Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің Отаным - Қазақстан

20 тамыз 2015, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылы,
М. Маметова атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Орынтаева Гульзайран Амангельдиновна

1 қыркүйек Білім күні

Тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан
Сабақтың мақсаты: мектеп табалдырығын жаңа аттаған бірінші сынып оқушыларына өркендеп өсіп келе жатқан Қазақстан Республикасының болашақ ту ұстар, елін, жерін қорғар азамат болып өсулеріне ықпал ететін ұлттық тәрбие беру. Ата Заңымыз бен Қазақстан Ассамблеясының 20 жылдығы туралы әңгімелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ (сұрақ – жауап, пікір - талас)
Көрнекілігі: Н. Ә. Назарбаев – суреті Астана, Алматы қалаларының суреті, ел рәміздері, тақырыптық суреттер, нақыл сөздер, кітапшалар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Құрметті оқушылар, келген қонақтар! Бүгінгі «Менің Отаным - Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Егемендігімен тәуелсіздігі жас мемлекетіміздің жаңа Конституциясын қабылдау оңай болған жоқ. Қазақстан үшін өндірістік қатынастардың жиынтығы болып табылатын экономикалық базисте, қатынастардың құқықтық негіздерін қайтадан қалыптастыру қажет болды. Сөйтіп Қазақстанда 1993 жылғы 28 қаңтарда құқықтық базаның іргетасы болып табылатын тұңғыш конституция қабылданды.

1 - оқушы
Көз қуанып күн сайын көркеміне,
Көңіліміз сенеді ертеңіне
Қазақстан – алып ел, төрі Астана,
Таңым ғана лайық ел төріне

2 - оқушы
Отаным - Қазақстан туған жерім,
Мұнаймен газ болады асыл кенім
Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан,
Артамыз елбасына үлкен сенім

3 - оқушы
Мен қазақпын, ұланымын қазақтың
Тәуелсізбін, егеменмін, озатпын
Көк байрағым тұр көгімде желбіреп
Алатаудай көкке өрлеген азатпен

4 - оқушы:
Желбірейді шалықтап
Қазақстан жалауы
Көкте қыран қалықтап,
Қанат қағып барады

5 - оқушы:
Көк аспанда нұрлы күн
Күлімдейді далама
Бақыт тілеп тұр бүгін
Ол барлық пәк балаға

6 - оқушы:
Ұлттық өрнек мұрамыз
Адастырмас мұраттай
Нық көтеріп тұрамыз
Жалауды біз құлатпай!

7 - оқушы
Бұлт баспасын күнімді
Тарылмасын өрісім.
Биік ұстау Туымды -
Қасиетті борышым

ІІ. Сұрақ – жауап ойыны.
1. Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
2. Қ. Р - ның астанасы қай қала?
3. Қ. Р - сында қандай ұлт өкілдері тұрады?
4. Біздің Елбасымыз кім?
5. Мектепке не үшін келеміз?

ІІІ. Қорытынды топпен жұмыс
1 - топ. Қазақстан Республикасының өзен - көлдерін бейнелейді.
2 - топ. Қазақстан Республикасының тауларын бейнелейді.
3 - топ. Қазақстан Республикасының болашағын елестетіп бейнелейді.
Достық бізге тым ыстық,
Бірлік – байлық, ырыс – құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса, жаса тыныштық
23 181
0
  • 80
2 дауыс


Жаңалықтар
Менің Отаным – Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан
Әрбір адамға өзінің отбасы ыстық болса, Отаны да адам баласына сондай ыстық.
Менің Отаным – Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан
Балаларға Қазақстан Республикасы туралы білім беру. Балалардың тіл байлығын, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту, туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Отбасы
Отбасы
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылы, М.Маметова атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Орынтаева Гульзайран Амангельдиновна
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Астана қаласы, «Көпбейінді колледж»МКҚК Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы: Айсариева П. А
Менің Отаным – Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ельжанова Баян Турехановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×