Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кітап-сарқылмас рухани қазына

07 қараша 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Қазалы ауылы, №100 орта мектебі
Авторы: Саулебаева Ләззат Шакиқызы

Сабақтың тақырыбы: Кітап – сарқылмас рухани қазына.
Сабақтың мақсаты:
а) Кітап – сарқылмас рухани қазына,- дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.
ә) Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
б) Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулықты құрметтеуге, күтіп ұстауға үйрету.
Сабақтың құрал - жабдықтары: Слайдтар, кітаптар.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Кіріспе.
3. Әдеби - монтаж.
4. Монолог.
5. «Кітап қалай жасалады?» Көрініс.
6. Кітап – рухани қазынамыз.(Кітапханашы сөз сөйлейді)
7. «Кітаптар мұңы» көрініс.
8. Кітап ұстау ережесі.
9. «Оқушы мен кітап» көрініс.
10. «Кітап емханасы» көрініс.
11. Қожанасыр қоржыны(Тапсырмалар орындау)
12. Қорытынды.

2. Кіріспе.
Мұғалім сөзі:
Бүгін мейрам, бізге үлкен мереке,
Тойлайықшы кітабыңды жыр ете.
Әрі ақылшың – рухани қазынаң,
Құнды байлық баға жетпес бұл өте - деп ақын жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз, өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтері де, талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтардың көзі – осы кітаптар. Рухани білімнің, мәдениеттің ауадай қажеттілігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес.

Адам баласы сол байлықтың көзін «Кітап» деген құдіреттен тапты. Ғылым мен техника, жоғары технология дамыған XXI ғасырда да бәрінің бастау алар қайнар көзі – кітап. Ендеше кітап біздің рухани қазынамыз дей келе кезекті әдеби - монтажға береміз.

1. Айман: Адамның досы – кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние мүлкі.
Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.

2. Айдос: Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған білім басы әліппеден.
Қарасаң шалқар теңіз, түпсіз мұхит,
Оқысаң кітап сырын алып неден.

3. Сәнім: Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын жанып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой - өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.

4. Оңталап: Түлекті тәрбиелер кітап – мектеп,
Өседі сол кітаптан бұлақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көктеп.

5. Жайнагүл: Кітаптар - бейне жапырақ,
Жырлайтын сырын өмірдің.
Оқисың кейде жаттап ап,
Көтеріп күйін көңілдің.

6. Аян: Айдың шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көл дерсің.
Ауадай қажет бейне бір,
Татпасаң нәрін шөлдерсің.

7. Нұржан: Кетпейді ешбір жадымнан,
Мектепке бардық күз айы.
Тастамай сені жадымнан,
Қолтықтап жүрдім ұдайы.

8. Дамир: Достарға толы маңайым,
Татулық тәтті бәрінен.
Ерекше сені санаймын,
Құшақтап жүрдім әлі мен.

9. Альбина: Елімізде атақты,
Ғалым ата не тапты?
Бәрін, бәрін білесің?
Оқи берсең кітапты.

10. Амантай: Бөбектерім оқы, ойна,
Оқу - білім саған пайда.
Кітабыңның шетін жыртып,
Сияменен бояп қойма.

Мұғалім: Оқы талмай, түй санаңа,
Сыр құямын, нұр құямын бойыңа.
Таза ұстап, оқы мені қастерлеп,
Бар білімді мен егемін санаңа - деп келесі кезекте «Кітап» монолог оқитын Назерке.

Мұғалім: Айдын шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көл дейсің.
Ауадай қажет бейне бұл,
Таппасаң нәрін шөлдерсің - деп келесі кезекте
«Кітап қалай жасалады?» көрініс. Орындайтындар: Ислам, Динара, Перизат, Назерке, Ғарифулла.

Мұғалім: Кітаптарды таза етіп сақтаған,
Оқырманға бар білгенін ақтарған.
Аянбайды әрқашанда ел үшін,
Кітапханашы ел үмітін ақтаған.
«Кітап – рухани қазынамыз», - деп жатамыз. Сол қазынамызды қорғап, қастерлеп, қазіргі балалар әдебиеті туралы библиографиялық шолу жасау үшін мектебіміздің кітапханашысы Алтынай апайға сөз береміз.(Кітапханашы сөз сөйлейді)

Мұғалім: Қыркүйек айында өзінің әдемі суреттерімен, небір төгілген асыл сөздерімен, қиын да қызықты есептерімен күлімдеп кеткен оқулықтарымыз мамырдың аяғында ренішпен, мұңды болып кітапханаға қайтатын оқулықтарымыз да бар. Енді сол оқулықтардан көріністер көрейік.
Көрініс: «Кітаптар мұңы» Орындайтындар: Ғарифулла - автор, Ислам - ана тілі оқулығы, Айдос - қазақ тілі оқулығы, Нұржан - математика кітабы, Оңталап - дүниетану кітабы.

Мұғалім: Міне, балалар, арамызда кітапты ұқыпты, таза ұстайтын және кітапқа ұқыпсыз қарайтын балалар да кездеседі
Кітап ұстау ережесі: (Слайд арқылы түсіндіріледі)
Мұғалім: Кітап жинап, түптеймін, жыртылмасын,
Мұқабасын бүкпеймін, қырқылмасын.
Таза болсын беттері, кірлемесін,
Көрген кісі кітабың кір демесін - деп
«Кітап емханасы» көрінісін тамашалаңыздар.
Автор - Жайнагүл, Мұғалім - Назерке, Дәрігер - Перизат,
Кітапханашы - Сәнім.

«Қожанасырдың қоржыны»(Қоржындағы сұрақтарға жауап беру)
Қорытынды:
Мұғалім: Кітапхана - кітаптардың ордасы,
Білсең кітап - нағыз жол басшы.
Біздің ғасыр білімділер ғасыры,
Деп айтқанды Нұсұлтандай Елбасы.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті жолдауында «Қазақстан әлемінің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан лайықты орын алу үшін өзінің мәдениеті мен ғылымын, білімі мен білігін, рухани байлығымен елімізді айдай әлемге паш ете білу керек»,- деген еді. Олай болса, құрметті қонақтар, Ұстаздармен бірге отырып балаларыңыздың кітап оқуға ынтасын арттыру мақсатында жұмыс істейік. Кітаппен дос болайық, кітапхана оқырмандары көбейе берсін!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
23 766
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кітап – асыл қазына
Кітап – асыл қазына
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Байқоңыр ауылы, «№17 Байқоңыр орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Абдибекова Айгуль Жанкараевна
Кітап – рухани қазына
Кітап – рухани қазына
Кітап – адам өмірінің таусылмас қазынасы дүниенің айнасы, ғылым – білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы досың. Кітап – адам баласының ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап қалатын, оны ұрпақтан
Кітап рухани - сарқылмас қазына
Кітап рухани - сарқылмас қазына
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беретін қазақ гимназия мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Саликова Елмира Мергенбайқызы
«Кітап – рухани сарқылмас қазына»
«Кітап – рухани сарқылмас қазына»
Қарағанды облысы Балқаш қаласы, №15 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдина Гульжазира Хайдаровна
Кітап − білім  бұлағы
Кітап − білім бұлағы
Тақырыбы: КІТАП − БІЛІМ БҰЛАҒЫ Мақсаты: Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
Кітап – білім бұлағы
Кітап – білім бұлағы
Х. Наубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сұлтанғалиева Күнсұлу Сәменқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×