Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлы жеңіс ардагерімен кездесу

19 қараша 2015, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Ұлы жеңіс ардагерімен кездесу

Кіріспе
Ел өмірінде, жеке адам тағдырында терең із қалдырған, жүрекке салған жарасы әлі де жазыла қоймаған жағдай – Ұлы Отан соғысы. Жер бетін тып типыл етуге ұмытылған, аранын ашып, әлемге алақұйын жалын шашып, жан біткенді жалмауға жанталасқан зұлмат – екінші дүниежүзілік соғыс 1941 жылы 22 маусымда басталды. Соғыс уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін ешқандай сынға берілмейтін азап. Қиямет пен қырғын қан төгістен арылып, армандап жеткен жеңісімізге биыл 70 жыл толғалы отыр. Сондықтан осы жеңістің 70 жылдығы ашық аспан астында, бейбіт өмірде тойлағалы отырғанымыз үшін ардагер ата - әжелерімізге айтар алғысымыз шексіз.
Осы соғыста қаза тапқан боздақтарымызды 1 минут үнсіз тұрып еске алайық. (1 мин үнсіздік) рахмет отыра беріңіздер.
Адамзат жүрегіне айықпас жара салған екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, отты жылдардың елесі әлі күнге халық жүрегінен өшпейтіні белгілі. «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты тыл еңбек ардагерімен кездесуімізге қош келдіңіздер!

Бексұлтан:
Өмір өзі мінбесінен сөз берді,
Тебіреніп, толғанатын кез келді.
Қан төгісті көрмесек те кешегі,
Айтамыз біз естігенді сезгенді.

Нұрман:
Соғыс берді Аналарға жесірлік,
Дей алмаймыз «Санамыздан өшірдік»
Боздақтардың қаны судай төгілген
41 - де көрмеді жұрт не сұмдық.
Олай болса, Ұлы Отан соғысы туралы мәліметке кезек берейік.

Баян:
1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германияның Кеңес Одағына опасыздықпен басып кіргеніне биылғы жылы 75 жыл толмақ. 1418 күн мен түнге созылған сұрапыл соғыста біздің сан мыңдаған ағаларымыз бен апаларымыз Отан үшін отқа түсіп, қаншама боздақтарымыз сұм соғыстың құрбаны болғаны – ащы шындық. Олардың басым көпшілігі ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, халқымыздың ерлік рухын асқақтатты.

Толғанай:
Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан 1 млн 200 мың адамды майданға аттандырды. 630 мың Қазақстандық жауынгер майданнан оралған жоқ. 500 мың қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алады. Оның 100 - і қазақ. Қазақстандық 81 жауынгер Даңқ орденінің толық иегері. Оның 19 - ы қазақ. Кеңес Одағы Батыры атағын екі мәрте алған - Талғат Бигелдинов, Иван Павлов, Леонид Беда және Сергей Луганский.

Еркежан:
Қазақстанды Одақтық көрсеткіштен жеке алып қарағанда, соғысқа 1 млн 196 мың 164 жерлестеріміз аттанды. Яғни әрбір 5 - і қазақстандық. Еңбек армиясында 700 000 қазақстандық болса, 4 атты әскер, 12 дивизия, 50 түрлі полктер берген. 12 мың қазақстандық әскери оқуға жіберілсе, 27 әскери оқу орнында 16000 офицерлер даярланған. Сонда жіберілген адам ресурсының өзі 60 пайызды құрайды екен.

Толғанай:
Еңбектегі ерлік шеруіне келсек, Қазақстан майданға қорғасынның 85 пайызын, мыстың 30 пайызын, көмір мен мұнай өнімдерін де өндірді. Сол ауыр жылдары тылдағы еңбек адамдары 6 миллион тонна бидай, 797 мың тонна ет, 150 мың мініс жылқы берген. Сондай – ақ республикамыз 4 миллиард сом ақша жинап, әскери техникалар мен қару - жарақтар сатып әперді.
Ия балалар Барлығы Отан үшін! Барлығы Жеңіс үшін! Деген ұран мен ел басына күн туып, етегімен қан кешкен, ат басына күн туып, ауыздығымен су ішкен ауыр сын кезеңде біздің жерлестеріміз кешегі ортақ Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі, жер бетінде бейбіт өмір орнауы жолында кеуделерін оққа тосты, тылда қажымай еңбек етті.
Жеңіс үшін өмірін жастық шағын қиған тағдырдың ауырда азапты тауқыметінен өтіп, Отанға деген махаббатын от басып, су кешіп жүріп дәлелдеген ардагерлеріміз жылдан - жылға, күннен - күнге азаюда, олардың тірі қалғандары арамызда жүріп жеңістің тәтті дәмін татып жүргендері саусақпен санарлықтай. Бүгін міне ортамызда осы соғысты өз көзі мен көрген, жанымен сезінген, сұм соғыстың тауқыметін көрген тыл еңбеккері Қашқынбаев Каукербек атамыз қонақта.

Талшын: «Мен қарттарды сүйемін» өлең.
- Ата оқушылардың сізге сұрақтары бар. Соны қоюға рұқсат етіңіз.
- Ата ҰОС – тарих. Сол соғыстың бүгінгі көзі ретінде тірі куәгері мына сіздерсіздер. Кітаптан оқыған бір бөлек, ардагер сөзін тыңдаған бір бөлек. Осы соғысқа көзқарасыңыз қалай?
- Ерлік жайында не дер едіңіз?
- Бүгінгі жастарға көңіліңіз толады ма?
Ата жас ұрпаққа өз тілегіңізді айтсаңыз (Атаның сөзі)
Рахмет ортамызға келіп, ой бөлісіп, болашақ ұрпаққа айтқан тілектеріңіз үшін!
Әлия мен Мәншүк сыр бөлісуі. (Ақырын күй тартылады)

Әлия:
Біз сіздердей жаңа ашылған гүл едік,
Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.
Отан – ана отқа күйіп жатқанда,
Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.

Мәншүк:
Отан - ана жылағанда шерленіп,
Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық дедік те,
Қолымызға қару алдық ерленіп.

Әлия:
Отан деген сөз көкейде жатталып,
Зор айқасқа кеттік біздер аттанып.
Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым,
Біз сендердей арман гүлін таппадық.

Мәншүк:
Қатар тұрмыз, қатар жүріп келеміз,
Қатар жүріп, қырдан гүлдер тереміз.
Біздер өлдік өлмесін деп басқалар,
Бізді қайта туды Отан ел егіз.

Екеуі қосылып:
Жетсек деген арманымыз көп еді,
Бізді туған күнімізбен құттықтап,
Айтылған жоқ махаббаттың өлеңі
Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді,
Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз,
Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз.
Жанымызды құрбан еттік осылай,
Біздей ерте солмау үшін барлық кыз.

Ән орындалады: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»

Халқымыздың көрнекті ойшыл ақыны М Шаханов былай дейді:
Әр адамда өз анасынан басқа да желеп - жебеп жүретін құдіретті төрт анасы болу керек. Олар: туған жер, туған тіл, туған салт - дәстүрі және туған тарихы жататындықтарын көрсете келіп, Құдірет жоқ төрт анаға тең келер, қасиетті бұл төрт ана тағдырыңның тынысы, төрт ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы - дегендей Ұлы Отан соғысы – осы төрт ана үшін болған Ұлы күрес дегім келеді. Ата - бабамыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімізді алып, әлем таныған іргелі ел болдық. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз, Мәңгілік ел идеямыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз! Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыз бен сәбилеріміздің жылаған даусы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!
5 496
0
  • 60
1 дауыс


Жаңалықтар
9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!
9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!
9 - мамыр Жеңіс күні - бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын
Екінші дүниежүзілік соғыс
Екінші дүниежүзілік соғыс
Адамзат тарихындағы ең сұрапыл, қанды қырғын ошағына айналған екінші дүниежүзілік соғыс жайлы, фашизмге қарсы шайқастар мен онда ерлік көрсеткен батырлар жайлы деректерді өскелең ұрпақтың санасына сіңіруі үшін соғыс жайлы өткен тақырыптарды қайталау
Ер есімі – ел есінде
Ер есімі – ел есінде
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Шарипова Қарлығаш
Жеңіске жеткен ұлы күн
Жеңіске жеткен ұлы күн
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Накеева Ақмарал
Біз жеңістің ұрпақтарымыз
Біз жеңістің ұрпақтарымыз
Бастауыш сынып мұғалімі: Гулшат Акимова
Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты)
Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты)
Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты) Тақырыбы: «Ұлы жеңіс жасасын!» Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деге сйіспеншілігін арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×