Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мерекеңіз құтты болсын - мұғалім!

26 қыркүйек 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№ 100 орта мектеп
Көшербаева Г.Е.

«Шәкірт жанын аялайтын, ұғатын,
Мерекеңіз құтты болсын мұғалім»
1 - жүргізуші: Армысыздар ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар! Мерекелік жиынымызға қош келдіңіздер!
2 – жүргізуші: Жас ұрпаққа саналы білім мен сапалы тәрбие беретін ұлағатты ұстаздар мерекесі құтты болсын!
1 - жүргізуші: Абзал жан бар биік тұлға, байсалды,
Құшақ жая шәкірттері қарсы алды.
Бүгінгідей салтанатты шақта бір,
Мектеп басшысы құттықтайды баршаңды – деп құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Мамбетов Әлішер ағайымызға береміз.
2 – жүргізуші: Көктен жауын нұр сепсе,
Жайқалып шөптер көгерер.
Ерінбей ұстаз тер төксе,
Ел құрметіне бөленер – дей келе, құттықтау сөз кезегін ауылымыздың әкімі Дуланбек мырзаға береміз.
Сахнаға полицей, дәрігер, мұғалім, банкир, дизайнер, шәкірт шығады, барлық оқушы хормен:
Полицей: Мен полицей қызметкері,
Бастау алған тәртіппен.
Алда, озып келемін,
Ұстаз берген тәртіппен!

Дәрігер: Дәрігермін, жәрдем берер науқасқа,
Жақсылығым жақсылыққа жалғасса.
Бағаланса менің егер еңбегім
Қарыздармын мұғалімге әу баста

Банкир: Мен банктің басшысымын, қалада,
Бас иемін мұғалімдей данаға.
Тамсанамын, кейде қайран қаламын,
Үйретуден жалықпаған балаға.

Мұғалім: Ұстазым үлгі - өнеге ұлықтаған,
Жанашырға өзіңіздей жолықпағам.
Мен де, бүгін мектепте мұғаліммін,
Келіп тұрмын, құттықтауға ұмытпағам.

Дизайнер: Дизайнермін ұстаздан алған білім,
Сағынамын апайымның аяулы үнін.
Жинап келдім шоғымен қырдың гүлін,
Құттықтаймын ұстаздарды мен де бүгін.

Шәкірт: Шәкірттік парызым бар ақталмаған,
Көп түйген сырларым бар ақтармаған.
Жұп – жұмыр жүрегімде сәулеленіп,
Келеді бой көтеріп асқақ арман

Хор: «Ұстазым»
«Шәкірт жанын аялайтын, ұғатын
Мерекеңіз құтты болсын, мұғалім»
(оқушылар шығып кетеді)

1 - жүргізуші: Ұстаз деген ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған, имандар.
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің өр шақтарын қуғандар.
2 – жүргізуші: Өзі ұшырған қырандарын ұядан,
Іздейтұғын құздан емес қиядан.
Біз бәріміз берешекпіз ұстазға,
Ұстаздарды, ұстаздарды сүй адам.

1 - жүргізуші: Елестер сізді көрсем бала шағым,
Жүрсем де келтіріп мен, дала сәнін.
Кетсем де өзгелерден озып биік,
Әрқашан алдыңызда аласамын! – деп құрметті ардагер ұстаздар, сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілей отырып келесі әнімізді жолдаймыз. «Ұстазым» әні.Орындайтындар: Азамат пен Гүлнұр қабыл алыңыздар!
2 – жүргізуші:Дарындыққа, даналыққа үйреткен,
Ұстаз сіздің пейіліңіз қандай кең.
Сезіміңнен сенің асыл жел ескен,
Ұстаздарға бас иеміз құрметпен – дей келе бүгінгі мерекелік жиынымызда тұсауын кескелі отырған мектебіміздегі математика пәнінің мұғалімі Нұрымбетова Іңкәр апайымызға арнап, Қуандық Аиданың әнін қабыл алыңыздар!

1 - жүргізуші: Үлгі алып сізден шәкірттер,
«Ана» боп бізге кеттіңіз.
Алғысы шексіз түлектің,
Бас иіп сізге келеміз – деп кезекті әнге береміз.
«Қариялар азайып бара жатыр» орындайтын Мықтыбай Б.
2 – жүргізуші: Мұғалім ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгін тойыңда,
Арнайы саған бұл әнін.
Ән «Ұстазым» орындайтын Кәдірбай Перизат

1 - жүргізуші: Өнер сырын бағалайтын өренбіз,
Тәтті ойға батырады жалын жүз.
Биші – күйші апасындай болам деп,
Еліктейді мың бұралған биші қыз
Кезекте «Қара жорға» биі
2 – жүргізуші: Еңбегінің жемісі елден бөлек,
Өсіретін сан мыңды тәрбиелеп.
Қасиетті құрметті ұстаз атақ,
Қайнар қуат халқына берген көмек - кезекті әнге береміз «Аяулы ұстазым» әні орындайтын Муса Зарина

1 - жүргізуші: Мінезі майда, әрі кең,
Сөздері терең мәнімен.
Бастауын алған әріден,
Ұстазым қымбат бәрінен – деп келесі кезекті биге береміз. «Қазақ» биі,орындайтын Мықтыбай Б.
2 - жүргізуші: Жарқылдап мерекеде Мақсат ағай,
Гүлдей боп көзімізге басылардай.
Күтеміз өзіңізден ақ тілекті,
Ойымызға нұр болып қосылардай – деп құттықтау сөз кезегін ардагер ұстазымыз Мақсат ағайға береміз.
1 - жүргізуші: Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың.
Өмірде сенің алар орыныңды,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың – деп бүгінгі ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік кешімізді жабық деп жариялаймыз.
15 980
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұстазым - асыл қазынам!
Ұстазым - асыл қазынам!
Ұстазды ұлықтауға, қарттарды құрметтеуге, сыйлауға үйрету. ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Ұстаз – ұлы тұлға
Ұстаз – ұлы тұлға
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы, №98 орта мектептің мұғалімі Изтлеуова Замзагүл
Ұстаздық еткен жалықпас
Ұстаздық еткен жалықпас
Қызылорда аграрлық техникалық колледжі Топ жетекшісі: Айтпенбетова Г. Ж.
Алғашқы қоңырау!
Алғашқы қоңырау!
Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы, «Бейнеу лицейі» ММ мұғалімі Әжібаева Гүлназ Айтжанқызы
Ұстаз болу – дүниеге нұр шашу
Ұстаз болу – дүниеге нұр шашу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы, № 98 орта мектептің математика пәні мұғалімі Ешепетова Айгүл
Армысың, алтын ұя - мектебім
Армысың, алтын ұя - мектебім
1 - қыркүйек Білім күніне арналған «Армысың, алтын ұя - мектебім» атты салтанатты жиынның бағдарламасы Жүргізуші: Ерекше бүгінгі күн, салтанат сән, Тербетер әр жүректі бір әсем ән. Құлпырып шәкірттер тұр мектеп - ұстаз, Сағынып жыл құсындай қайта
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×