Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ата дәстүр-асыл қазына

08 қараша 2012, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы
№ 100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Қиятбаева Дана

Қазақстан Республикасының 20 жылдығы мерекесіне орай «Тәуелсіздік 20 шыңы – 20 жұлдызды күн» аясында өткізілгелі отырған «Ата дәстүр – асыл қазына» атты танымдық ойын сайысымызға қош келдіңіздер

Мақсаты: Халқымыздың ұлттық педагогикалық тәрбие негізінде алынған, ата – бабаларымыздың күнделікті тұрмыстың әр саласына қолданған, сөздердің мән – мағынасын ашып, оқушыларға таныстыру. Қазіргі кезде қолданысқа ене бермейтін атаулар арқылы оқушылардың ой - өрісін дамуға, дүниетанымын ұлғайтуға, ойлауға, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Мәнге толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы
Сәнге толы қазағымның тірлігі
Кіріп тұрса ынтымақ пен бірлігі
Әр жүректе бүршік жарып гүлдейді
Сезіміңді серпілтетін жыр – гүлі – дегендей бала тәрбиесіне жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі – қазақ халқы. Оның тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халықтың ғасырлар бойы жасаған зор еңбектерінің бір тамшысы ретінде ұлттық тәрбие ісіндегі сәбилік кезден ес біліп ер жеткенге дейінгі салт – дәстүр, әдет – ғұрып үлгілері мен өнегелерін бүгінгі ойын барысында білетін боламыз. Ойынға 2-3 сыныптың оқушылары қатысады. Ойын үш бөлімнен тұрады.

1-бөлім: Сен білесің бе? Деп аталатын 3 кезеңнен тұрады. Әр кезеңде үш ойыншыдан шығып, 30,40,50 ұпаймен берілген ұяшықтарды таңдап жасырылған салт – дәстүрге байланысты сөздердің мән мағынасын ашып түсіндіріп береді. Үш кезеңнен жоғары ұпай жинаған үш оқушы екінші бөлімге өтеді.

2-бөлім. Кім жүйрік деп аталады. Бұл бөлімде қазақтың киіз үйінің ішінде алты түрлі ұлттық бұйым берілген. Ұлттық бұйымдарды әр оқушы 2-ден алып, бұйымдарда берілген тапсырмаларды орындайды. Әр тапсырмаға дұрыс жауап, 5 ұпаймен бағаланады. 1-ші және 2-ші бөлімде аз ұпай жинаған оқушы осы жерден ойынды тоқтатады.

3-бөлім. Жұлдызды сәт. Қалған оқушыға кезек – кезек 10 сұрақ қойылады. Мүмкіндігінше тездетіп жауап беруі тиіс. Бұл сайыста білімділер ғана оза алады.

Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәдік шықты.
Білім мен топырақтың жырысыңдар
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты – деп сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ – қазылармен таныссақ.
1.
2.
3.
Біздер бұрын көрмеген
Салт – дәстүрім өлмеген
Үйренеміз дәріптеп
Заманымда өрлеген – деп ортаға «Сен білесің бе?» бөлімінің 1 кезеңінің сайыскерлерін шақырамыз.

Фарида – 2 сынып
Зарина – 2 сынып
Мейрамкүл – 3 сынып

Ал сайыскерлер сәттілік тілейміз. Ұяшық таңдау Фаридаға беріледі.
1- кезең тапсырмасы:
1. Өлшем бірліктер атауы.
30 - пұт 16 кг
40 - кез 50см
50 –көз ұшында 6-7 км
2. Ерлердің киім атаулары
30-тымақ. Ерлердің қысқы бас киімі. Оны аңның малдың терісінен тігеді. Осыған орай ол түлкі тымық елтірі тымақ, сеңсең тымақ пұшпақ тымақ деп атала береді.
40-ішік. Ішік сыпайы әрі сәнді, әрі жылы киім. Мұның сыртын берік матадан ішін аң, терілерінен құрайды.
50-шекпен. Шекпен тек қана түйе жүнінен тоқылатын жаздың сырткиім шекпенді матаны иіріп, оны өрнектеп тоқып шапан үлгісінде пішеді. Оған қалың матадан қайырма не тік жаға салады.
3. Үш санының қасиеті
30- 3 жұрт. Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт.
40- 3 қуат. Ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат.
50- 3 қуаныш. Алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, ісіңнің өшпеуі.

Құрметті әділ қазылар 1-бөлім бойынша көп ұпай жинаған оқушыны атап жіберсеңіздер. Қаруың білімің мен тілің сүйенішің тірегің ақылың болсын деген тілекпен 2- кезеңнің ойыншыларын ортаға шақырайық.
Аяжан – 2 сынып
Айзере – 3 сынып
Арсен – 3 сынып
Ұяшық таңдап Аяжанға беріледі.

2 кезең тапсырмасы
1. Ыдыс – аяқ атаулары
30- саба. Қымыз құюға арналған ел ішінде кең таралған кәделі ыдыстың бірі. Ол жылқы терісінен жасалады.
40- күбі. Малды ауылдың қысы – жазы пайдаланатын ыдыс. Бұған қызым, шұбат ашыған көже құйылады. Күбіні тұтас ағаштан үңгіп немесе арша талдың жұқа тақтайшаларынан қосып та жасайды.
50- шара. Қымыз құюға арналған ыдыс. Шараны емен, қайың сияқты қатты кепкен ағаштардан ойып жасайды. Оның іші шұңғып өзі дөңгелек жиегі тік болып келеді.
2. Төрт – түлік сөздегі
30- топай сиырдың асығы
40- атсейіс ат бабын білетін адам
50- жабағы жүн – қойдың көктемгі жүні

3.Төрт санының қасиеті
30- 4 маусым Көктем, жаз, қыс, күз
40- 4 мұрат. Дау мұраты біту
Саудагер мұраты ұту
Қыз мұраты кету
Жол мұраты жету
50- 4 қорлық. Шақырылмаған жерге бару, бейбастық сөйлеу, дұшпаннан жәрдем күту, сараңнан қажет сұрау.
Әділ қазылар келесі бөлімге өткен сайыскерлерді айтып жіберсеңіздер.

Бауырласқан тәніміз
Бұрылмаған антымыз
Кең даланың ежелгі
Қазақ дейтін халқымыз
Өзге ұлттай біздіңде
Бар дәстүр мен салтымыз – деп 3- кезеңнің оқушыларын шақырамыз.
Фариза – 2 сынып
Айжан – 3 сынып
Набат – 3 сынып

3 кезеңнің тапсырмалары
1. Айшықты сөздің астары
30- жылы – жұмсақ дәмді тәтті тағам.
40- ит өлген жер – алыс
50- тісқаққан айлакер
2. Салт – дәстүр
30- бастаңғы. Әке шешелері сапарға шығып кеткенде үйдегі жастардың жолаушылардың жолда басы ауырмасын деген ниетпен бас қосып ойын сауық құруы.

Осымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан жеңімпазды анықтау үшін әділ қазыларға береміз.
Қазақ аты береке, бірлік дер ем,
Қазақ осы бірлікті – тірлік деген.
Сахараға бүгінде шықты қазақ
Тәуелсіз бір тағалы жүйрікпенен

Бір ата, бір ананың түлегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам
Бірлік деп соқсын жүрегіміз – деп сайысымызды аяқтаймыз. Келіп тамашалағандарыңызға рахмет.
6 957
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата салтым – асыл мұрам
Ата салтым – асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы "Сам орта мектебі" ММ Бастауыш сынып мұғалімі Койшыбаева Баян Кипчаковна
Салт-дәстүрім таусылмайтын байлығым
Салт-дәстүрім таусылмайтын байлығым
«Сыңғырлау мектеп - балабақша кешені» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Р. Мамытова
Салтым – асыл қазынам
Салтым – асыл қазынам
Атырау қаласы, Жаңаталап селосы, Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Иманғалиева Ботагөз
Әже ұлағаты
Әже ұлағаты
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы Б. Аманшин орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Мукашева Лаззат Амангелдиевна
Тәуелсіздік таңы атты
Тәуелсіздік таңы атты
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің 8- сынып оқушысы Бақтыбай Бақтияр Мұғалімі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қамбарова Сағира Тәуелсіздік таңы атты.
Тақырыптық жоспар
Тақырыптық жоспар
Оқушыларға өз халқының мәдениеті мен этнографиясын таныту, насихаттау басты міндетіміз. Себебі, «тәрбие – тал бесіктен басталады» дейтұғын дана халқымыз қашанда дәстүрге берік болып, салтын сақтай білген.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×