Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

30 қаңтар 2016, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Іле ауданы, «Ю. А. Гагарин атындағы
№16 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ.
Тарих пәні мұғалімі Еркебаева Г. М.

Тақырыбы: Мұқағали – мәңгілік ғұмыр.
сынып сағаты. «Арман» мәдениет үйі кітапханасы.
Мақсаты:
а) білімділік: М. Мақатаев өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру.
ә) тәрбиелік: отанды туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу
б) дамытушылық: оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту
Көрнекілігі: ақынның портреті, шығармалары, ақын туралы естеліктер, нақыл сөздер, буклет, үнтаспа.

Жоспары:
1. Кіріспе бөлім
2. Мұқағали мәңгілік ғұмыр. Ақын естеліктері.
3. «Поэзиялары» (Ақынның өлеңдерінің мәнерлеп оқу)
4. «Әсем ән мен көңіл күй» (Әндерін орындау)
Кітапхана безендіріледі. Ақ қайың, құстар, көрінісі. Көрме Мұқағалиға арналған естеліктер. Қабырға газеттері, альбомдар.
Камила: Қайырлы күн қадірменді достар!

Азим: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармаларына арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Камила:
Кезінде ақиық ақын М. Мақатаев:
«Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын», - деп қарапайым қазақтың қара өлеңінің жілігін шағып, майын ішті. Дегенмен, өзінің әділ бағасын ала алмай кеткен ақынның әділ таразысы халық болды. Оны күллі халық сүйіп оқыды. Мұқағали шын мәнінде, бір туар екенін халыққа таныта білді.

Азим.
Бүгін менің туған күнім
Ой, бәле - ай!
Мына адамдар неғып жатыр тойламай
Банкет жасап берер едім өзім - ақ
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей,
Құшақ - құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
«Мынау – шапан, мынау – атың, мін!» демей
М. Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Әкесі Сүлеймен осы өңірде колхоз ұйымдастырушы болды. 1941 жылы майданға аттанып, содан оралмады. Шешесі Нағиман қарапайым шара адамы еді.
Камила: Балалық шағынан – ақ ақын ерте есейді, еңбекке ерте араласты. Орта мектепті бітірген соң ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметінде болды. 1954 - 1962 жылдар арасында қазақ радиосында диктор болды, 1962 - 1972жылдар аралығында «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында білім меңгерушісі, 1972 - 1973 жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болып жұмыс істеді.

Азим: Мұқағалидің тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде басылды.
Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір поэзия. Ақынның «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Өмір - дастан», «Атамекен», «Райымбек» т. б кітаптары жарық көрді.
Камила: Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр.
Мұқаңның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналды. Ақын өлеңдеріне 100 - ден астам әндер жазылды.

Аружан:
Домбыра, жүрегіммен үндес едің,
Өзіңмен сырласымдай тілдесемін,
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,
өмірдің не екенін білмес едім.
Ән: Бақыт деген.
Орындайтын: Тынышбай Аружан.

Сәкен: Бүгінде ақынның ортамызда болмағанына налимыз, ал медет тұтармыз – алып ақынның өзінің көзіндей көрінетін өркеш - өркеш өлеңдері халқынан қалтқысыз бағасын алып, келер ғасырға керуен көшін сенімді түрде ұзатып барады. Азаматтық пен адамгершілікті асқақ мұраты санаған ақынның жүрек сырлары шынайы болмысымен, ақиқаттың алдында аласармаумен қымбат та құнды. Өлеңін оқиды

Хамза: Мұқағали – біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онды мен не жазам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мен өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем» деген екен. Өлеңін оқиды
Камила: Ендеше қашан да ақиқаттық ақ туын көтеріп, әділет пен адалдықты тең ұстаған ақынның ғажайып сырлы өлеңдеріне кезек берейік.

Нұржігіт:
Бабаларым, рахмет сендерге
Бабаларым,
Рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп көр кеуде,
Қобызыңмен ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде.
Бабаларым,
Рахмет сендерге
Жыраулардың жазбай кеткен жырларын,
Арулардың ашпай кеткен сырларын
Қорқыттың қорқынышты мұң – зарын,
Қобызыңның шанағынан тыңдадым.
Құлазыған сенің құла түздерің,
Не білмеген не көрмеген ізгі елім
Жазылмаған тарихымның жолдарын,
Ауызекі аңызыңнан іздедім
Мен білмеймін.
Басыңа әлде орнап бақ,
Шаһар салып, жасадың ба жаннат бақ.
... Әлдеқалай тасқа түскен таңбаны
Табынамын тарихымдай ардақтап.
Сыр ашпайды сенің құла түздерің,
Сыр ашпайды тау тастағы іздерің
Сенің бүкіл болмысыңның тағдырын,
Домбыраңның пернесінен іздедім.
Іздедім де сәттеріңде түңілген,
Тастап кеткен аңызыңа жүгінгем
Жүгінгем де, қайта туғам, тірілгем
Тарихыңды жазудамын бүгін мен,
Бабаларым сенің Ана тіліңмен!
... Менің мына қайта туған күнімде,
Сөйле, оркестр, дүрілде бір, дүрілде
Сөйле, Моцарт, менің Ана тілімде,
Сөйле, Данте, менің Ана тілімде

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 650
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кеш
Мұқағали - мәңгілік ғұмыр!
Мұқағали - мәңгілік ғұмыр!
Ақиық ақынның өмірінен мағлұмат беру, өлеңдерін мәнерлеп оқу, Мұқағали Мақатаев поэзиясының халыққа кең таралауына және оның шығармаларының сыры неде екенін таныту, ақын өлеңдерін оқи отырып, адамгершілікке, шындықты айта білуге, адалдыққа,
Өртеніп өткен өр тұлға
Өртеніп өткен өр тұлға
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев - қазақтың біртуар ұлы ақыны. Ол мың тоғыз жүз отыз бірінші жылы өзіміздің Райымбек ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Балалық шағы Ұлы Отан соғысымен тұспа - тұс келгендіктен, өмірдің қиыншылығын ерте көреді.
Мұқағали-мәңгілік ғұмыр
Мұқағали-мәңгілік ғұмыр
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебі Бастауыш сыныптар бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі: Көкен Гүлжамал Өмірзаққызы
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған
Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған
Ғасырлар тоғысында Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқушы жүрегіне ұялату, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Оқушыларды поэзияны сүюге, ақын жырларын, әндерін айта отырып, өз елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×