Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұстазы жақсының ұстамы жақсы

27 қараша 2015, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Жастарға сапалы білім беріп қана қоймай соны мен қатар тәрбиеде бере білу қажет. Қазақстанның болашағы жастарда. Жастардың болашағы, оқуда қандай жетістікке жететіні, өмірде қаншалықты табысты, іскер болатыны тікелей тәлімгерге байланысты. Президентіміз Н. Ә. Назарбаев білім мекемелеріне айрықша көңіл бөліп олардың материалдық - техникалық базасын заманауи қондырғылармен жабдықтау арқылы білім саласын дамытуға барлық жағдай жасап отыр. Оның барлығы білім саласын арттыруға, кәсіби шеберлікті нығайтуға, мұғалімдердің мәртебесін жоғарлатуға ықпал етеді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған. Жастарды мәдениетті, адамгершілігі мол, үлкенді сыйлай білетін, еңбекқор, ата - салтын, ана - тілін қастерлейтін, білім берген ұстаздарын әр қашанда құрметтеуге тәрбиелеу.

Тақырып: ''Ұстазы жақсының ұстамы жақсы''
Ашық тәрбие сағатының көрнекілігі: '' Ұстаз деген – ұлы есім'' атты газет, мақал – мәтелдер, нақыл сөздер т. б.
Ашық тәрбие сағатының барысы:
Құттықтау сөз: топ басшысына беріледі
Құрметті ұстаздар!
Сіздерді бүгінгі мұғалімдер күні мерекелеріңізбен құттықтай отырып, ұстаз деген ұлағатты қызметтеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз.
Жанұяларыңызды бақытқа бөлеп, шәкірттеріңізді білімнің биік шыңдарына жетелей беріңіздер!

Ұстаз деген – ұлы есім,
Ұқсасам деп жүресің.
Балаларың ұстазсыз,
Дана болмас білесің.

Еңбегі оның байқалмас,
Алғысыңды айт алғаш.
Күлімдеген ұстазсыз,
Білім гүлі жайқалмас.

Білім берген ұстазың,
Білсең кәусар бұлағың.
Ұстаздармен өмірде,
Өшпес мәңгі шырағың.

Білім қуған ел екен,
Елмен бірге берекең.
Құтты болсын, ұстаздар,
Қуанышты мерекең.

1 - Жүргізуші:
Сапалы білім беру - бәсекеге қабілетті қоғам орнату негізі - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев атамыз айтқандай. Білім жолы қиын да қастерлі жол. Болашақ жастарды оқыту, тәрбие беру, қазіргі өмір ағысына бейімдеу - ұстаз алдында тұрған ең басты жауапты міндеті.
Ұстаз міндеті - жас ұрпаққа сапалы білім беру, ғылымға баулу, саналы тәрбие беру. Шәкірттің жақсы болуы - ұстаздың айтқан сөзінде ғана емес, көрсеткен үлгісінде. Меніңше ұстаз, ұстаз болып танылуы үшін оған ең алдымен, үлкен білім мен білік, ұйымдастырушылық қабілет қажет.
Ұлы жазушы Ғ. Мүсірепов “жазушы жазуын қойған күні - өлгені”,- деген екен. Сол секілді мұғалім оқуын, іскерлік қабілетін тоқтатқан күні мектеп табалдырығын аттамаған дұрыс.

2 - Жүргізуші:
'' Ұстазы жақсының ұстамы жақсы'' - дейді халық даналығы. Жақсы ұстаздың баланың бақыты үшін, елдің ертеңі үшін атқарған еңбегінің маңызын сөзбен айтып жеткізу қиын. Жақсы ұстаз сөзімен де, көзімен де қаншама шәкірттердің көңіліне нұр құйып, оларды білімнің биіктеріне жетелейді. Осындай ұлағатты ғалым ұстаздарымызды бүгінгі мерекелеріңізбен құтықтай отырып, ән - шашуымызды сіздерге арнаймыз.

Ән ''Ұстазым''

1 - Жүргізуші:
Жас ұрпақтың болашағы ұстаздардың қолында
Дүниеге шыр етіп келген әрбір жан мынау жарық дүниені, тамаша тіршілікті сыйлаған Анаға мәңгілік қарыздар. Ал осынау өмірде көкірегі ояу, көзі қарақты азамат болып шыққаны үшін әрбір адам Ұстазға өмір бойы борыштар деп ойлаймын.
Ана адамға өмір сүру бақытын сыйласа, Ұстаз біздің бойымызға ғылым нұрын дарытып, көңіл қойнауыңда бұғып жатқан қабілет қасиеттеріміздің қайнар көзін ашады. Демек, өмірге ұрпақ әкелген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелеп жүрген ұстаздарды да солай құрметтеуге тиіспіз.

Күй '' Балбырауын'' орындалады.

2 - Жүргізуші:
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де, бәрі – бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан, ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Ұстаз сөзі - күн нұрына пара - пар,
Шәкірт оның әр сөзінен нәр алар, Ізгілік пен мейірімге толы ол, Шуақ болып жүректерге таралар.

Би ”Қуаныш биі” орындалады.

1 - Жүргізуші:
Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде көп мағына жатыр. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар бәрі - бәрі бір адамға қарыздар. Ол - ұстаз. Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Жан дүниеңді түсінетін, қиындық кезінде сүріндірмей құтқаратын ұстаз екені анық, өйткені ол диқан сияқты. Адамның жанына ақыл, білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін де табады. “ Ұстаз”деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін “Білім”атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайыңнан сипайтын адам.
Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш емес пе?
Сондықтан да ұстаздардың еңбегі - ұлы еңбек.

Ұлы Абайдың “ Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға ” деп айтуында терең мән мағына жатыр. Шынында да, ұстаз еңбегі - ұлы да ұлағатты еңбек емес пе?

Ән ''Қарлығаш'' орындалады.

2 - Жүргізуші:

“Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады ” деп айтқан данышпан Абай атамыз.
Ұстаз деген қасиетті адам бар.
Біле білсең, сенің екі анаң бар,
Бірі - сенің туған анаң болса егер,
Екінші анаң - ұстаз деген данаң бар.

Туған анаң болмас, ойнамас ең, күлмес ең,
Жарық дүние нұр сәулесін көрмес ең,
Ұстаз ана болмаса сен өмірдің,
Мәні менен мағынасын білмес ең.

1 - Жүргізуші:
Ұстаз – болашақтың анасы
Ұстаз ана - ақыл - білім анасы.
Жүзіндегі пәк мейрімді көргенде,
Әр шәкірттің оянады санасы

Құтты болсын, ұстаздарым, мерекең
Артсын сенің абыройың, берекең,
Осы күні ұлы тойды тойлайық,
Қуанышты, ұзақ болсын мерекең.

2 - Жүргізуші:
“Ұстаздан шәкірт озар”деген халықта дана сөз бар

Шәкірттерге арнау!

Қызықпа мол дәулетке көңіл бөлме,
Өмір - асу, жанталас, ұмтыл, өрле.
Шыңына шық талаптың серпіп қанат,
Білімсіз сәуле құшпас ешбір пенде!

Сендерсіңдер, жерге ие, елге қорған,
Халқың үшін барын бер, келсе қолдан.
Шар болаттай қайралып шыңдала түс,
Есейгенде кетпесін іште арман!

Хор “Менің Қазақстаным”

Ашық тәрбие сағатының қорытындысы: Химия кафедрасының аға тәлімгері студенттерге алғашқы студенттік күндерімен құттықтай отырып өткізілген ашық тәрбие сағатына өте жоғары баға берді. Болашақта өздерінің де жақсы ұстаз болатындықтарына сенім артты.
8 805
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұстаз деген ұлағатқа бас иеміз
Ұстаз деген ұлағатқа бас иеміз
Ұстаздардың қадір – қасиетін түсіндіре отырып, қазіргі заманда қоғам үшін еңбек етіп жүрген ұстаздарды таныту. Оқушылардың өлең шумақтары арқылы ой - өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту.
Ұстаздық еткен жалықпас Эссе
Ұстаздық еткен жалықпас Эссе
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар.
Алғашқы мұғалім
Алғашқы мұғалім
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі Сулейменова Гульмира
Ұстаздық – киелі де, мәртебелі мамандық
Ұстаздық – киелі де, мәртебелі мамандық
Ақтау қаласы, М. Әуезов атындағы №20 жалпы білім беру орта мектебі Беккожина Нуржамал
Ұстаз - мектептің жүрегі
Ұстаз - мектептің жүрегі
Сабақтың мақсаты: Ұстаздар күнінде оқушыларға ұстаздықтың қиын да қажырлы еңбек екенін білдіріп, ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге, еңбектерін бағалауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!
Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Жанзақова Рахия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×