Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіл білгірі

20 қазан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Тіл білгірі» интеллектуальды сайысы

Мақсаты: Қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлеу дағдыларын әдебиет пәнімен ұштастыра отырып қалыптастыру арқылы өз тілін, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.
(Бұл интеллектуалды сайыс 7 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылады. Әр топ төрт - бес оқушыдан құрылады. Әр топтың аты, топ басшысы болады)
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 7 "б" сыныбы оқушыларымен өткізілгелі отырған «Тіл білгірі» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Қазақ тілі - өте бай тіл. Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден - ақ бағдарлап, сөз өнерін барлық өнердің басы деп санаған. Сөз өнері – халық даналығының жемісі. Әдебиет – халқымыздың рухани өмірінің айнасы, ана тіліміздің өміршеңдігінің, ұлттығымыздың, халықтығымыздың белгісі. Олай болса, бүгінгі сайыс барысында осы қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша оқушыларымыздың ой - өрісін, білімдерін, ақылы мен ептілігін сарапқа салатын боламыз.

Сыныпты топқа бөлу.
1 - топ: Мұқағали Мақатаев
Қалқам,
Мен Лермонтов, Пушкин де емен,
Есенинмін демедім еш кiмге мен,
Қазақтың қара өлеңі – құдiретiм,
Онда бiр сұмдық сыр бар естiлмеген.
Түзу - түзу тілінген таспадайын,
Қамшы өремін таспадан басқадайын.
Қаламасаң қамшымды аулақ жүргін.
Қараша үйдің есігін ашпа, ағайын!
Жат жерді жастанғанда жазатайым,
Қанымен жазды, мүмкін, ағатайым.
... Қасиетіңнен, қара өлең, айналайын,
Қазақтың дәл өзіңдей қарапайым.
Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып, өзіне қайтарамын...

2 - топ: М. Әуезовтің шығармасы
Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады.
Құрмаш қасында болғанда таяқ жемейді. Бірақ ер жете бастаған сайын бұдан иесі көз жазып қала берді.

Әлі күнге бір рет жадырап ойнап көрген емес. Татулық жоқ, суық. Жалғыз - ақ атын біледі. Құрмаш пен әжесі шақырса – келеді.
Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты. Жұрт асырауға көнеді десті. Кішкене Құрмаш «Көксерек» деп ат қойып алды.

3 - топ: Абай Құнанбаев
Өлең – сөздің патшасы сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп - тегіс, жұмыр келсін айналасы.
Ғылым таппай мақтанба,
орын таппай баптанба,
құмарланып шаттанба
Адам болам десеңіз.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!

Топты таныстыру.
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден - жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол - еңбектену, жалықпау, - дей отырып, сөз кезегін топ басшыларына береміз.
(Әділқазылармен таныстыру)
- Әділ қазы, ақ қазыға сәлем бер,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар, сайыстарда неше бір
Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл,- дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар:...

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 917
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Әдебиет көшбасшысы зияткерлік сайысы
Әдебиет көшбасшысы зияткерлік сайысы
Оқушылардың білім - білік дағдыларын қалыптастыру, әдебиет пәніне қызығу - шылығын арттыру Ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, ізденімпаздыққа баулу.
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл
Қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру.
Тіл, әдебиет білгірі
Тіл, әдебиет білгірі
Қазақ тілі – өте бай тіл. Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден – ақ бағдарлап, сөз өнерін барлық өнердің басы санаған. Сөз өнері – халық даналығының жемісі.
Қазақшаңыз қалай?
Қазақшаңыз қалай?
Қарағанды облысы, «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №24 орта мектебі»КММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оспанова Жанат Нуроллаевна
Қазақ тілінің білгірі
Қазақ тілінің білгірі
Павлодар облысы, Железин ауданы, Ш. Уәлихан атындағы жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шарипова Женисгуль Жанабаевна
Тіл білгірі
Тіл білгірі
Қарағанды облысы, Шет ауданы, "Қызылқой жалпы орта білім беру мектебі" бастауыш сынып мұғалімі Кадирбаева Бекзада Жаксыгелдыкызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×