Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жол ережесін сақтау – өз қауіпсіздігіңді ойлау

05 наурыз 2015, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Жол ережесін сақтау – өз қауіпсіздігіңді ойлау»
Мақсаты: Студенттерді жолда жүру ережелерін толық біліп, өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне дағдыландыру, Қазақстан Республикасының «Жол ережесі туралы заңдармен» таныстырып, білімін жетілдіру.
Ұйымдастыру формасы: Дөңгелек үстел.
Жоспар
1) Жол ережесі туралы мәлімет беру.
2) Ой қозғау сұрақтары.
3) Талқылау.
4) Жол ережесі туралы видеоролик.
5) Cұрақ - жауап.
6) Студенттерге сауалнама өткізу.
1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар мен студенттер!
2 - жүрг: Бүгінгі біздің “Жол ережесін сақтау – өз қауіпсіздігіңді ойлау” атты іс - шарамызға қош келдіңіздер!
Педагог - психолог Мусрепова Х. К. сөз беріледі:
- Құрметті қонақтар, студенттер бүгінгі іс - шарамыздың берері мол, тәрбиелік мәні зор шара болмақ. Осы шараға қатысып отырған Ақтау қаласы ішкі істер басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің инспектор полиция капитаны Адильхановаға Г. А. және инспектор полиция аға лейтенанты Есенкулов Еркебулан бізге көптеген ақпараттар беретін болады.
1 - жүргізуші: Бұл іс - шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсатымыз:
жолаушылардың жолда жүру ережелерін толық біліп өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне дағдыландыру. Студенттерге Қазақстан Республикасының «Жол ережесі туралы заңдармен» таныстырып, білімін жетілдіру.
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен, кіші баршамызға.

2 - жүргізуші: ӨБ - 11 тобының студенті Юсупова Гүлбаршын жол ережесі туралы мәлімет береді. Назар аударайық!
Қазақстан Республикасының жол қозғалысы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiн Жол қозғалысы туралы халықаралық конвенцияның талаптарына сәйкес келтiру, сондай - ақ Қазақстан Республикасы Конституциясы 4 - бөлiмнiң 92 - бабын және "Жол қозғалысының қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 12 - бабын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап мыналар бекiтiлсiн және қолданысқа енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасы жол қозғалысының ережелерi. Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерi.
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жіберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiн басып шығару (қайта басып шығару) жөнiнде тапсырыс орналастыру құқығы берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер Министрлiгi 1997 жылғы 15 желтоқсанға дейiн мерзiмде аталған нормативтiк құжаттарды бұқаралық таралыммен басып шығаруды және баспасөзде, радио мен теледидарда олардың талаптарын көрсетудi қамтамасыз етсiн.
1 - жүргізуші: Видеороликке назар аударайық.(Автокресло жайлы)

2 - жүргізуші: Осы бойынша ой - пікірімізді, көзқарасымызды білдірейік! Автокресло туралы заң қаншалықты елімізге керек? Осы туралы ішкі істер қызметкерлердің пікірлерің білсек. Сөз кезегі Ақтау қаласы ішкі істер басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің инспекторы, полиция капитаны Адильхановаға Г. А. және инспектор полиция аға лейтенанты Есенкулов Е. беріледі.
1 - жүргізуші: Жол ережесі жайлы видеороликке назар аударайық!
2 - жүргізуші: Қонағымызға сөз кезегін берейік.
1 - жүргізуші: Жол ережесі туралы сұрақтарыңыз болса қонағымызға қоюға болады.
2) Сауалнама: «Жол ережесінің қауіпсіздігі»

3) Іс - шараның қорытындысы
1 - жүргізуші:
«Қазір де қайнаған тіршілік күре жолдардың бойында. Жол – шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар темір жолмен, тас жолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек. Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың жасампаздық рухын тарататын өмір - тамырға айналуы тиіс. Аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттырады. Облыстардың бip - бipiмeн сауда - саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтады. Ел ішінен тың нарықтар ашады. Осылай, алысты жақын ету – бүгінгі Жолдаудың ең басты түйіні болмақ»
(Н. Ә. Назарбаев жолдауынан) деп айтқандай жол қозғалысы арқылы көптеген шаралар іске асып жатады. Бүгінгі іс - шараның барысы да осыған бағытталған. Өзімізге берері көп, тиімді жақтары жетерлік.
12 457
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жол тәртібін сақтаймыз!
Жол тәртібін сақтаймыз!
Арманға алдап күткен асығамыз, Біз қалай шап қанаттай басыламыз. Жол жүру ережесін жақсы біліп, Сақтық пен алға ұмтылған жас ұланбыз!
Жолда – абай бол!
Жолда – абай бол!
Мақсаты: Білімділігі: Жалпы жол белгілерімен балаларды таныстыруды жалғастыру, жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру. Дамытушылығы: Іс жүзінде қолдануға қызығушылықтарын тудыру.
Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында білімдерін толықтыру. 2. Жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға, орындауға баулу. Ой – өрісін дамытып, түсініктерін кеңейту.
Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік!
Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік!
Оқушыларға жолда жүру ережелерімен, жол белгілерімен таныстыру. Бағдаршам туралы түсінік беру.
Жолда жүру ережесін сақтаймыз!
Жолда жүру ережесін сақтаймыз!
Мақсаты:1. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру. 2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру.
Жолда жүру ережесі
Жолда жүру ережесі
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, Тоқмұхамедов атындағы №14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нұржаубаева Марина Сайлауқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×