Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тума талант-тұғырлы ғалым

25 қараша 2012, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Шарапат Сейдахметова


Тақырыбы: Тума талант - тұғырлы ғалым
Мақсаты: Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Орынбек Ахметбекұлы Жәутіковтің өмірі мен ғылым жолында еңбектерімен таныстыра отырып, цифрлық баяндамасы, математик ғылымына қосқан үлесі туралы мағлұмат беру, болашақ математиктердің өз мамандығына деген қызығушылығын арттыру.
Түрі: Сұхбат
Барысы:
1-жүргізушісі: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқытушылар!
2-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, баянды елдің болашақтары, жас математиктер! Жаңашылдыққа жаны құмар жастар!
Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты.
Ақыл-ойлар әлемді арбап алды.
Математика ғылымдар патшасы атты
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.
Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,
Омар Хайям, Әл – Фараби жолын қуса,
Елімнің болашағы гүлденеді.
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.

1-жүргізуші: Фараби былай дейді: «Арифметика екі ғылымды біріктіреді: біріншісі – практикалық арифметика; екіншісі – теориялық арифметика». арифметика үш тарауды қамтиды:
1) сандардың бір-біріне қатыссыз жеке-дара қасиеттерін қарастыратын тарау (жұп және тақ сандар, кемел, жазық, т.б. сандар теориясы);
2) сандардың бір-біріне қатысты қасиеттерін қарастыратын тарау
(теңдігі, теңсіздігі, қатынасы, пропорция, өзара жай сандар, еселі сандар, т.б.);
3) сандарға амалдар қолдану. Геометрия ғылымның мазмұны мен пәнін ғылым төмендегіше тұжырымдайды.

2-жүргізуші: Ал, грек ғалымы Пифагор математикаға негізделетін құпия ілімнің негізін қалады. Ол сандардың барлық нәрсе екенін және математиканың көмегімен кез келген құбылысты түсіндіруге болатынын дәлелдеген. Ендеше Жәутіков жазған оқулықтары жайында М-Л-10 тобының студентіне Сералиева Райханға берсек.

1-жүргізуші: Математика кітап оқулығы баршамызға
Есеп-қисап, сан-цифр термек үшін.
Көрсетіп есептердің жолын қалап,
Келдім оларды айтып бермек үшін
Әркімнің өз бақыты талғамында
Қасиетті де, бойдағы арманы да
Дана халқым қабыл ал сәлемімді
Математика сүйер жас қауым алдарыңда!

2-жүргізуші: Гидростатика принципін ашқан Архимед аса көрнекті грек математигі болған ол П санының 3 ондық белгісін, сфера бетінің көлемі мен ауданын есептеп шығарып. Осы мақсатта жас математиктерге айтулы тұлғалардың бірі - ашқан жаңалықтарымен әлемге танымал болған математик Орынбек Ахметбекұлы Жәутіков туралы жан-жақты мағлұмат берсек деген ойдамыз. Сөз кезегін М-Л-10 тобының студенті Бұлдырықова Балғынға берсек.
1-жүргізуші: Негізгі ғылыми еңбектері қозғалыстың орнықтылық теориясына, математика, физика теңдеулеріне, дифференциалдық теңдеулердің шексіз жүйелеріне, теориялық және қолданбалы механикаға, математика тарихы мен оның методологиясына арналған.
2-жүргізуші: Қазіргі уақытта, ішінде үш физика-математика ғылымдарының докторы және бес кандидаты бар зертхана қызметкерлері шеттік және кері есептерді шешуге арналған дифференциалдық теңдеулерді зерттеудің сапалық әдістерін табысты дамытып және жасап жатыр. Ендеше алғашқы сөз кезегін тобының студенті берсек.

1-жүргізуші: Тілдесер табиғаттың тілі де, есеп
Көз тартар сұлулықтың сыры да, есеп
Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап,
Алдыңнан қалмайды екен тірі де есеп.

Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас,
Космос корабльі, атылған тас,
Аққан су, соққан дауыл, айналған жер
Бәрінің заңы есеп екені рас.
2-жүргізуші: Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы (1911-1989) – ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Оның негізгі ғылыми еңбектері қозғалыстың орнықтылық теориясына, математика, физика теңдеулеріне, дифференциалдық теңдеулердің шексіз жүйелеріне, теориялық және қолданбалы механикаға, математика тарихы мен оның методологиясына арналған. Сөз кезегін БМ-Л-09 тобының студенті Жәнәбілова Үмітайға берсек.

1-жүргізуші: О.Жәутіков - республикалық физика-математика мектебін ұйымдастырушылардың бірі. Бұл мектеп қазір Орынбек Жәутіковтің есімімен аталады. Ол республикамызда математик ғалымдарды дайындауда және математиканы насихаттауда көп еңбек сіңіріп, отандық математиктер мектебін қалыптастырды.

2-жүргізуші: Осындай тамаша кітаптардың авторы, дарынды математик Орынбек Жәутіковтің атында дарынды балаларға арналған физика-математика мектебі бар екені баршамызға мәлім. Осы мектепті жан-жақты зерттеген, Сөз кезегін топ студентіне сөз берсек.

1-жүргізуші: «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретіндіктен математиканы оқу керек» деп М.В.Ломоносов айтқандай, математика ғылымын сүйіп оқиық.
2-жүргізуші: Құрметті оқушылар! Сіздерді Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Орынбек Ахметбекұлы Жәутіковтің өмірі мен ғылым жолындағы еңбектері туралы толық мағлұмат алды деген ойдамыз, сөз кезегін топ студентіне сөз берсек.

1-жүргізуші: Кемеңгер ғалымның: «Қазақ халқы - талантты халық. Біз математика мен механикадан дүниежүзі ғалымдарының назарын аударуға тиіспіз»,- деген асқақ аманатын, ел болашағы –келешек жас ұрпақтар өз өміріне арқау етеріне сеніміміз мол.

2-жүргізуші: Сондықтан табиғаттың сырын терең,
Деушіге оқып, зерттеп білем, көрем,
Демесең болсын егер еңбегім еш,
Әуелі математиканы, үйрен дер ем!
Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтамастан ізденсе оның мұғалімдігі де жойылмайды. Қош, сау болыңыздар!
8 682
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Арифметика ғаламшары \сыныптан тыс жұмыс\
Арифметика ғаламшары \сыныптан тыс жұмыс\
Бастауыш сынып оқушыларын математика - жаратылыстану бағытындағы сыныптан тыс жұмыстар арқылы пәндерге қызығушылықтарын арттыру.
Математика – өмір сүру формуласы
Математика – өмір сүру формуласы
Тақырыбы: «Математика – өмір сүру формуласы» атты интеллектуалды ойыны.
“Миллион кімге бұйырады?” атты интеллектуалдық ойын
“Миллион кімге бұйырады?” атты интеллектуалдық ойын
Балқаш қаласындағы жалпы білім беретін типтік мектеп - интернатының математика пәні мұғалімі Баянбаева Айгул Нургалиевна
Тапқыр достар
Тапқыр достар
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 орта мектептің математика пәні мұғалімі Ахметова Мархаббат Жанайқызы
Омар Хайям
Омар Хайям
Омар Хайям Ойшыл ақын, терең философ, асқан математик
Тума талант-тұғырлы ғалым
Тума талант-тұғырлы ғалым
Қызылорда қаласы М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі Математика пәнінің оқытушысы Жұмағұлова Гүлназ Абдуллақызы Тақырыбы: Тума талант-тұғырлы ғалым Мақсаты: Оқушыларды физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Орынбек Ахметбекұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×