Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлы Жеңіс!

20 қыркүйек 2015, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ақтөбе қаласы,
К. Нокин ауылы,
Благодар орта мектебінің
мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі
Нұрлыгүл Шауқымқызы

Ұлы Жеңіс!

Сабақтың мақсаты: ҰОС - ы, оның Ұлы Жеңіспен аяқталғанына 70 жыл толу құрметін атап өту, оқушыларға Жеңіс шежіресі туралы мағлұматтар беру, ҰОС ардагерлері мен Отан үшін опат болған ерлердің есімдерін дәріптеу, балалардың бойында Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, буклеттер мен фотосуреттер, шарлар.

Сабақтың барысы:
- Армысыздар, бүгінгі салтанатты жиынымыздың қонақтары!
Өздеріңізге белгілі, тарих беттерінде алтын әріптермен жазылған ҰОС - ның аяқталғанына 70 жыл болды. Міне бүгін біз де Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойын осы өзіміздің тобымызда атап өтуді жөн көрдік. Өйткені, біздің алдымызда тәлім алып отырған кіп-кішкентай бүлдіршіндер - ертеңгі өсіп шығар азаматтар, біздің жолымызды жалғастыратын, болашақтың іргетасын қалайтын, егеменді еліміздің ертеңгі иегерлері. Кешегі өткен тарихты, ата - бабаларының елі үшін, жері үшін қасық қаны қалғанынша Отанын жауға бермеген көзсіз ерліктерін бүгіннен бастап біліп, бүгіннен бастап санасына сіңіріп өсулері қажет. Сондықтан мектепалды даярлық тобының 0 «в» сыныбында өткелі отырған «Ұлы Жеңіс жасасын!» атты шарамызды ашық деп жариялаймын.

Танымдық сағатымызға қатынасып отырған бүлдіршіндерімізді екі топқа бөлдім. Олардың бірі – «Көк байрақ» тобы да, екіншісі - «Қызыл жұлдыз» тобы.
Екі топ мүшелеріне қоятын сұрақтарым, беретін тапсырмаларым бар. Әр жауапқа бір ұпайдан беріледі. Қай топтың оқушысы сұраққа жауап берсе, топтарының атына сәйкес суреттерді жинақтайды. Нәтижесінде кімнің суреті көп болса, сол топ жеңіске жетеді деп есептейміз. Ендеше танымдық сұрағымызды бастайық:
- Соғыс деген не?
- Соғыс деген – зұлымдық.
- Соғыс деген – жамандық.
- Соғыс деген – қан төгу.
- Соғыс деген – жылаған бала.
- Соғыс деген – қираған қала.
- Соғыс деген – бұзылған үйлер.
- Соғыс деген – жаумен алысу
- Соғыс деген – өлім
- Соғыс деген - аштық
- Соғыс деген - аңыраған ана.
- Жарайды, жақсы жауап беріп жатырсыңдар. Сендердің жауаптарыңа мен мынадай тарихи мәліметтерді қоса кетейін:
Соғыс – бұл бейбіт елдің басынан жауған бомбалар мен снарядтар, соғыс - бұл 900 күн мен түн қоршауда қалған Ленинград, соғыс – бұл 1725 өртенген қалалар мен поселкелер саны, 70 мыңнан астам бүлінген селолар мен деревнялар, 32 мың жарылған фабрикалар мен зауыттар, 65 мың км қираған темір жолдар, бұл бір тәулікте жеген 125 гр. қара нан, ең сорақысы – 20 млн - нан астам өлген адамдар.
- Ұлы Отан соғысы қашан басталды?
- Ұлы Отан соғысы 1941 жылы 22 маусымда басталды.
- Соғысты кімдер ашты?
- Соғысты неміс фашистері ашты.
- Дұрыс айтасыңдар!

Толық нұсқасын жүктеу
7 357
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Мерекелік ертеңгілік 9 - мамыр - Жеңіс күні!
Мерекелік ертеңгілік 9 - мамыр - Жеңіс күні!
Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз кімдер еді? - Ә. Молдағұлова. М. Мәметова. Б. Момышұлы, Н. Әбдіров т. б.
9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!
9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!
9 - мамыр Жеңіс күні - бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын
Ұлы жеңіс - жасасын!
Ұлы жеңіс - жасасын!
Тақырыбы: «Ұлы жеңіс - жасасын!»
Отты жылдар жаңғырығы
Отты жылдар жаңғырығы
Тақырыбы: Отты жылдар жаңғырығы
Жеңіс күні
Жеңіс күні
Жеңіс күніне арналған мерекелік іс - шара
9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесі
9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесі
1 жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! Құрметті аудан тұрғындары! Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырған соғысты тұншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс деп, Ұлы Жеңістің 78 жылдық мерекесіне арналған салтанатты
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×