Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балам менің болашағым

20 қараша 2012, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Балам менің болашағым»
Мақсаты: тренинг арқылы жәбірлеу мәселесі бойынша ата — аналарды ақпараттандыру және жәбірлеуді болдыртпайтын және алдын алатын мүмкіндікке әкелетін ата — ананың тәртібінің алгоритмін дайындау.

Міндеті:
• ата-анаға бала өз бала шағынан қауіпсіздік сезімімен өтуі керектігін естеріне түсіру;
• жәбірлеу туралы нақты ақпарат беру;
• ата-аналарға бала тәрбиесінде есепке алатын ескертулер ұсыну.
Қатысатындар: 4 сынып оқушыларының ата — аналары.
Көрнекіліктері:Интерактивті тақта,нақыл сөздер.
1.« Менің балам» сауалнамасы жүргізіледі.

Кіріспе сөз Құрметті, ата — аналар! Бала өз бала шағынан қауіпсіздік сезімімен өтуі керек. Шетел мамандары қауіпсіздіктен арылған, түрлі жәбірлеуден өткен балаларды «дамуға бейімделген» дап атайды. Мұндай қобалжулардың әсерлері қайтымсыз және өмір бойы өз септігін тигізеді. Мәселенің маңыздылығына байланысты «жәбірлеу» мен «баламен қатал болу» түсініктерінің мәнін анықтау қажет.

2. Тренинг ережесімен таныстырып,ата-аналарды топтарға бөліп отырғызамын
3.Ата — аналарды төмендегі сұрақтарға жауап берулерін сұраймын.
1. Бала тәрбиесіндегі қатыгездік дегенді қалай түсінеміз?
2. Балаға қатысты зорлық дегенді қалай түсінеміз?

5-7 минут уақыт беріліп, пікірлері тыңдалады.
Балаға қатал қарауда түрлі ұйымдар, мысалы, дін, сот, милиция, мектеп, психиатриялық емханалар, сонымен қатар туыстар болуы мүмкін.
Ересектер балаға қатал болады, егер:
1. Өз артықшылықтарын көрсетсе;
2. Балаға малай, құл ретінде қараса;
3. Балаға тікелей қатысты немесе оның тағдырына қатысты шешімдер туралы хабарламаса;
4. Әңгіме кезінде оның сөзін бөлсе.
Баланы жәбірлеудің келесі түрлерін ажыратады:
1. Физикалық жәбірлеу — ата — ананың, немесе, олардың орнын басатын тұлғалардың немесе, олардың тәрбиесіне жауаптылардың балаға әдейі физикалық әрекет жасау.
2. Психологиялық жәбірлеу — ата — ана немесе олардың орнын ауыстыратын тұлғалар тарапынан күнделікті күтімнің болмауы, осының нәтижесінде баланың көңіл — күйі бұзылады және оның денсаулығы мен дамуына қауіп төнеді, сонымен қатар баланы қорқыту.
3. Экономикалық жәбірлеу — баланың негізгі мұқтаждықтарын қанағаттандырмау немесе оның сауда құралы ретінде қолдану.

4. Ата — аналарға тақтадағы жағдаяттарды шешу ұсынылады.
а) 7 жастағы Дамирдің ақыл ойы жақсы дамыған, агрессивті емес, жиі сұрақтар қояды,үлкендермен пікір-таласқа қабілетті. Ертегілер мен ертегі кейіпкерлеріне қызықпайды. Бала өзінің сыныптастары мен құрдастарымен қарым-қатынаста қиындық көреді, қарым-қатынас жасағысы келмейді, сюжеттік-рөлдік ойындардан бас тартады. Оның отбасында тек интелектуалдық ойындар ойналады, пікір -таластарда бала тек фактілерге сүйенеді. Ертегіні сахнада көрген кезде, ол : « Қалай жануарлар сөйлей алмайды ғой?» -деп таң қалды. Ол баламен қалай жұмыс істеуге болады.

б) Анасы 5 жастағы Сәулені психологқа ақыл-кеңеске алып келді. Анасы психологқа « Сәуле анасын кішкентай қызға қызғана ма?» деген сұрақ қойды. Зерттеу нәтижесінде Сәуле анасын кішкентай балаға қызғанбайтынын көрсетті, бірақ өзі - өзі бағалауы жоғары. Сәуле екінші баланың туу себебінен өзіне деген аз көңіл бөлуді сезбеу үшін отбасындағы барлық адамдар оның тілектері мен еркелігін орындайды. Әр қимылы мен ісін мақтайды, жағымсыз қылықтары туралы пікірлерді тыңдамайды. Қияңқы әрі ерке болып өсіп келеді. Ол баланы қалай дұрыс тәрбиелеу керек?!
Шешімі:
1. Алған ақпаратты қабылдап, бала өмірінде жәбірлеуге жол бермеу.
2. Ескерту материалын мұқият оқып, жадында ұстау.

5.Ата — ана үшін ескерту
1. Өз балаларыңызбен сенімділік қатынасын сақтаңыз.
2. Отбасында бала кез келген мәселелерді, оның ересектермен қатынастарын қоса, талқылай алатындай арақатынастар жасау керек.
3. Балалар өз өмірлерінің құбылыстары немесе достары туралы айтып жатқанда, оларды мұқият тыңдаңыз.
4. Баланы жан қобалжуларымен бөлісуге ынталандырыңыз, бұл апаттан сақтаудың маңызды шарттардың бірі.
5. Сіз балаңыздың басқа балалармен немесе ересектермен қатынастарын білуіңіз керексіз. Бір — біріңізден еш нәрсе жасырмаңыз, себебі, балалар қатерлі жағдайларды жиі жасырады.

6.Егер сіздің балаңыз жәбірленгенін айтса, не істеу керек?
А) Оған сеніңіз.Ол басынан өткен жәбірлеу туралы өтірік айтпайды, егерде толқып, бүге — шүгесіне дейін айтса да.
Ә) Оған ұрыспаңыз. Себебі, жәбірленуші бөтен біреу, ал зардап шегуші — сіздің балаңыз.
Б) Оған түсіністік көрсетіп, оны мұқият және шыдамды тыңдаңыз.
В) «Қатерлі ешнәрсе болмады, барлығы да өтеді» деген сөздермен оның ауыртпалығын кемітпеңіз.
Г) Оған теріс бұрылмаңыз: егер ол сізге келіп, ұрыс, үрей және ашуға кезіксе, ол оған жәбірленуден де ауыр тиюі мүмкін.
7. Қорытынды

Шынына келсек, бала өмірі, — қобалжулар тізбесі. Бала бәріне тәуелді, ешнәрсеге құқығы жоқ, ересектер оны адамға санамайды. Ата — ананың есіне отбасының көңіл — күйі мен баланың сыртқы және ішкі жәбірлеуден дайындыққа әзірлігінің дәрежесі арасында тікелей тәуелділік бар екенін естеріне түсіремін. Айта кететін жайт, жасөспірімдер үшін референт топ құрдастарының мінез — қылықтары мәнді әсер етеді, сондықтан сіздің балаңыздың досы кім екенін білген маңызды.

Берілген шақтың тағы бір ерекшелігі — тыйымға әсерлері. Көбінесе тыйым теріс әрекетке әкеледі. Бала үндемей өз — өзіне, терең ойға батуы мүмкін. Сондықтан бұл кезде балалармен топтық қатынастар тиімді болып келеді, олар оқшаулану сезімінің келуіне және бала сезімдерінің тұрақтандырылуына әсер етеді. Әңгімемді ата — ана үшін ескертуді таратумен аяқтаймын.
16 637
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Ата - аналар жиналысының хаттамасы №2
Ата - аналар жиналысының хаттамасы №2
Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша ата - аналарға оқу бағдарламасы, оқулықтар, кітап, дәптермен жұмыс жүргізілуі туралы айтылды. Оқулықтарды таза ұстау, қаптап, күнделіктерін толтырып жүру тапсырылды.
Баланың балабақшаға бейімделуі
Баланың балабақшаға бейімделуі
Бала тәрбиесінде ата - ананың алатын орны ерекше екендігін түсіндіру; ата - ана бойына өздерін тәрбиеші ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.
Ата - аналар жиналысының хаттамасы
Ата - аналар жиналысының хаттамасы
Оқушылардың ІI тоқсан бойынша қорытынды бағаларын, оқушылардың пәндерге ынтасы мен қызығушылығын мәлімдеу.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты
Ата - аналармен ұйымдастырылған жиналыс - тренингтің жоспары
Ата - аналармен ұйымдастырылған жиналыс - тренингтің жоспары
Тақырыбы: “Бала бақыт бастауы, отбасы алтын діңгегі” Мақсаты: Студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуда ата - аналармен бірлесе жұмыстар жүргізу.
ОЖСБ-ға ата-ана көзімен
ОЖСБ-ға ата-ана көзімен
Ата - аналарға ОЖСБ туралы түсінік беріп, маңыздылығын баяндау, олардың ойларын білу. Пән мұғалімдерімен және дайындық күндерімен таныстырып өту. Және былтырғы оқу жылындағы ОЖСБ нәтижелерімен хабардар ету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×