Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Достық еліне саяхат

09 сәуір 2015, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының тақырыбы: Достық еліне саяхат
Мақсаты:
Оқушылардың қарым - қатынасын нығайту. Сынып ішінде ауызбіршілікті сақтауға шақыру.
Түрі: Психологиялық тренинг (Қарым - қатынасты коррекциялау)
Қажет құрал - жабдықтар: плакат, маркер, шеңбер.

Барысы:
І. Келісім шарт.
Оқушылармен тренинг ережелерін қабылдау: ағайды тыңдау, белсене қатысу, өз ойын жасырмай айту, т. б,

II. Амандасу
«Шаттық шеңбері»
Көтеріліп көкке күн,
Күлімдеді маған да,
Күлімдеді саған да,
Нұрын шашып баршаға.

- Балалар ең алдымен біз «ДОС» деген кім, «ДОСТЫҚ» деген не екенін анықтап алайық. Сендер өз ойларынды айтындаршы

III. «Бірлік»
Балалар шеңбер құрып, екі жақ көршілерінің қолын ұстап тұрады. Сол қалпында, жұдырықтарын ашпай шеңбердің ортасынан өту керек.

IV. «Менің досым?»
Балалар өз достары жайында әңгімелейді.
Оқушылар айтқан ойлары тренермен бірге талқыланады.

V. «Шағын лекция»
Енді, мен сендерге Дастан деген баланың басынан кешкен мына оқиғаны айтып берейін, тыңдаңдар.
Бірде Дастан әжесіне қонаққа келді. Аулаға шықса, сол ауланың балалары ойнап жүр екен. Олармен танысқысы келген Дастан, балаларға жақын келіп:
- Салем! Мен Дастанмын. Мен сендермен ойнаймын – деді.
Қалай ойлайсыңдар, балалар ойнайды ма? Неге?
- Балалар Дастанның өз - өзіне сенімді бұйыра сөйлегенін, менсінбеген түрін ұнатпай онымен достаспады. Ренжіген бала әжесіне келді. Ал, әжесі немересіне өзінің білетін әдеп сақтау құпиясын әңгімелеп берді. «Кеудеңді көтерсең, достарыңнан айырыласың». Бұл оқиға сендердің де естеріңде болсың.

VI. « Мен қолды таңдаймын»
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады.
Барлығы қол ұстасып, көздерін жұмып тұрады (тыныш ойналады).
«Тыңдаңыздар. Сіздер ұстап тұрған көршілеріңіздің қолдарына, оң қолыңыздағы қолға назар аударыңыз. Ол қандай? (кішкентай, нәзік, батыл, суық, т. б.) Бұл саусақтар қандай ақпаратты сізге беретінің тыңдаңыздар. Енді назарды сол қолға аударып, оны тыңдаңыздар. Енді көздеріңізді ашып, өздеріңіздің сезімдеріңіз туралы айтыңыздар, қолдарыңыз бір біріне тигенде не сездіңіздер?»

VII. «Сиқырлы кесе»
Қатысушылар қолдарын тізеге қойып, еркін отырады. Көздерін жұмып, терең және бірқалыпты тыныс алады. (баяу музыка ойнап тұрады)
- Көз алдымызға аппақ кеңістікті елестетеміз, барлық зейінімізді соған шоғырландырамыз. Сіз сол кеңістіктен бір кесені көресіз. Оны өзіңізге түске бояңыз. Тағы бір сол кесеге анықтап қараңыз. Енді кесені өзіңізге ұнайтын бір шырынға толтырыңыз. Оның жанына ойша басқа біреудің кесесің, бөтен бір кесені салып көріңіз. Кесе бос. Өз кесеңізден бос кесеге құйыңыз. Жанында тағы бір бос кесе пайда болды. Оған да құйыңыз. Қараңыз, тағы да бос кесе, тағы, тағы....... Бос кеселерге өз кесеңізден құя беріңіз, аямаңыз. Ал енді өз кесеңізге тағы да қараңызшы. Ол тағы да толып тұр! Оған не болды? Неге былай болады?
Егер біз біреуге бірдеңе берсек, ол бізге қайтып келеді. Адамға жақсылық жасап, оны сыйласақ, бізге де қоршағандар соның бәрін қайтарады.

VII. Рефлексия.
«Кешірім»
Балалар еркін жүріп, достарынан, ата - аналарына, мұғалімдерден ренжіткені болса кешірім сұрап, құшақтасу керек.
17 656
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дос және достық
Дос және достық
Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету
Педагогтарға арналған психологиялық жаттығу
Педагогтарға арналған психологиялық жаттығу
Бұл тренинг педагогтардың, тәрбиешілердің педагогикалық ұжымдастықты қалыптастыру. Педагогтардың бір - біріне деген қарым-қатынасты жақсарту, коммуникативтік дағдылану, эмоционалды тұрақтылық, өз-өзіне деген сенімділікті нығайту.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты
Достық торы тренингі
Достық торы тренингі
«Достық» торы тренингі
Адам өміріндегі эмоция рөлі және оның түрлері
Адам өміріндегі эмоция рөлі және оның түрлері
Мақсаты: 1. Балаларға әр адамның жеке тұлға, өзінше ерекше екенін ұғындыру.
Достық қымбат өмірде
Достық қымбат өмірде
Избасарова Раушан Тлегенқызы Солтүстік Қазақстан облысы, М Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×