Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Денсаулық – зор байлық

04 наурыз 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Денсаулық – зор байлық.
Мақсаты: Оқушыларға денсаулық адам баласының тозбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін түсіндіру.
Дамытушылығы: Оқушыларға салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды әрекеттерден аулақ болуға үйрету.
Тәрбиелілігі: Жеке бас тазалығын сақтау ережесін қалыптастыру. (қол жуу, тіс күту, көзді сақтау, дене бітімін сақтау) күн ережесін (тамақтану, ойнау, сабақ оқу, дем алу, ұйқы, серуен) дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.
Әдісі: әңгімелесу, сахналық көрініс, ойын, жұмбақтар.
Көрнекілігі: Жеміс - жидектер суреттері

Сабақ барысы: Ұйымдастыру
Гүл ұстаған балалар шеңберге дөңгелене отырады, бір - біріне жылы, жақсы лебіздер айтып, денсаулық тілеп, гүл ұсынады. Гүл шоқтары бірте - бірте көбейіп, жылы лебізді тілек бастаған баланың өзіне бір құшақ гүл – Тілек шоғы болып оралады.

Мұғалім: Бүгінгі тәрбиелік іс шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмақ. Денсаулық деген сөз деннің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деннің ауру сырқаудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі денсаулықтың арқасы. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса адамның денсаулығы нашарлап, көңіл - күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды. Ендеше «Денсаулық – зор байлық» деп халқымыз айтқандай, денсаулықты еш нәрсеге теңеуге болмайды, адамдар бір - біріне бірінші денсаулық тілейтінінің себебі міне осында. Дені сау адам әрдайым көңілді, жүзінен шаттық нұры төгіліп жүреді. Сондықтан өз денсаулығыңды қарап оны сақтай білуің керек.

1 - оқушы: Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл - күйің жадырап.
Денсаулық – ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай.

2 - оқушы: Денсаулық ол шыныққан
Барлық дене мүшесі
Денсаулық ол тыныққан
Жүйке – тамыр жүйесі.

3 - оқушы: Басты байлық – денсаулық
Бабаң айтқан даналық
Сақта жолын сен тауып
Осы шақта балақай.
Балалар, жеке гигиенасын сақтау дегенді қалай түсінесіңдер?

Даяна: Жеке бас гигиенасын сақтау – таза жүру, таңертең тұрып әр түрлі жаттығулар жасап жүгіру, жуыну. Тырнақты өсірмей уақытылы алып жүру. Күн тәртібін сақтау.

Камила: Аптасына бір тәулік ас судан бас тарт, асқазаның демалады.

Тоғжан: Мектепте де үйде де тазалықты сақтауымыз қажет. Тісімізді жуу, қолымызды сабындап жуу, бөгде заттарды ұстамау.

Мерей: Жеміс жидектерді жуып жеу, тамақ үстінде сөйлемеу, спортпен айналысу, таза жүру.
Томирис: Әрбір адам өз денесін шынықтырса жуынып таза жүрсе ауру жоламайды. Адам еңбекке қабілетті болып өсіп, дене құрылымы сымбатты болады.

Құндыз: Тісті таңертең және кешке жуып, таза ұстаса тіс бұзылмай жақсы сақталады. Үнемі таза жүрсең денеде жаман жаралар шықпайды.

Нұрсезім: Суға түсер алдына далаға шық. Қарда жалаң аяқ жүріп үйрен. Таза ауамен демалып ал да ойша өзіңе және барлық адамдарға амандық саулық тіле.

Шолпан: Темекі шекпе, ішімдік ішпе!
Темекі ме, ішімдік пе?
Біз оған қызықпаймыз,
Оған уақыт та жоқ.

Ұлдай: Шаңғы теуіп опа қарда шынығамыз ойнаймыз.
Қандай жақсы таза ауада демаламыз, тойлаймыз.
Жүгіреміз жалаң аяқ, шынықтырып денені.
Жексенбі күні сағат он екіде далаға шық, таза ауада қыдыр.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 659
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сұлулықпен денсаулық
Сұлулықпен денсаулық
Мақсаты: «Бірінші байлық - денсаулық» «Қазақстан - 2030» бағдарламасында көрсетілгендей, өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал - ахуалы жақсы болу үшін зиянды әрекеттерден - ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктің денсаулыққа,
Салауаттылық – денсаулық кепілі
Салауаттылық – денсаулық кепілі
Оқушылардың «денсаулық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, оны күту іскерліктерін дамыту
Денсаулық
Денсаулық
Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, «Бауман орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Хаджиева Ж. Қ.
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бердіғалиева Рауаш
Денсаулық зор байлық.
Денсаулық зор байлық.
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы №5 орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Құдабаева Айгүл Болатбайқызы
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектеп. бастауыш сынып мұғалімі: Ысқақ Шамсия Денсаулық - зор байлық
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×