Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Астана - жас қала

25 қазан 2015, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы,
"Малтабар орта мектебі" КММ – і
биология пәнінің мұғалімі
Мукашева Айнур Жакияновна

Сабақтың тақырыбы: Астана – жас қала
Мақсаты:
1. Еліміздің бас ордасы Астана қаласымен танысу;
2. Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін қалыптастырып, патриоттық сезім ұялату, Астана шаһары туралы ой - пікірлерін дамыту;
3. Еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: интерактивті тақта, плакаттар, нақыл сөздер

Барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Астанамен таныстыру
1 - оқушы: Астана - ҚР - ның астанасы. Қала 1832 жылы Есіл өзенінің жағасында, Қараөткелдің тұсында Ақмола бекінісі боып салынған. 1863 жылы Ақмола қала болып жарияланды. 1960 жылдың желтоқсан айында қала құрамына Қазақстанның солтүстік облыстары кірген тың игеру аймағының орталығына айналды. 1961 жылға дейін ол Ақмола, 1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград, ал 1992 жылдан 1998 жылға дейін - Ақмола деп аталды. Өзінің қазіргі Астана атауына қала 1998 жылы ие болды. Жер көлемі 77. 1 шаршы шақырым.
2 - оқушы: Ландшафтысы
Қала Қазақстанның солтүстік бөлігінде Есіл өзенінің оң жағасындағы құрғақ далалықта, бетегелі селеулі, сарғылтым топырақты жерде орналасқан. Жер бедері егістікке онша қолайлы емес. Астананы жергілікті жер бедері мен климатына үйреншікті ағаш, бұта түрлерімен көгалдандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде
3 - оқушы: Өзендері мен көлдері
Қаланың гидрографикалық жүйесі қала аумағын кесіп өтетін Есіл өзені мен оның болмашы, тартылып бара жатқан Сарыбұлақ пен Ащылы өзендері болып саналады. Өзен өз бастауын Қарағанды облысындағы Қазақ аласа шоқысының солтүстігіндегі Нияз тауының бұлақтарынан алады. Өзеннің бастауынан құяр жерге дейінгі ұзындығы 2450 шақырым. 1965 - 1970 жылдары қаланы сумен қамтамасыз ету және суармалы егістікті дамыту мақсатында қаладан 70 шақырым жер. Есіл өзенінің бойына Вячеслав ( қазір Астана) сыйымдылығы 410, 9 млн м3 су қоймасы салынған. Астанадан 25 - 30 шақырым радиуста сулары тұщы және ащы көлдер бар.
4 - оқушы: Климаты
Қаланың ауа - райы - тым континентті. Қысы суық, ұзақ, қарлы. Жазы құрғақ, ыстық. Қаңтар айының орташа температурасы - 17 - 190С, шілдеде +19+20 0С, абсолюттік төменгі температура - 520С, абсолюттік жоғарғы температура +420С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 280 - 300 мм. 140 - 160 күн бойы жерде қар жатады.
5 - оқушы: Халқы
Қала тұрғындарының саны 700, 8 мың адам. Оның ішінде қазақтар, орыстар, украиндықтар, татарлар немістер т. б. ұлт өкілдері бар.
6 - оқушы: Көлік
Астана Орталық Қазақстандағы автомобиль, әуе, теміржол жолдарының ірі торабы болып отыр. Көлік қатынасы жағынан жүктің және жолаушылар тасымалының негізгі көлемін қамтамасыз ететін автомобиль көлігі басты рөл атқарады. Қала тасымал жолының жалпы ұзындығы 2220 шақырымға жуық. 57 қалалық маршруттар бар. 5 мамандандырылған таксомотор компаниялары қызмет көрсетеді. Олар: «Экипаж», «Экипаж плюс», «Вираж», «Тұлпар мен Сантана» және бозэорға серіктестіктері.
Теміржол Астананы елдің барлық аймақтарымен және Ресей арқылы жақын, алыс шет елдермен байланыстырады. Қалпына келтірілген вокзал мен жүк терминалдары арқылы жолаушылар мен жүк тасымалы іске асырылады. 2003 жылдан бастап Астана - Алматы бағытында «Тұлпар» жүйрік пойызы қатынайтын болды. Астана әуежайы заманауи талаптарға, стандартқа сай жабдықталған кешен. Бұл оның ауа - райының қандай болмасын әуе кемелерінің барлық түрін қабылдауына мүмкіндік береді. Қазіргі заманға сай телекоммуникация саласы дамуда, байланыстың барлық түрлері бар.
7 - оқушы: Әлеуметтік сала
Астанада қаланы елдің ірі мәдени білім орталықтарының біріне айналдырып келе жатқан әлеуметтік сала қарқынды дамып келеді.
Жеке меншік және мемлекеттік жоғары оқу орындарының саны 14. Олар: Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақ мемлекеттік медицина академиясы, Қазақтың ұлттық музыка академиясы, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Қазақ гуманитарлық – заң университеті, Қазақ - Ресей университеті, Басқару институты, Қазақ технология және бизнес университеті, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті, М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы, «Тұран - Астана» университеті, Еуразия гуманитарлық институты.

ІІІ. Ән: «Астана - ертегім!»
Мектебіме барамын,
Таудай менің талабым.
Биік болып өссем деп,
Бәйтерекке қарадым

қайырмасы Сенсің менің ертегім,
Сенсің менің ертеңім.
Кереметі әлемнің – Астанам.

Көшелерін қаланың,
Аралаған баламын.
Адал болып өссем деп,
Ақордаға қарадым.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 299
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі
Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі
Астана туралы мағлұмат беру, елордамыз Астананың көрікті орындарымен таныстыру; отансүйгіштікке, Отанын қадірлеуге үйрету; ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу.
Арқа төсіндегі ару қала – Астана!
Арқа төсіндегі ару қала – Астана!
«Қазақстанның тарихында Астана ерекше орын алады. Тарихи деректер мен құжаттар қазіргі Астананың аумағын адамдар өте ерте кезден - ақ мекендеп келе жатқандығын аңғартады.
Астана – арман қала
Астана – арман қала
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ащы - бұлақ ауылы «М. Мәметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Бастауыш сынып мұғалімі Жиентаева Гулназ Маныбекқызы
Астана
Астана
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің 1 класс оқушысы Әділханова Дильназ Алмазқызы
Астана - елдің бірлігі, Астана - жердің кіндігі
Астана - елдің бірлігі, Астана - жердің кіндігі
Джандаралова Жанар Ахметқанқызы ШҚО, Күршім ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Астана
Астана
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×