Сұхбаттасу
galina71
galina71
17:32:12

Рахмет, достар!!! барлығыңа шығармашылық шабыт, денсаулық тілеймін! Бәйгеден
Бас жүлде алыңдар!
gulgul75
gulgul75
17:16:11

Құрметті Қазанбай Ғалия Тілектесқызы! Сіздің семинарға арналған қойылымыңыз "Мұғалімkz" жариаланыпты, төрт бет! Құтты болсын!
bibka
bibka
17:03:02

roza gul,
болады!
roza gul
roza gul
14:02:58

сертификатты маусым айында алуга болады ма?
roza gul
roza gul
14:01:31

жиберген презентацияны калай коруге болады

Чатқа тек тіркелген қолданушылар ғана жаза алады.
Біздің сайтты ұнатады
Қай елден кірді
free counters
Қатені көрсетіңіз
Егер сайттан орфографикалық қате тапсаңыз, онда сөзді бөлектеп мына батырмаларды басыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Шетел тілі сабағында шығармашылық тұлға тәрбиелеу

Абай ауданы, Топар кенті Абай атындағы мектеп - гимназиясының шет тілі пәнінің мұғалімі М. Н. Имангалиева

Кіші жоба «Ағылшын тілін дамыту» бастауыш сыныптарға арналған таңдау курс бағдарламасы

Қарағанды облысы, Абай ауданы Абай атындағы мектеп - гимназия Имангалиева М. Н.

Сүйікті тағамдар

Қарағанды облысы, Абай ауданы Абай атындағы мектеп гимназияның Ағылшын тілі мұғалімі Имангалиева М. Н

Использование антонимов в речи

Абуза Айдана ученица 7 «Б» класса средней школы № 251 имени М. Ауэзова, села Байгекум, Шиелийского района, Кызылординской области. Руководитель: учительница русского языка и литературы Калжанова ...

Веселые старты

Кызылординская область, Шиелийский район, село Байгекум средняя школа № 251 имени М. Ауэзова Калжанова Сабира Сарсенбаевна
Әкімшілікпен хабарласу
Сайтта кім бар
Сауалнама
Онлайн режимінде қандай программаны үйренгіңіз келеді?
Электронды кітап жасауды
Photoshop
Corel Draw
Power Point
Word

Жеке веб парақша ашу
Соңғы пікірлер
  • Авторы: Ляска
  • |
  • Пікірлер: 0
  • |
  • Қаралды: 1296
  • |
Байқоңыр қаласы,
№2 К. Э. Циалковский атындағы жалпы білім беретін мектептің
I санатты бастауыш сынып мұғалімі
Жакупова Алмагуль Байдуллаевна

Тақырыбы: Мінез – көңіл айнасы
Мақсаты: а) оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту.
б) мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
в) жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу

Көрнекілігі: медиапроектор, слайдтар, қанатты сөздер, үнтаспа
Әдісі: сұрақ-жауап, ізденушілік жұмыс, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Барысы: 1. Шаттық шеңбері
Көңілге қуаныш сыйлайтын, жанымызды ізгілендіретін өнер атаулының ішіндегі құдіреттісінің бірі – ән тыңдауға шақырамын.

2. Ойланайық, пікірлесейік
Ал енді ән тыңдап көңіліміз көтерілсе тақырып мағынасын ашу үшін мына ойынды ойнап жіберейік. «Мағынаны тану» ойыны.
• Неліктен «Мінез – адам көрсеткіші» болады деп ойлайсың?
• Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?
• Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?
• Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсың?
3. Мәтінмен жұмыс
Абайдың өлең жолдарын оқыта отырып, талдату.
Абай айтқан адам бойындағы міндердің бүгінгі күндегі көріністері қандай?
4. Тапсырма
Берілген мәтінді оқып, ойыңды ортаға сал.
1. Адам бойында қандай жағымды, жағымсыз қасиеттер болады?
2. Өз мінезің туралы не айтар едің?
Іскерлік ойын – «Өзімді бағалаймын» таратылған парақтарды толтыру
Жағымды қасиеттерім Жағымсыз қасиеттерім Мақсаты
5. Назар аударайық
«Сұлулықтың» қандай түрі бар (ассоциация)

Мінез сұлулығы. Жанның да өз әсемдігі бар, оның кербездігі – істелген қылықтың тартымдылығы жүректі рахатқа бөлейді. Ол жұрттың бәріне берілмеген, бұл рухтың ұлылығына байланысты. Оның алғашқы белгісі жаратпайтын адамы туралы жақсы пікір айту.
6. Ойын: «Мен қандаймын..? Ол қандай..?»
«Ол қандай?» деген сұраққа жауап беру үшін отырған оқушының бойындағы жақсыф қасиеттерін айтып беру.
7. Дәйексөз

Кісіге екі дүниеде пайдалы –
Ізгі іс немесе мінезі түзулік.
Екіншісі – ұят, үшіншісі – әділдік.
Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады.
Ж. Баласағұни
8. Есіңе сақта
Ұлағатты сөздерді оқып, олардың мәнін түсіндір.
Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады.
Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты.
Әл-Фараби
Мінез-құлық – әркім өзінің кейпін көрсететін айна.
И. Гете
Сенім әдет болып қалыптасқанда ғана мінезге айналады. Тек әдет арқылы адам өз мінезін қалыптастырып, ойы іске айналады.
К.Д.Ушинский
Өзгермейтін, түзелмейтін мінез болмайды. Сондықтан бір жарамсыз қылықты ақтап, аршып алу үшін мінездегі кемістікті сылтау ету бос сөз. Адам өз мінезіне өзі жауапты. Б.М.Теплов
9. Шығармашылық жұмыс
«Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында эссе
10. Үйге тапсырма
Сурет салу.
1 топ «Адамгершілігі мол адам»
2 топ «Мейірімді адам»
11. Қорытынды

Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы жақсы мінез-құлық, жақсы әдет, жақсы әдептен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі-өнегесімен, ата-әжеңнің берер үлкендік, ақсақалдық тәрбиелерімен бойыңа сіңеді. Мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді.

Оны саралап, таңдап, бағалап, байыптап, өзіңе керегін ала білу, жақсылыққа үйреніп, жамандықтан жирену өзіңе байланысты. Жақсы адам боламын, өмірде мақсатымиа жетемін десең бойыңдағы қасиеттерді ізгілендіріп, адамгершілікке ұмтылған жөн.

12. Жүректен-жүрекке
Тәуелсіздіктің тағдырын бізге тапсырып,
Бабалар кеткен ұрпаққа тілеп жақсылық.
Бақытқа елді жетелейтұғын ынтымақ,
Бақытсыздықтан құтқара алмас бақсылық.
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.