Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен - Қазақстан болашағы!

16 қаңтар 2016, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
ШҚО, Семей қаласы,
№27 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі
Ахметкалиева Бакытгуль Нихыметоллаевна

Мен - Қазақстан болашағы!
(Сыныптан тыс сабақ)

Мақсаты:
Ел болашағы мен ертеңі шәкірт қолында екенін ұғындыру. Оқушы санасына халқына деген мақтаныш сезімін ояту; ана тілін, тарихын, өнерін қастерлеуге үйрету; патриоттық тәрбие беру. Ізденімпаздыққа, адамгершілікке, әдептілікке, білімпаздыққа тәрбиелеу; шығармашылық танымдық қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: лента, тулар, постерлер, слайд

Жүру барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Қонақтар барлығы АКТ залға кіріп отырады. Музыка ойналып тұрады. Мектеп туралы слайд көрсетіледі.
Кенет экраннан музыкамен бірге «Жаңалықтар» деген сөз шығады.

Журналист:
- Армысыздар! Сіздерге күндізгі жаңалықтарды ұсынамыз! Бүгінгі таңда қаламыздың білім ордаларының бірі № 27 жалпы орта білім беретін мектепте «Мұғалімнің кәсіби біліктілігі нәтижесіне бағытталған білім сапасының кепілі» деген тақырыпта бүкіл қала мектептерінің басшыларына арналған семинар өтуде. Семинарда мектеп, оқушы, мұғалім жетістіктерін ұсынумен қатар, түрлі ашық сабақтар беріліп жатыр.
- Ал, дәл қазір мектепте «Мен - Қазақстан болашағы!» атты сыныптан
тыс сабақ өтуде. Ендеше, бірге тамашалайық!
(экраннан сабақ тақырыбы шығады: «Мен - Қазақстан болашағы!»)
Мұғалім сөзі:
- Сәлем достар! Бүгінгі сыныптан тыс сабағымызды біз «Ғажайып алаң» ойынымен бастағалы отырмыз. Ендеше, ойын шартымен танысайық.
Ойын шарты(оқу):
1. Сұрақты мұқият тыңдап, ойланып жауап беру.
2. Бір - бірімізді тыңдау.
3. Жауап дайын болғанда, дайын топ туды жоғары көтеру керек.
1 - айналым:
Қазақ хандығына биыл қанша жыл толды?
Дұрыс жауап: 550 жыл
2 - айналым:
Қазақстан Республикасының рәміздерінің бірі Тудың авторы кім?
Дұрыс жауап:
Шәкен Ниязбеков
3 - айналым:
Қазақстан жер көлемі жағынан дүние жүзі бойынша нешінші орында?
Дұрыс жауап: 9
4 - айналым: Қазақ жерінің ең биік нүктесі?
Дұрыс жауап:
Хан тәңірі
Ақтық ойын:
Ұлы Абайдың туғанына неше жыл толды?
Дұрыс жауап: 170 жыл

Мұғалім:
- Жақсы, әр топта 2, 3 ұпайдан. Енді, үй тапсырмасына «Болашақ менің Қазақстаным!» тақырыбына постер және топ аты мен ұрандарын дайындау тапсырылған еді. Қай топта ұпай көп болса, сол топ өзін таныстырсын!

1 - топ: (топ атын, ұранын, постерлерін қорғайды)
Біздің топ: Қыран
Біздің ұран:
Постер қорғау:
Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген.
Намысын ешкімге қолынан бермеген.
- Біз постеріміз туған жеріміз Қазақстанға арналады. Бұл постерде 12 қанат киіз үй ретінде мектепті бейнеледік. Болашақта білімді біз 12 жыл алып, осындай сәулетті мектептерде оқитын боламыз.

Тұс – тұстан анталап, көз сүзген жаулардан
Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған - қазақ даласы өте кең байтақ.
Төрінде жерімнің байрағым желбіреп,
Тұп – тұнық аспаным тұрады мөлдіреп
Байрағымыз әрқашан көкте желбіреп тұратын болады.

Қазақтың тілері ата жол салтымен
Достасу, туысу әр елдің халқымен.
- Біз қазақ халқы әр халықтармен достық қарым - қатынаста өмір сүретін боламыз.

Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз,
Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз - келешекте елімізде жол кептелісі болмайды, өйткені аспан жолы салынып, көліктер аспан жолымен, ұшақтар сияқты жүретін болады.

Таныған жұмыр жер Алаштың баласын,
Қазақтың елі мен даңқты даласын - осылай қазақ елі дүниежүзіне жақсы жақтарымен таныс болады.
- Біз Отанымызға ән арнадық. Қабыл алыңыздар!
Ән: «Қазақ елі»
Орындайтын: Ақерке (слайд)
Мұғалім: - Екінші топқа кезек беріледі.
2 - топ: (топ атын, ұранын, посерлерін қорғайды)
Біздің топ: Жұлдыз
Біздің ұран: Ақылды біз баламыз,
Жарқылдаймыз жанамыз!!!
Постер қорғау:
Аружан:
Біз – Қазақстанның, тәуелсіздік Қазақстанның болашағымыз. Ел ертеңі – біздің қолымызда. Қазақстанның көркеюі, өркендеуі – біздің қолымызда. Сондықтан біз болашаққа біліммен, жетістіктерімізбен, жақсы тәрбиемізбен, өнерімізбен жетуіміз керек.
Міне, біздің алдымызда үлкен «Болашақ» шыңы тұр. Сол шыңға талмай, шаршамай нық сеніммен жетуіміз керек!
Нұрай:
- Күніміз ашық болсын!
- Жеріміз кең болсын!
- Ауамыз таза болсын!
- Суымыз тұнық болсын!
- Гүліміз жақсы өссін!
Жігер:
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!
Жас ұландар, берік ұста туыңды,
Жарқыратып туған елдің таңбасын - дегендей біз өз рәміздерімізді әрқашан ең биікте қастерлеп өтеміз!
Естай:
- Болашақта еліміз дүние жүзінің халықтарымен достық қатынаста болады. Сондықтан елімізде өзге халықтардың да баспана үлгілері салынады. Пайдалы қазбаға өте бай еліміз. Оны сақтайтын қоймалар салады. Өзге ғаламшарлықтармен де байланыс жасайтын болады.
Гүлім:
- Ендеше, Қазақстан туған жеріміз дами түседі.
Нұрай:
- Біз туған Отанымызға өлең арнадық!

Әдеби монтаж (слайд)
Естай
Отан!! Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Аружан
Құс ұясыз, Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды.
Өзін - өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға - сол қайғы!
Нұрай
Өзіңсің, Қазақстан, ән, арманым да,
Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.
Бір нәрсе жетпейді деу қате болар
Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.
Гүл дала – Қазақстаным.
Жігер
Керемет өріледі гүл өңірде өлең,
Кезің қандай өрік пен шие гүлдеген.
Жүрегіме сыйғызып бар бейнеңді,
Қалсам деп ем өзіңнің жүрегіңде мен.
Кең дала – Қазақстаным.
Гүлім
Керегі жоқ даңқ дейтін маған сөренің,
Жетер біраз есіңде қала алса өлеңім.
Халқым маған сенеді әлсіз демей,
Үйткені мен, туған жер, саған сенемін.
Жасай бер, Қазақстаным.

Мұғалім:
- Міне, бүгін Қазақстан туралы постер қорғап, ән - жырлар арнап жатырсыңдар туған өлкеге. Балалар, болашаққа қандай ұранмен барасыңдар!
Оқушылар хормен:
- Алау болып жанамыз,
Көкке қанат қағамыз!
Біз бақытты баламыз!
Біз – Қазақстанның болашағымыз! (лентаны жоғары көтереді)

Мұғалім:
- Республикалық 15 - ші Абай оқуларының жүлдегері, 3 орын иесі Закария Алия! «Мен жастарға сенемін!»

Ән: «Қазақстан» Қыздар триосы

Экраннан журналист шығады.
Журналист:
- Міне, осылай №27 мектеп ұстаздары бүгінгі таңда, Егеменді еліміздің дарынды ұрпақтарын тәрбиелеуде! Назарларыңызға көп рахмет!
6 028
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстанның болашағы – жастардың қолында «Болашақ» бағдарламасының степендиялары
Қазақстанның болашағы – жастардың қолында «Болашақ» бағдарламасының степендиялары
Қазақстан мемлекеті туралы алған білімін тиянақтау, мәтінмен таныстыру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Латын әліпбиі - ХХІ ғасырдың ғылыми және білім беру тілінің негізі
Латын әліпбиі - ХХІ ғасырдың ғылыми және білім беру тілінің негізі
"Рухани жаңғыруды" сипаттау, патриоттық сананы қалыптастыру. Таяу жылдарда атқарылатын қызметтер жайлы мәлімет беру. Латын әліпбиін меңгеруге шақыру. Рухани жаңғыру, латын әліпбиіне көшу – табысты ел болуымыздың кепілі екенін ұғындыру.
Кәсіптік қызметке өзіндік талдау
Кәсіптік қызметке өзіндік талдау
Әлемдік тәжірибеден белгілі жайт: мемлекет үшін білім беретін оқу орны – ғылым, білім және мәдениеттің тоғысқан жері, зерде биігі болып табылатындығы мектеп ішінде қайнап жатқан шығармашылық тұрғыдағы жұмыстардан байқалады.
Менің ұстаздық ұстаным
Менің ұстаздық ұстаным
Жеке тұлғаны дамытудағы толыққанды, парасатты, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар ожданы мол, еңбекқор, іскер азаматтың бейнесін қалыптастыру, ұлттың тілін, мәдениетін, өнерін, тарихын, әдет - ғұрпын,
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру
Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру
Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×