Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ата салтым - асыл қазынам

20 қараша 2015, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда қаласы, №112 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Нұржанова Айнұр Зиядинқызы

6 сыныптарға арналған
Ашық тәрбие сабақтың тақырыбы: «Ата салтым - асыл қазынам»

Мақсаты: Ұлттық сананы ояту, тәрбиелеу, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Ана тілін, ділін, дінін, оның тарихын, мәдениетін, өмірін, кәсібін қастерлеп, салт - дәстүрін, рухани - мәдени мұраларын меңгеру.
Көрнекілігі: көрме, слайд

1 - жүргізуші:
Уа, ағайын, ұмытпа ата дәстүрін,
Баста әркез жақсы өнеге, жақсы ырым.
Қамқорлай жүр, тіл дініңді, салтымды
Жоғары ұста өз ұлтыңның асылын.

2 - жүргізуші.
Қарсы тұрғын қылығына жаманның,
Оң іс баста ақта сүтін анаңның
Ғылым үйрен, сәтті болар қадамың,
Шымда қыран елдік, ұлттық сананың
Арын ойла атаң, анаң, бабаңның,
Бірлік сақта жеткенімше шамаңның
Сөзін жатта, ұғын терең данаңның,
Ұлы болған мынау байтақ далаңның.

I жүргізуші. Жақсы ұрпақтың санасында туған халқына деген құрметтеуді, сүйіспеншілікті, ана тілін, дінін, тарихын, рухани - мәдени мұраларын құрметтеуге арналған қасиетті қара шаңырағымызда өткелі тұрған «Ата салтым, асыл қазынам» атты тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер.

Жауқазын:
Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.

Мұхамед:
Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт - дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.

Хансұлтан
Жиналыппыз, сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,
Гүл - гүл жайнап мына біздің төріміз.
Енді ортаға сыныбымыздың жезтаңддай әншісі Аралбайқызы Аягөзді «Тойбастар» әнімен ортаға шақырамыз

II жүргізуші. Қазақ даласының қазақ аулында кіндігіміз кесіліп, туған халқымыздың әдет - ғұрпын қалаудай қалап, дәстүрін жадымызға жылудай жинап, асыл тілін аманаттай ардақтайтын, дінін діліме тұмардай тоғып салтын санамызға сыбағадай сақтап, және солардың бәрі құрандай қастерлеп өсіп, ер жеттік. «Ырым етсең адал ет, жамандықтан аман ет» атты ырым - тиымдарға арналған көрініс.

Көрініс:
Әже: Ауылға қонақ келсе, ырыздығын ала келеді деген, кәне, келіңдер қазан көтеріңіздер.
Келін: - Ия, ене, біз қазан көтеріп, аз мәзірін дайындап та қойғанбыз!
Әже: Кәне, жиналып дастархан басына келіңіздер.
- Әй, Берік, Бекжан, Ислам кәне дастарханға келіндер! (қолын жуғасын, Берік қолын сілкіп қалады.)
Әже: - Бәріңе сабақ болсын, естеріңде жүрсін! Сен қолыңды жуған соң бірнеше сілкідің. Бұл өз ырыс - небісіңді төккенің, суыңды айналаға шашып, әдепсіздікке бөккенің. Жаман ырымды бастама, ақылсыздықты жұрт алдына тастама.
Бекжан бір қолымен нанды үзіп жейді де, үгіндісін тастайды.
Әжесі: Нанды бір қолымен үзу деген киелі асты қорлаумен бірдей. Ертеде халқымыздың ұғымында нан уағын тастама «обал» болады, «жеп қойсаң бай боласың» деп тәрбиелеген.
Бекжан: Әже, кешірерсіз енді қайталамаймын. Асыңызға рахмет!
Әже: - Ойбай мына пышағы түскірдің жүзі шалқасынан жатыпты ғой жөндеп қойыңдар. Ол кездейсоқ пәлеге ұрындырар.
(Осы кезде 1 бала төрде тұрған домбыраны ат қылып мінеді.
Келін: Домбыра қазақтың қасиетті дүниесі. Оны тарта алмасаң да, қадірлей біл. Өнерін қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын түсінбеген адам, тамыры шабылған ағашпен тең. Соны есте сақта!

1 - жүргізуші
Қазақ халқының салт - дәстүрі болашақтың айқын көрінісіне үлесін тигізеді. Сауатты да, салмақты, адамгершілік қасиеті мол жас ұрпақ салт - дәстүр, әдет - ғұрыппен өте тығыз байланыста.

Дамир:
Шілдехана – сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түкпірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып, сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы тиіс.

Марал:
Қырқынан шығару – бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнағы алынып, бесікке салу рәсімі орындалады.
Мөлдір:
Есімін атау (ат қою) – бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі.. Ат қою «көз тимесін» деген оймен қойылады. Ат таңдалғаннан кейін баланың құлағына 3 қайтара айтылады.

2 Жүргізуші:
Махаббат – бұл кішігірім той ретінде өтеді. Бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене бұршақ тәрізді тоқаштар өткізіліп, оны «тыштырма» деп айтады. Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады.

Нұрбек:
Тұсау кесер – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата - ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді.

Самырат:
Сүндетке отырғызылатын баланың құрметіне арналып той - думан жасалып, балаға ең әсем киімдер кигізіп, атпен серуендетеді. Сүндетке отырғызатын адамды ерекше құрметтейді.

2 жүргізуші:
Аружан:
Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі.
Шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады. Орамалдың теңге түйілген ұшын домбыраның мойнына не таяқтың ұшына байлап, жырау беташар жырын бастайды. Ол шаңыраққа жаңа түскен келінге ата - енесін, үй - ішін таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадір - қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына жеке - жеке сәлем жасатады.
Жәния:

Шашу, шашу, шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойда
Керемет рәсім жасайық!

Шашу — дәстүрлі қазақ қоғамындағы ұлттық әдет - ғұрып. Шашу бала туылғанда, тұсау кескенде, сүндетке отырғызылғанда, келін түскенде, күйеу келгенде, отау көтергенде т. б. қуанышты жағдайларға байланысты шашылатын құрт, ірімшік, өрік - мейіз, кәмпит жиынтығы. Шашуды, әдетте жасы үлкен әйелдер, әжелер шашады да, оны жастар, балалар теріп алады. Кейде тойдан тәбәрік ретінде үлкендер де алып, үйдегі жас балаларына апарып береді.
Ою - өрнектер
Ажар
Тасқа, сүйекке, ағашқа, қашап ойып, сол арқылы өзі көрген табиғи ортасын не ойын жеткізуге құштарлық атам - заманнан қалыптаса бастаған. Олар тектен - текке тумаған, өмір қажеттілігінен, тарихи қоғамдық болмыстан туып, халықтын тапқырлық ой - парасатын бейнелейтін өрнектер. Алаша, киіз, кілем, текемет, үй бұйымдары арқылы бізге жеткен ою - өрнектердің өз орны, өз мазмұны бар.
Ойларға сүйсініп,
Қайран қалып тұрасын.
Көре білсең түсініп
Одан көп сыр ұғасын,- дегендей енді солардың бірқатарына тоқталамыз. Сіздерге ою өрнектің бір түрін көрсетіп өтейік.
Қошқар мүйіз - Молшылық белгісі.
Малды бақсаң қойды бақ,
Қошқар мүйіз сүйектен.
Қос мұртыңды май бұлап,
Ет арылмас иектен. (ою қырқып көрсетеді)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 375
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет - бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі
Рухани жаңғырудың жарқын жолы.
Рухани жаңғырудың жарқын жолы.
Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Рухани жаңғырудың жарқын жолы
Рухани жаңғырудың жарқын жолы
Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Ата салтым – асыл мұрам
Ата салтым – асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы "Сам орта мектебі" ММ Бастауыш сынып мұғалімі Койшыбаева Баян Кипчаковна
Ата салтым – асыл мұрам
Ата салтым – асыл мұрам
№ 6 мектеп - интернат тәрбиешісі: Шынбергенова Мариям
Салтым – асыл қазынам
Салтым – асыл қазынам
Атырау қаласы, Жаңаталап селосы, Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Иманғалиева Ботагөз
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×