Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Желтоқсан - ерлік тарихымыз

12 желтоқсан 2015, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Шығысы Қазақстан облысы,
Зайсан қаласы, М. Әуезов атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Байкадамова Айман Дубековна

Тақырыбы: Желтоқсан - ерлік тарихымыз
С\мақсаты: Желтоқсан оқиғасы туралы білімдерін кеңейту, елін, жерін сүюге, ұлтжандылыққа, Отанын сүйе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: 1.«Желтоқсан құрбандары» слайды
2. желтоқсан оқиғасы туралы бейнекөрініс
3. Ұран сөз жазылған баннер «Желтоқсан - тәуелсіздігіміздің бастауы, егемендігімізге негіз қалап берген сара жол»
Мұғалім: Тәуелсіздік дегенде ойымызға қандай сөздер келеді?
Балалар жауабы: (шеру, әскери адамдар, су шашқан полицейлер, мұз, аяз т. б.)
Мұғалім: Иә, дұрыс осы сөздеріңнің бәрі шындық.
Мұғалім: Тәуелсіздік - ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші - ең қадірлі күш. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды.
Тәуелсіздік күні - қазақтың жеке мемлекеттік жалауы, қалауы желбіреген тарихи күн. Бұл - еліміз үшін үлкен мәртебе.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Республиканы толық қамтыған саяси - әлеуметтік көтеріліс болды.
Желтоқсан жаңғырығы Алматы, Өскемен, Маңғыстау басқа да қалаларда жалғасып жатты. Иә, сол бір қанды шеру оқиға қалай басталып еді?
Желтоқсан оқиғасы туралы бейнекөрініс көрсетіледі.
1-оқушы:
Сол күндерді есіме мен көп алам,
Желтоқсанның он жетісі топ алаң.
Тоғышардың түсіне де кірмеген
Басталды бір сұмдық у - шу зобалаң.
2оқушы
Тұтқиылдан түскен суық мәлімет
Тарап елге дейді күшпен қабыл ет.
Жаңа алаңға қалың жастар қаптады
Қайда, қайда жариялылық әділет.
3-оқушы
Дүр сілкінді желтоқсанда қоңыр аймақ
Өйтпесе тілім қайтіп қанат жаймақ,
Ұран жазып, қып - қызыл ту көтеріп
Жастар шықты алаңға «Елім - айлап»
4 -оқушы
1986 жылы 17 желтоқсанда қазақ жастары «Әр Республикаға өзінің басшысы! Қазақстан жасасын! Езу мен қанаусыз еркін, ерікті даму үшін!» деген қазақ, орыс тілдерінде жазылған жазба ұстап, шеруге шықты.
5-оқушы
Алаңға шығып, ойын айтты жастарым
Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.
Содан барып, тоңы еріді кеңестің,
Содан кейін еркіндікті бастадым.
6оқушы
Желтоқсан - заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланы.
Желтоқсан - Қайрат, Ербол, Ләззат, Сабира
Құрбаны болғандар жаланың.
7-оқушы
8-оқушы
Желтоқсан оқиғасы Қ. Рысқұлбеков, Л. Асанова, С. Мухаметжанова, Е. Сыпатаев тәрізді батырлардың бар екенін дәлелдеп берді.
«Желтоқсанда үзілген жауқазындар» слайдын көрсету
Енді сол желтоқсан құрбандарын 1минут үнсіздікпен еске алайық.
9оқушы
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы
Лаула, лаула желтоқсанда мұзға жаққан алауы
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.
10-оқушы
Мұз жастанып азаттықтың жолында
Тәуелсіздіктің туы тұрды қолыңда
Жеңіп шықтың, бас имедің қасарып
Сойыл, таяқ ойнаса да басыңда.
11-оқушы
Отан үшін жанын қиды ұлдарың
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен ауырады жүрегім
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
12-оқушы
Тегеурінді соққыларды жайратқан,
Ақша қарға судай ақты қайнап қан.
Қайдан білсін қызбаланған ерлерім,
Айрыларын Сабира, Ербол, Ләззаттан.
Көрініс «Желтоқсанда үзілген жауқазын»
Автор: (Сабираның суретін көрсету) Сабира Өскемен қаласындағы бастауыш сынып мұғалімдерін дайындайтын оқу орнының студенті еді. Кешікпей Алматы қаласындағы желтоқсан оқиғасының жаңғырығы алыстағы Алтайға да жетеді. Студент жастар қала орталығындағы «Ушанов» алаңына шеру тартады. Олардың арасында әділет жолын іздеген алыстағы Алматы жастарының бейбіт шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдаған Сабира Мұхаметжанқызы да бар еді. Сабираның оқу орнына ата - аналарын шақыртқан үлкен жиналыс болады. Ақ самайлы, ақ сақалды әкесін көргенде Сабира намыстан жарылып кете жаздады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 646
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәуелсіздік – ата бабам аңсаған
Тәуелсіздік – ата бабам аңсаған
Жезқазған қаласы, №10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Батаева Зағира Карабековна
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» Қайраттың жазу дәптерінен
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» Қайраттың жазу дәптерінен
Сатпаев қаласындағы №4 мектеп - лицейінде бастауыш сынып мұғалімі Байжан Халқа Қалжігітқызы
Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың
Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың
О, кең дала! Ен қызыққа батқаның Шалқып толқып, бақытты боп жатқаның. Халқымыздың қуанышын молайтқан Егемендік сенің алып жатқаның.
Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы
Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Мұхамеджанов Мейіржан Оразханұлы
Желтоқсан боздақтары
Желтоқсан боздақтары
Желтоқсан туралы өлең
Тәуелсіздік - адамзаттың бақыты
Тәуелсіздік - адамзаттың бақыты
Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарақобда ауылы Қарақобда орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Раимкулова Анаргүл Есенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×