Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ер есімі – ел есінде

18 тамыз 2015, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
ШҚО, Семей қаласы, Абай ауданы, Тоқтамыс ауылы,
"Ж. Молдағалиев атындағы орта мектебі" КММ тәрбиешіcі
Оразаева Гүлнұр Тұрсынқызы

Ер есімі – ел есінде
Мақсаты: Ұлы отан соғысының маңызы, халықтың Отан сүйгіштік қасиеті, қаһарман ерлігі мен еңбегі және бүгінгі егеменді еліміздің дамуы. Патриоттық сезімге баулу. Балалардың елін, жерін, Отанын сүюге, ержүректілікке тәрбиелеу.
Кіріспе әңгіме: 1941 жылы маусымның 22-нде гитлерлік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан опасыздықпен шабуыл жасады. Ұлы отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор болды. 1945 жылы 8 - мамырда Берлинде фашистік германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылы мамырдың 9-ында бұрынғы болмаған мың зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай келген еді. Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне бастады. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата - әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Жеңіс күні құтты болсын! Күндіз күлкі, түнде ұйқымыз тыныш болсын.

Қара бұлтқа оранбасын Күн көкте,
Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте!
Отанының бақыты үшін мерт болған
Батырларды есінде ұста, құрметте.
- Балалар соғыста қаза тапқан жауынгерлерге бір минут үнсіздік жариялаймын.
- Ерлікпен қаза тапқан ерлердің ескерткіштерінде бұл сөздер тастан қашалып, ойылып жазылған.

«Жеңіс» деген - жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы

- Балалар бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Осы сұрапыл шайқаста талай батыр апаларымыз бен ағаларымыз жаумен шайқасып ерлікпен қаза тапты. Ж. Молдағалиев, Қ. Қайсенов, Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, Төлеген Тоқтаров, Талғат Бигельдинов сияқты аты аңызға айналған, ағаларымыз бен әкелерімізді, апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті.
Бұл кісілердің есімі ешқашан ұмытылмайды. Кеңес одағының батыры атанған бұл кісілердің есімі мәңгі жадымызда сақталады.

Сергіту сәті:
Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын елге ашқан.
Тілегіміз - бейбіт күн,
Ашық болсын кең аспан.

- Балалар хормен:
- “Ешкім де ұмытылмайды,
- Еш нәрсе де ұмыт қалмайды”

«Жеңіс үшін жанын пида еткен әкелер мен ағалар, апаларға басымызды иеміз!»

- Балалар, Отан, батырлық, ерлік туралы мақал – мәтелдер жаттап үйренейік.
1. Отан үшін отқа түс, күймейсің.
2. Ер жігіт елі үшін туады,
Елі үшін өледі.
3. Батыр туса – ел ырысы,
Жаңбыр жауса – жер ырысы.

Ән: “Дос болайық бәріміз”

Тәрбиеші: Міне, бүгін балалар «Ер есімі – ел есінде» атты ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміз осымен аяқталды. Бүлдіршіндеріміз еш уақытта қиындық көрмеңдер. Ел тыныш, халқымыз аман болсын, бейбіт күніміз жарқын болсын. Әрқашан аспанымыздан күн сөнбесін.
6 025
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлы жеңіс жасасын!
Ұлы жеңіс жасасын!
Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру.
9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!
9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!
9 - мамыр Жеңіс күні - бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын
Ер есімі – ел есінде
Ер есімі – ел есінде
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жуманова Гулия Майрамбаевна
Елімнің есіл ерлері
Елімнің есіл ерлері
Тәрбие сағаты: «Елімнің есіл ерлері»
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №6 "Кеңес" орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жартаева Гульзира
Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты)
Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты)
Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты) Тақырыбы: «Ұлы жеңіс жасасын!» Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деге сйіспеншілігін арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×