Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдептілік – тәрбие бастауы

03 маусым 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
"Абай атындағы орта мектебі" ММ
География пәнінің мұғалімі Спанова Маржан

Әдептілік – тәрбие бастауы
Мақсаты: әдептілік туралы ұғым қалыптастыру, әдептілік, инабаттылық жайында оқушылардың ойын дамыту, қоғамдық ортада өзін - өзі ұстай білуге, ізгілікке, мәдениеттілікке, үлкенді сыйлауға, кішіге үлгі бола білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сыныпты безендіру, әдептілік туралы жазылған қанатты сөздер, интербелсенді тақта.
1. Ата - баба дәстүрі - әдептілік негізі;
2. Әдепті елдің баласы - алыстан сәлем береді;
3. Әдепсіз өскен баладан,
Тәртіппен өскен тал жақсы.
4. Тәрбиесіз бала білім ұғар ма,
Олай болса уысыңнан шығарма
Қатты тәртіп көрсе бала түбінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
5. Әдептілік ар - ұят
Тұрпайы мінез, тағы жат.
6. Татулық табылмас байлық.
7. Әдепті бала - арлы бала
Әдепсіз бала - сорлы бала.
8. Жаманға айтқан ақылың
Далаға атқан оқпен тең.
Әнұран айту.

1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар! Бүгінгі біздің "Әдептілік - тәрбие бастауы" атты тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Балалар бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз тақырыбынан көріп отырғанымыздай әдептілік, мәдениеттілік, ізгілік жайында болмақ. Әдепті болу деген сөздің мағынасы өте кең. Олай дейтініміз: адамның жасаған әрбір іс - қимылы, жүріс - тұрысы, сөйлеу мәнері, өзін - өзі ұстай білуі, мәдениеттілігі жайлы сыр сыр шертіп тұрады.
1 - жүргізуші: Достарым, адам бойында жақсы - жаман қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Біздің ата - анамыз ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз осыны түсініп, ата - баба салт - дәстүрін үйренеміз.
2 - жүргізуші: Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуымыз керек.

1 - жүргізуші: Атам менің әманда
"Әдепті жан бол" деген
Ата сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпей көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.

2 - жүргізуші: Балалар, сендер сәлемдесу түрлерін білесіңдер ме?
Ақжол: Қазақ тәрбиені амандасудан, есен - сау сұраудан бастаған. Кейбір егде адамдар "Ассалаумағалейкум" дегеннен - ақ кім екеніңді білдім деп жатады.
Бекзат: Біріншіден, сәлем берген кісінің даусының шығуын, сәлем беру ырғағын байқайды. Екіншіден, сәлем бергенде өзіңді қалай ұстайсың, Қалай тұрасың? Үлкендер осының бәріне де назар аударады, сынайды.
Данияр: Үлкеннің алдындағы сәлемің, басшымен амандасу, қол қысысың да бірталай нәрсені аңғартады: егде кісінің не жас баланың қолын қаттырақ қысып жіберсең, дөрекілігің бірден көрінеді.
Майра: Сіз амандасып болғанша, сәлем алушы үсті басыңызға қарап та үлгереді, киіміңіздің өзіңіздің жас мөлшеріңізге жарасымды, жарасымсыз екенінде байқайды. Олардың барлығында ой елегінен өткізіп, сен туралы ой түйеді.
Қарақат: Жалпы сәлемдесу мәдениеттің сырт көрінісі болып көрінгенімен, адамның ішкі мәдениетін де біраз өзгертіп тастайды. "Сәлеміңнен жаңылма", " Сәлемің дұрыс болсын" деген талаптың өзі - ақ сәлемдесу мәдениеттің адамгершіліктің белгісі екендігін анықтап тұрғандай.
2 - жүргізуші: Қазақта әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді, деген аталы сөз бар, өйткені сәлемдесу - кісіліктің белгісі. Сәлемдесу, амандасу адамның бір - бірінен ізет, сый - құрметін көрсетеді.

1 - жүргізуші: Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі - сәлемдесу.
2 - жүргізуші: Әдеп, адамшылық амандасудан басталады. Ақ сақалды атаны, ақ жаулықты әжені құрметтеу, жалпы өзіңнен үлкенге сәлем беру, алдынан кесіп өтпеу жас ұрпақтың қастерлі парызы екенін есте сақтауымыз керек.

Толық нұсқасын жүктеу
5 228
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдепті бала - ақылды бала
Әдепті бала - ақылды бала
Балаларға әдептілік жайлы мағлұмат беру. Әдепті болуға үйрету, ойлау қабілетін және шығармашылығын дамыту. Әдептілік әлеміне бару барысында балаларға әдептілік ұғымының мағынасын ашу. Адалдыққа, мейірімділікке кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Мен әдепті баламын
Мен әдепті баламын
Әдептілік – адам бойындағы ең асыл қасиет, әдепті бала ұқыпты, тілалғыш, шыншыл, қайырымды, еңбекқор, адал болады. Әрдайым таза жүреді. Автобуста үлкенге, жасы кіші балаларға орын береді.
Әдептен озбайық
Әдептен озбайық
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, "Аудандық көркемсурет лицейі" МКҚК - нің сурет және дизайн пәндерінің мұғалімі Абдикова Мирамкул Жуматова
Ізгілік – адамгершіліктің белгісі
Ізгілік – адамгершіліктің белгісі
Т. Амандосов атындағы орта мектеп. Ұйымдастырған: Кайрова А
Әдепті өмір сүруге үйрен
Әдепті өмір сүруге үйрен
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Самар ауылы, Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ибраева Гульжанат Ержановна
Әдептілік – әдемілік (тәрбие сағаты)
Әдептілік – әдемілік (тәрбие сағаты)
Жаңағұл Зәбида Сақтағанқызы Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев атындағы орта мектептің мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×