Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады....

04 мам 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақ тақырыбы: Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады....
Мақсаты:
Оқушыларға 8 - наурыз туралы түсінік беріп, аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін, үмітін ақтап, есімін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Нақыл сөздер, шарлар, гүлдер.

Сабақ барысы
Кіріспе:
Мұғалім сөзі:
Наурыз күні - Ана күні, әлем күні,
Әлемді тебірендірер ана үні.
Анасыз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал, балаларым сендер мұны.

Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз «ана». Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгіленген. Ол 8 - наурыз мерекесі. Негізі 8 - наурыз мейрамының тарихы осыдан шыққан.

Негізгі бөлім:
Гүлім: 1908 жыл. 8 - наурыз. Көктем күні еді. Нью - Йорк жұмысшы әйелдері жұмыс уақытын қысқартуды, жалақыны көбейтуді талап етіп демонстрацияға шықты. Осы оқиғадан кейін 1910 жылы Копенгагенде жиналған социалист әйелдердің 2 - халықаралық конференциясы 8 - наурызды Халықаралық әйелдер күні ретінде мерекелеуге шешім қабылдады. Биыл 105 жыл толып отыр.
Дархан: Өмірде анаңнан артық адам жоқ, өйткені ол сені мәпелеп өсіреді, барын аузыңа тосады, дүниенің жақсысын саған сыйлайды, бар өмірін балаға арнайды. Түн ұйқысын төрт бөліп ақ сүтін береді. Сондықтанда еш бала өз анасын ренжітпеуі тиіс. Анасы бар адам бақытты. Ана деген кешірімді жан. Сенің барлық қылығыңды кешіреді, аяйды. Құрметті аналар! Сіздерді тағы да көктемнің мерекесімен құттықтаймыз!

Ән: __________________________________

Ажар:
Айналасына ас қатып,
Изенді көлдей шалқытқан
Қасын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан
Бұл кім? АНА

Асем:
Анам мені «айым» дейді,
Мен мұңайсам, уайым жейді.
Анам мен «күнім»- дейді,
Мен қуансам, күлімдейді.
Әйгерім:
Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қажылмай.
Қарақат:
«Жаным» - дейсің мені,
Жаратушым бір сен
Жалғыз өзің тегі,
Жанашырым білсең,
Бәрі: Айналайын, ана
Олжас:
«Құлыншағым» – деп мені
Құрақ ұштың дәйім
Қамқоршым - ау, сені
Бәрі: Айналайын ана!
Ажар:
Еркелесем күлімдейтін
Ұрысқанда білінбейтін
Маңдайынан иіскеп менің
Құлыншағым, күнім дейтін.
Мереке:
Тойға барсақ болғаны,
Есіңе мені аласың
Тәтті – тәтті тағамды
Маған сақтап қоясың.
Жалын:

Еркеназ:
Ата - бабам айтым кеткен о бастан,
Өмір - тірлік ұрпақтармен жалғасқан.
Деп айтыпсыз мен туғанда жан әке,
Өмірімнің онда мен өзегімін жалғасқан.
Балалықтың бал шағын анам маған сыйлаған,
Әлдиіне қуанып, бесік жырын тыңдаған
Қуат алып сіздерден болашаққа аттанамын,
Ата - анамның үміті Еркеназ қызы мен болам.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 752
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
8 наурыз мерекесі арналған сценарий
8 наурыз мерекесі арналған сценарий
Жүргізуші: Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі сөз - ана. Бала дүниеге келген күннен Бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер
Аялайық ананы
Аялайық ананы
Оқушыларға 8 наурыз туралы түсінік беріп, аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін үмітін ақтап, есімін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Қош келдің, әз - Наурыз!
Қош келдің, әз - Наурыз!
Балабақша тәрбиешісі: Шыңғысбекова Қундызай Сейтқадырқызы
Наурыз - жыл басы
Наурыз - жыл басы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы №3 орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі Танатарова Разия Нурымовна
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×