Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

02 маусым 2016, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Алматы қаласы, Алатау ауданы,
№ 151 ЖББ мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Омарова Бахаргуль Камилжановна

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
“Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек, қасиет тұтуымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар – халқымыздың мақтанышы, біздің ең киелі құндылықтарымыз.”
Н. Назарбаев

1992жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Жоғары кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады

9 - бап:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.
Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт - санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін, еліміздің өткені, бүгіні мен келешегі арасындағы сабақтастықтың жарық бейнесіне айналған ерекше құнды белгілер.
Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы
Мемлекеттік ту ортасында 32 сәуле тараған күн бейнеленген, күннің астында қалықтаған дала қыраны бар көгілдір түсті тікбұрышты кездеме. Ағаш сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою - өрнек — алтын түстi.

Шакен Ниязбеков – Қазақстан Мемлекеттік Туының авторы және суретші. Ол 1938 жылы 12 қазанда Тараз қаласында өмірге келген.

Бiрыңғай көк - көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы
Рәмiздiк тұрғыдан Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбаның негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп - негiзi — отбасының бейнесi.

Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.
Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 096
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы
Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы
Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш
Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздігіміздің, егемендігіміздің ------ жылда жүріп өткен жолдарымен артта қалған тарихи белестермен таныстыру.
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне "Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз"
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне "Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз"
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 4 маусымдағы №3827 Жарлығына толықтырулар енгізіліп, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтетін болды.
Рәміздерім, мақтанышым!
Рәміздерім, мақтанышым!
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің мұғалімі: Берикова Бақытгүл
Қазақстан Республикасының рәміздері
Қазақстан Республикасының рәміздері
Қазақстан Республикасының рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні 2006 жылы 7 қаңтарда өзгертіліп, жаңа гимн қабылданды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×