Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің ата — тегім

02 қараша 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы,
Жыңғылды аулы, Есір Айшуақұлы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Тұяқбаева Сәулет Қуатқызы

Тақырыбы: «Менің ата — тегім»
Мақсаты: Оқушылардың ата тектері туралы мағлұматтарды бойына сіңіруіне, жеті атасы туралы ойларын ортаға салуға, олардың өз ата тектерін білуге тәрбиелеу.
«Сен білесің бе?» айдарынан оқушылардың жеті атасы туралы не білетіндіктерін білу және түсіндіру

Көрнекілігі: Нақыл сөздер «Әке көрген оқ жанар, Ана көрген тон пішер», «Аталы сөз — баталы сөз», «Тегін білген текті адам», «Жеті атасын білген ер, жеті елдің қамын жер».
«Ата қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер», «Әке асқар тау, ана ағып жатқан бұлақ, бала жағасындағы құрақ», «Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі».

Тәрбие сағатының түрі: Дөңгелек үстел
Типі: Сұрақ – жауап

І бөлім «Сен қай рудансың?» / руларын сұрау/
ІІ бөлім « Жеті атасын кім біледі?» /жеті ата туралы сыр шерту/

ІІІ бөлім «Сен білесің бе?» /сенің бойыңдағы қандай қасиеттің қай атаңа
ұқсаған?/ нағашы атаң, өз атаң

Барысы: Бүгінгі дөңгелек үстелдің мақсаты мен міндеттерін таныстыру. Дөңгелек үстел 3 бөлімнен тұрады:
Мұғалімнің сөзі: Құрметті де қадірлі ұстаздар, оқушылар және бүгінгі дөңгелек үстеліміздің қадірлі ата – аналары! Бүгін сіздер мен біздер болып тәрбие бағыттарының бірі болып саналатын гендерлік тәрбиеге байланысты «Менің ата тегім» атты тәрбиелік мәні бар үлкен іс – шараға келіп, қатысып отырсыздар!

Бұл дөңгелек үстелдің негізгі мақсатын айтып кетер болсам, бала тәрбиесіндегі жанашыр, бағбаны болып саналатындардың бірінші орындағы рөлі ата - ана! Сол ата - аналарды қатыстыра отырып балаларыңыздың өз ата тегін туралы не білетіндігі, сіздер тарапынан қаншалықты тәрбие бере алдыңыздар? Балаңыз жеті атасын біле ме? деген мәселелер төңірегінде өрбімек.
Олай болса, құрметті ата - аналар кешімізді сіздердің құрметтеріңізге жақсы әнмен бастасақ деп жөн көріп отырмыз кезекте ән «Анашым» орындайтын сыныбымыздың үздік оқушысы Хамит Аружан қабыл алыңыздар!
Жақсы әннен кейін бүгін негізгі тақырыбымызға көшейік.

І бөлім «Сен қай рудансың?» бөлімінде ата - анамен оқушылардың руы туралы әңгіме етпекпіз.
1. Тегімізге не жатады?
2. Сенің руың кім?
Келесі кезекте жақсы биге берейік, би «Аққу» би орындайтын Оңғарбай Әмина қабыл алыңыздар!

ІІ бөлім «Жеті атасын кім біледі?»
1. Балаңыз жеті атасын біле ме, сіз өзіңіз білесіз бе?
2. Сенің неше атаң бар?
3. Сен қай атаңа ұқсағансың?
Осы сұрақтардың жауабын тыңдап болсақ кезекті көрініске берсек

Көрініс «Ата мен бала»

«Сен білесің бе?» бөлімінде барлықтарыңызға ортақ сұрақ
1. Балаңыздың бойынан ата тегіне ұқсайтын қандай ұқсастықтарды байқайсыз, көресіз?
2. Бабалар, аталар айтқан асыл сөздерді өнеге тұтасыз ба?
3. Қандай баталы сөздер білесіз?
Көрініс «Нағашыңа ұқсаған екенсің?»
Кейбір бала тегінде атасы ұстахана ұстаған болса, соның кейбір қасиеттері немересінің немесе баласының бойынан табылады. Кейбір бала әнші болса, ол тегінде атасы немесе әжесі әнші болған деп жатамыз, баланың ақындық қабілеті болса, тегінде атасы сияқты ақын болар деп жатамыз. Міне осылардың бәрі тегінен шығып жатқандығынан болар.
Біздің ата бабамыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім — тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар.

«Тегін білген, текті адам», «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер», «Әке асқар тау, ана ағып жатқан бұлақ, бала жағасындағы құрақ», «Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі», «Әке көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер», «Аталы сөз — баталы сөз», «Аталар сөзі – тәрбие көзі» деген сөздер бекер айтпаған болар. Осы сөздері тәрбиелік мәні өтке зор.
«Мына бала жақсы екен кімнің баласы, тегі жақсы ау деймін бала негізінде тегіне тартады» деп жатады үлкен қария аталар. Сондықтан тегін айтылған сөз емес.
Тегін кім, кімнің баласысың деп те жатады. Міне осы сөздердің барлығыда аса зор мағына бар.

Қорытынды сөз:
Сонымен бүгінгі кешке қатысқан ата - аналар, ұстаздар мен оқушылар!
Кештен алған әсерлерінің мол болды деп айтуға болады. Өйткені ертелі айтылып жатырған сөздер, барлықтарыңызға үлкен әсер еткен болар. Жеті атамызды, өз тегімізді біліп жатсақ ол бізді тектілігіміздің белгісі деп білемін. Сондықтан бүгін дөңгелек үстеліміз өз мәресіне өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Енді араларыңыздан үлкендеріңіз өздеріңіздің ой пікірлеріңізді білдіріп, сөз алсаңыздар.

Бүгін дөңгелек үстеліміз осымен тәмәмдадым. Мектеп өміріне араласқандарыңыз үшін көптен – көп рахмет! Барлықтарыңыздың отбастарыңызға бірлік, береке тату - тәтті өмір тілей отырып, бүгінгідей отырыстарымыз атсалысып қатысып тұрыңыздар. Бала тәрбиесіне жақсы әсерін тигізетін осындай кештеріміз көп болсын! Ешқашанда шыққан тегімізді ұмытпай есте сақтап жүрейік деп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз!
31 874
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер
Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер
Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата - бабаларының тарихын білуі және оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы, сабақ алуы тиіс.
Жеті атаңды білесің бе?
Жеті атаңды білесің бе?
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі Матикова Роза Сариевна
7 - ні қосу және азайту
7 - ні қосу және азайту
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Дуйсалиева Айконил
"Ынтымақты отбасы" сайысы
"Ынтымақты отбасы" сайысы
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС - 12 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Тулебова Назира Джеткергеновна
Жеті қазынаның бірі
Жеті қазынаның бірі
Бекова Ақбота Токеновна Қарағанды қаласының №65 мектебінің дайындық тобының мұғалімі
Лексикадан өткенді қайталау
Лексикадан өткенді қайталау
Өткенді есте сақтап, тапсырмаларды сауатты орындауға баулу. Халқымыздың салт-дәстүрін. Жеті атасын білуге және өткен сабақтарды толық игеріп түсінуге тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×