Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жеңіс күні - ұлы күн!

13 желтоқсан 2015, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы
«№7 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Темирбекова Ақмарал Жусипалиевна

Тақырыбы: «Жеңіс күні - ұлы күн!»
Мақсаты: оқушыларды Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтардың, жерлестеріміздің ерлік істерімен таныстыру, үлгі ету, батыр тұлғалар ерлігіне терең үңіле отырып оқушыларды Отанын, елін, жерін сүюге, қорғауға баулу, ерлікке, батыл болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сахна, ұрандар жазылған плакат, соғыс тақырыбындағы суреттер.

Сабақ барысы:
Мұғалім:
Бүгінгі ұрпақ - бақытты ұрпақ атынан
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
- Құрметті оқушылар, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны
(1 минут үнсіздік жарияланады)
1 - жүргізуші: Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем шуақ - 9 мамыр күні.

Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі,
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.
2 - жүргізуші: Жеңіс! Кім де болса жеңіс туған сәтті өз өмірінің ең бақытты күніне санайды.

1 - жүргізуші: Бүгінгі ашық тәрбие сағаты соғыс ардагерлеріне, қайтып оралмаған қаһармандарды еске алуға, бізге бақытты бейбіт өмір әкелген Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналады.

2 - жүргізуші: Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп.
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы 9 мамыр күні,
Алмастырған қуанышқа қайғыны.

1 - жүргізуші: 70 жыл - бейбіт көктем таң атқалы
70 жыл - шуақты күн таратты әнін
70 рет - көктемде сонан бері.
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

2 - жүргізуші: Жүрек біткен желпінсін, жүрек аттай
Сезім біткен серпілсін дамыл таппай!
Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқалмай
Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай.

Хор: «Бейбіт күні тілегі».
1 - оқушы: Жеңіс деген - жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

2 - оқушы: Жеңіс күні - адамзат аңсап күткен күн. Жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.
3 - оқушы: 9 мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
4 - оқушы: Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай самолетті, 3700 танкті, 50 мыңдай қару мен минометті шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерлерінің жалпы саны 5, 5 миллион адамға жетті. 5 - оқушы: Осы сұрапыл соғыста жауды талқандап Ұлы Жеңіске жетуге қазақстандықтар да сүбелі үлес қосты. Жүздеген мың қазақстандықтар қолына қару алып, өз Отанының намысы мен бостандығы үшін күресті.

1 - жүргізуші: Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.

6 - оқушы: Бейнеңізге бас иіп тәу еткенде
Ерік жігер дариды жүректерге.
Мәншүк пен Әлияның қасиеті ғой,
Қазақты бауыр етіп бір еткенде!

7 - оқушы: Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап, снарядтар қаққан ызың.
Қаптаған қалың жаудың тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.

8 - оқушы: Даламыздың даңқысын,
Балауса гүл, балғын қыз.
Жанын қиып, халқы үшін
Жанып түскен ақ жұлдыз.
Ән: «Мәншүк»

2 - жүргізуші: Халқымыз Мәскеуді қайсарлықпен қорғаған 28 Панфиловшы батырларды ғұмыр бойы құрметпен есте сақтайды.

9 - оқушы: Қасарысты жиырма сегіз,
Тынбай атты гранатты.
«Отан!» деген отты лебіз -
Жандарынан жалын атты.

10 - оқушы: Кетпес олар естен мәңгі,
Кектері тұр кеудемізде,- Ерлік даңқы – жеңіс таңы. Жарқыратып келді бізге.

11 - оқушы: Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 Панфиловшының 23 - і қаза тапты, 28 - дің 22 - сі – қазақстандықтар еді.

12 - оқушы: Теңдесі жоқ ерлігі үшін 500 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының батыры атағын алды. Олар - екі рет батыр атағын алған Талғат Бигелдинов, Н. Әбдіров, «шығыстың қос қанаты» Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Қасым Қайсенов, Бауыржан Момышұлы сынды ержүрек батырларымыз еді. Олардың ішінде біздің жерлестеріміз Қашаған Жаманғараев пен Рақымжан Тоқатаев аталарымыз да бар.

Ән: «Батыр бала Болатбек».

13 - оқушы: Бұл күн – талай жылдар бойы бейбіт өміріміздің бастауы болған күн. Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталған күн.
14 - оқушы: Бұл күн - фашизмді жеңген қаһарман халқымыздың мереке күні.
15 - оқушы: Бұл күн - осынау қуаныш үшін өмірлерін қиған боздақтарды еске алу күні.
16 - оқушы: Бұл күн – үйіне, отбасына, ата - анасына оралмаған аталарымыз бен ағаларымызды сарыла күткен сағыныш күні.
17 - оқушы: Бұл күн – сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтарының аспандайтын күні.
18 - оқушы: Бұл күн – әділеттің әділетсіздікті жеңген күні.
19 - оқушы: Бұл күн – бүгінгі ұрпақтардың сіздер сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күн.

20 - оқушы: Тыныштық тулары
Биікке самғасын.
Тыныштық ұраны
Қиырды шарласын. (Хормен)

21 - оқушы. Жасасын Жеңіс!
Еңбегі барлық солдаттың,
Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.
Қаншама адам ерліктер жасап майданда,
Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың!

22 - оқушы. Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.

Қорытынды.

1 - жүргізуші: Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағыңда жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс! Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық, түрегел!

Мұғалім: Бүгінгі өнеге сабағымыз халқымыздың екінші дүние жүзілік соғыста жеңіске жетіп, бейбіт заман орнағанының 70 жылдығына арналды. Жас ұрпаққа жеңістің оңай келмегендігі туралы, соғыстың қасіреті туралы айта келіп, бейбіт заманның қадірін біліңдер, Отаныңды сүйіп, өз еліңнің патриоттары болыңдар! – дейміз.

2 - жүргізуші: Осымен сіздерге арналған «Жеңіс күні – Ұлы күн!» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Елімізді қорғап, Жеңіс туын желбіреткен аға - апаларымызды ұмытпау ұрпақ міндеті.
3 303
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мерекелік ертеңгілік 9 - мамыр - Жеңіс күні!
Мерекелік ертеңгілік 9 - мамыр - Жеңіс күні!
Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз кімдер еді? - Ә. Молдағұлова. М. Мәметова. Б. Момышұлы, Н. Әбдіров т. б.
Ұлы Жеңіске - 70 жыл!
Ұлы Жеңіске - 70 жыл!
Атырау қаласы, №8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай балабақшасы. Ересектер тобының тәрбиешісі Гилажова Айгул Мауфихқызы
Жеңіс күні
Жеңіс күні
Жеңіс күніне арналған мерекелік іс - шара
Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады
Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады
Жеңіс күні де ару қаламызға келіп жетті. Өздеріңізді осы келіп жеткен Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге дендеріңізге саулық, шығармашылық табыс тілейміз.
9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесі
9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесі
1 жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! Құрметті аудан тұрғындары! Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырған соғысты тұншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс деп, Ұлы Жеңістің 78 жылдық мерекесіне арналған салтанатты
Жеңіс туы желбіре
Жеңіс туы желбіре
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы Т.Амандосов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Нургул Жалгасова Кулмановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×