Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Желбіре, Жеңіс жалауы

15 желтоқсан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Алматы қаласы,
Алатау ауданы, № 151 ЖББ мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Кадылбекова Аяужан Жалелдинкызы

Тақырыбы: Желбіре, Жеңіс жалауы!
Мақсаты:
- Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
- Көркем сөздерді өлеңдерді оқи отырып тілдерін, сөздік қорларын дамыту.
- Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыра отырып, туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Безендірілген сахна, слайд, шарлар, буклеттер, газеттер.

1-жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді соғыс ардагерлері, ұстаздар, ата - аналар, оқушылар. Бүгінгі "Желбіре, Жеңіс жалауы!" атты кешімізге қош келдіңіздер. Бүгінгі кешіміздің қонағы, осы мектептің басшысы, ел ағасы - Асхат Ошақбайұлына сөз береміз.
Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні
Жақсы үміттің шырағы жанды міне
Аспан бетін қаптаған қара тұман
Серпіліп зұлымдықтың сөнді түні

2- жүргізуші: Аз емес зар жылаған, егілген жан
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан
Кеудеге зілді қасырет салды соғыс
Қирады талай арман көңілге алған

Көрініс: Соғыс қасыреті /мұңды әуен ойнатылып тұрады/
Немересі: Әже, әже! Бүгін меннен бақытты адам жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді. (әжесін құшақтап еркелей күледі)
Әжесі: Талабына нұр жаусын, арманыңа жет балам! (маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады, әкесі жымиып, салмақты киіп те пышағын қайрап отыра береді, келіні ыдыс алып, келе жатып, радиодағы хабарды тығдап тұрып қалады).
Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4 - те Неміс фашисттері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабул жасамау туралы шартты опасыздықты бұзып, біздің еліміздің терреториясына басып кірді.
(Ән «Священная война», қолындағы ыдысы түсіп кеткен келіні жылап, бетін жабады).
Немересі:
— Аттан! — деді,
Ол қазір аттанады.
Жауынгердің ролін атқарады.
Неге бізге үмітсіз тесілесің?
Аттан, әке,
Жолыңнан кешігесің.
Кеудесінде жаны бар пақырларың,
Тауып жейді сенсіз де несібесін. (әкесін келіп құшақтайды)
Әкесі:
— (әкесі қолындағы бір жасар баласын қызына беріп тұрып)
Тыңда балам, тыңда күнім,
Болуға жара қолқанат.
Кәрі анам, сәби інің,
Барлығы саған аманат.
Әжесі:
— Оралсын аман жеріне,
Көріссін туған елімен.
Келің - ау көздей қалтаға
Топырақ салып беріп жібер.
Келін:
— (қалтаға салынған топырақты берген келін)
Кебін киген өледі,
Кебенек киген келеді.
Үлкен үйден дәм татса,
Кешікпей дейді келеді. (жарының соңынан жылап қалады)
/көрініс соңынан документальный фильм соғыс болып жатқаны/
Монолог "Соғыс деген"
1 - оқушы: Соғыс деген қайдан шықты
Авторы кім алғашқы
Есіл адам, есі кетіп
Оған неге жармасты
Бүкіл адам тарихының
Бетін неге қан басты
2 - оқушы
Соғыс деген - аққан соры ақсүйектің, құлдың да
Соғыс деген - төккен ары ұлдың және қыздың да
Соғыс деген - Сотқарлардың қолындағы найзасы
Соғыс деген, соғыс деген зұлымдықтың айнасы.
3 - оқушы
Бұлт торлады аспанды
Қара жер қанға ластанды
Зеңбірек атып жан - жақтан
Осылай соғыс басталды
4 - оқушы
Қиылды қанаты тәтті арманның
Үзілді қайырмасы бақтарда әннің
Әлемде ең сұмдық күн ана үшін
Майданға азаматтар аттанған күн
Бұлт басты, ашық сәні қашты аспанның
Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның
Анаға ең ауыр күн тіршілікте -
Боздап кеп, боздағынан қоштасқан күн.
5 - оқушы
Жабады дала төсін нала қайғы
Шын қайғы жас кәріге қарамайды
Қып қызыл көлдің бетін
Сұңқылдаған,
Аққулар қанатымен сабалайды
Долданып, майланып тасқын әні
Сай - сайды тастарымен бастырады
Селкілдеп, желкілдеген қамыс құрақ
Өкіріп өзен басын тасқа ұрады.
6 - оқушы
Бұлт түнеріп аспаннан
Талмай көзден жас тамған
Тұтқиылдан жау тиіп
Қырғын соғыс басталған.
1 - жүргізуші: Катюша әні барлық жауынгерлеріміздің жүрегіне жеңістің үмітін жақтырған ән. сондықтан бұл әнді құрметтеп, жақсы көреміз.
Би: Катюша
Көрініс: Майданнан келген хат.
Тыл еңбеккерлері жұмыс үстінде. Кәрі жасы қарамай, еңбек етуде. Пошташы хат әкеле жатады.
Бала: Хат келді апа, әкемнен хабар келді.
Пошташы: Жиналыңдар, хат алыңдар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 498
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
9 мамыр жеңіс күні сценарий балабақшада
9 мамыр жеңіс күні сценарий балабақшада
Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні, Жақсы үміттің шырағы жанды міне! Аспан бетін қаптаған қара тұман Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні!
9 мамыр Жеңіс күні
9 мамыр Жеңіс күні
Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Желбіре, жеңіс жалауы!
Желбіре, жеңіс жалауы!
Балалардың бойына жеңісті дәріптей отырып, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру. Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге тәрбиелеу.
Ер есімі – ел есінде
Ер есімі – ел есінде
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жаңатаң ауылы, С. Ешбаев орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Жақсыбаева Кенжегүл
Желбіре, Жеңіс жалауы!
Желбіре, Жеңіс жалауы!
Атырау қаласы, №9Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Байсейтова Қарлығаш Жолдасқызы
Желбіре, Жеңіс жалауы
Желбіре, Жеңіс жалауы
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×