ІХ.Қорытынды.
Ризашылық әні.
(сөзі мен әнін жазған Луиза Хей)
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз бүгінге!
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз қазірге!
Ризамын, бүгінге!
Ризамын, қазірге.

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Бердешева Жадыра
25 701
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Балаларға жақсылық пен жамандықты ажырата білуге, бір - бірімен достық қарым - қатынаста болуға, үлкендерге құрмет, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Жақсылық жасай білейік
Жақсылық жасай білейік
Адам қарым - қатынасындағы жақсылық ұғымы туралы түсінік беру. 2. Оқушылардың арасында жақсылық пен жамандық сезімдерін дамытуға ықпа ету
Жақсылық жасай білейік
Жақсылық жасай білейік
Оқушылардың “қайырымдылық, ” “қамқорлық,” “жақсылық” құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру.
Мейірімділік – асыл қасиет
Мейірімділік – асыл қасиет
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Байқоңыр ауылы, «№17 Байқоңыр орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Абдибекова Айгуль Жанкараевна
Жақсылық жасай білейік
Жақсылық жасай білейік
Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Жаман әдеттен сақтан!
Жаман әдеттен сақтан!
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №7 орта мектебінің мұғалімі Бектенова Гаухар Сүйментайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.