Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұстаз - ұлы тұлға

05 ақпан 2016, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы,
Ақжайық балалар саз мектебінің домбыра класс оқытушысы.
Кушеккалиев Е. А

Тақырыбы: «Ұстаз - ұлы тұлға»
Мақсаты: а) Оқушыларға Құбыш Әшімұлының өмірі мен шығармалары, шәкірттері жөнінде мағлұмат беру.
ә) Оқушыларды кішіпейілділікке, ұстаздарды құрмет тұтуға тәрбиелеу.
б) Баланың ойлау, тыңдау, өз ойларын жеткізе білу мәдениетін дамыту.
Әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау, т. б.
Көрнекілігі: Құбыш Мұхитовтың суреті, шәкірттерінің фотосы, т. б.

Жоспары: 1. Ұлы ұстаздың отбасылық өмірі,
2. Ұстаздары мен шәкірттері,
3. Жеткен жетістіктері.
4. Қ. Әшімұлына арналған тәрбие сағатына қорытынды.

Құрметті оқушылар, ұстаздар бүгінгі кешіміздің қонақтары!
"Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй", - деп, Абай атамыз жырлағандай
Күй төңірегінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының алғашқы түлегі, әйгілі ұстаз, кәсіби өнердің белгілі қайраткері, Жоғары мектепке еңбегі сіңген қызметкер, профессор, арамыздан күні кеше өткен атақты домбырашы Құбыш Әшімұлы Мұхитовтың өмір, өнер жолына сыр шертпекпіз. Олай болса, бүгін Құбыш Әшімұлы Мұхитовқа арнап отырған тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Елдегі әдеп – ел ділінде,
Ел демі – домбыраның үнінде.
Мәңгілік жасайды жыр, өнер
Жаңғырып анамның тілінде.
Алдарыңызда 1сынып оқушысы Сайинова Сайда халық күйі
«Жастар биі»
Қазақта Сіз дарасыз туа қалған,
Өнерде арманына қуат алған.
Бақыт, Қаршыға, Кәрима, Роза сынды,
Домбыраның тарландары дәріс алған.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» - дегендей Құбыш Әшімұлы «өнері» семьялы түрде ұрпақтан - ұрпаққа дәстүрлі жарасқан халық композиторы, әнші Мұхит Мералиевтің әулетінен тараған, музыкант Мұхитовтардың соңғы ірі қайраткері.
Мұхит бабамыз күміс көмей шәкірттерін қалдырумен қатар, артына әнші - күйші өз ұрпактарында қалдыра білді. Осындай ұрпактарының басы, немересі атақты күйші Қазақстан халық әртісі – марқұм Лұқпан Мұхитов болатын. Құбекең өз бабасы Мұхитты көрмесе де, домбырадан алғаш ұстазы болған, өз нағашы ағасы домбырашы - күйші Лұқпанның аяулы алақанында болып, Батыс Қазақстан өлкесіне сол кезде есімдері белгілі болған халық композиторлары Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Мәмен, Абыл, Тазбала, Қауен, Түркеш, Балабайсанның небір әсем сазды тәтті күйлерін естіп, тыңдап, әрі тартып өсті. Бала Құбыш күйге, домбыраға еліктеп, қызыға бастаған кезде, күйші нағашысы Лұқпан Мұхитовты 1934 жылы алматыда өткен халық өнерпаздарының 1 - ші слетіне шақырады. Осы орындаушылық талантымен көзге түскен Лұқпанды қазылар алқасы Алматыға қалдырады. Сол күннен бастап Лұқпан Мұхитов академик А. Жұбанов ұйымдастырғалы жатқан тұңғыш қазақ ұлт - аспаптар оркестрінің ірге тасын бірге қаласып осы оркестрде концертмейстірлік қызметте болады. Ендігі жерде Құбышқа домбырадан екінші ұстазы өз анасы Зейнеп Мұхитова үйретеді. Зейнеп апайда әнші, домбырашы ата өнерін жалғай білген ұрпақ. Ұлы Құбыш Әшім - ұлында домбыраға баулиды. Домбыраны алғаш қолына ұстатқан анасы Зейнеп, ұлының болашағынан зор үміт күтеді. Ана аңдаулы ақиқатқа ұласты. Құбыштың анасы Зейнепте 1935 жылы Алматыға келіп, Құрманғазы оркестріне орналасты. Сол жылдары оркестрдегі небәрі екі әйелдің бірі осы Зейнеп еді. Бармағынан бал тамған домбырашы өнер ұжымында жиырма жыл табан аудармай өнер көрсетті. Құбыш сегізінші сыныпты бітіріп 1943 жылы осы оркестрдің ең жас күйшісі болып қабылданды. Сөйтіп, анасы екеуі отызыншы жылдары жазықсыз кеткен ағаларының орнын ойсыратпай, өз таланттарымен оркестрдің күйін құйқылжытты. Алты айдабала Құбыш төре мектебінің атақты күйшісі Науша Бөкейхановтан 30 - ға тарта күй үйренеді. 1944 жылы Н. Бөкейханов өмірден өткеннен кейін 1 жыл дарабоз күйші Қали Жантілеуовтен сабақ алады, 1945 жылы консерваторияның 1 - курсына қабылданды. Консерваторияда домбырадан сабақ берген ұстазы Қазақстан халық артисі Лұқпан Мұхитов, Құбышқа домбыраның алуан – түрлі орындаушылық сиқырлы сырларын үйрете білді.
Оқушыларға сұрақ қойылады...
Консерваторияда оқумен қатар, әрі оркестрде жұмыс істей жүріп теориялық білімін практикамен ұштастыра білген Құбекең, сол кезден бастап қазақта бұрын - соңды кездеспеген Бас – домбыраны өз бетінше тартып үйреніп осы аспаптың ойнау ерекшеліктерін, дыбыс диапазонын, оның ұлттық музыкалық дыбыс бояуын т. б. музыкалық жақтарын зерттеумен шұғылданып жүреді. Консерваторияны ойдағыдай бітірген Қ. Әшімұлы тенор домбырамен бас – домбыра класы бойынша сабақ бере жүріп, осы аспаптар үшін арнайы оқу әдістемелік бағдарламасын жасап, орындау ерекшеліктерін ғылыми түрде дамытып жаңалық енгізу Құбекеңнің тікелей өзінің таза еңбегі. Сондықтанда атақты дирижеріміз Шамғон Қажғалиев, оркестр үшін Бас – домбыра атқаратын ролін айта келіп, Бас домбыраның құрылысын жан – жақты жетілдіріп, дамытқан, аса бағалы ғылыми жаңалықтар енгізген Құбекеңді «Бас – домбыраның әкесі» - деп орынды атаған еді. Осы қызметті атқара жүріп Құбыш Мұхитов «бас» және «тенор» түрлерін оқытудың методикасы мен теориясы саласында көп еңбек сіңірді.
Бала десе ойламайды өз қамын,
Көрсем дейді күнге де қол созғанын.
Шын жүректен жатса - тұрса тілейді,
Шәкіртінің өзінен де озғанын.
Орыстың халық әні «Алма ағашы аясында» орындайтын 1 сынып оқушысы Мурзаева Зухра.
1950 жылы консерваторияның халық аспаптары факультетін бітірген Құбышты Ахмет Жұбанов осында жұмысқа алып қалды. Соңғы 15 жыл ішінде ол ондаған шебер домбырашылар тәрбиелеп өсірді, Құбыштың шәкірттері астаналық және облыстық музыка оқу орындарында арнаулы домбыра мамандығы бойынша ойдағыдай сабақ беріп жүр. Кафедра меңгерушісі, декан, проректор бола жүріп, өнер шаңырағына өмірінің соңғы күніне дейін 55 жылын түгел арнады. Домбыраға үйретудің әдістемесін жасап, оқулықтар жазды. Педагогтік және орындаушылық дарынымен танылған Құбышты А. Жұбанов жастайынан - ақ “домбырашылар ұстазы” атаған еді.
Биікке өрлеген,
Тайсалып көрмеген.
Ұрпақтың кеудесін,
Қуаныш кернеген.
Ұстаз деп ән шырқап,
Күй төккен пернеден
Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың және Парасат орденінің иегері, профессор Қаршыға Ахмедияровтың осы күнгі асуының бастауындатұрған ұстазы Құбыш Әшімұлы Мұхитовқа арнау күйі «Ұстазға» еді. Ұстаз атты күйлер көп, бұл күйдің ерекшелігі білікті маманның, сабырлылығы мен төзімділігі, пайым пікірі орнықты Қ. Әшімұлының ұлағат тұлғасын күй тілімен соншалықтыайқын суреттеуімен ерекшеленуінде. Байсалды екпін, жылы әуез, жанға жайма шуақ сезім ұялатады. Осы Қ. Әшімұлына арналған күйді мен сіздерге орындап берейін, күй «Ұстазға»
Оқушыларға сұрақ қойылады...
Қ. Әшімұлы шәкірттерін атап айтсақ, Қазақстанның халық әртисі, композитор, профессор К. Күмісбеков, консерваторияның доценті Қазақстанға еңбегі сіңген артис Б. Карабалина, профессорлар Т. Мерғалиев, М. Қалауов, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, Құрманғазы атындағы академиялық ұлт – аспаптар оркестінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, профессор А. Жайымов, Алматы Қыздар институтының доценті Ө. Спанов, Шымкент Мәдениет институтының деканы Ө. Ғұбайдуллин, Талдықорған филармониясының директоры Ш. Теміров, Қырғыз республикасы педагогикалық институтының аға оқытушы А. Омаров, т. б. абройлы жұмыс істеп жүрсе, концерттік орындаушылар саласындағы шәкірттері Қазақстан халық артисі Мемлекеттік сыйлықтың және Парасат орденінің иегері, профессор Қ. Ахмедияров, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Ш. Әбілтаев, әр түрлі сайыстардың жүлдегері, республикамыздың еңбегі сіңген артисі Р. Тәжібаевтар өнерлері халқымызға танылған күйшілер. Құбекеңнің өнерлі шәкірттері тек елімізде ғана танылып қоймай, Дүниежүзін Қазақстан өнерін насихаттап, көрермендерін тамсандырып келеді.
Алдарыңызда 1сынып оқушысы Қайырова Ләззат балалар әні,
«Көңілді қаздар»
Қайын жұртының осал еместігін Құбыш ағаның жұбайы, әрқашан жымиып тұратын Дариға апайдан көруге болады. Дариға апай қазақтан шыққан алғаш трубашы. 37 жыл Ғ. Мүсірепов атындағы балалармен жас өспірімдер театрында, балалар музыка мектебінде сабақ берді. Театрдан құрметті демалысқа шықты. Отау тігіп, жұптаса өмір сүргендеріне де Алтын тойдан асыпты, балалары Бақытжан, Алуаш, Ержан ел таныған азаматтар боп өсті, немере сүйді, алғашқы немерелері Тайманды Құбыш Әшімұлы аузынан тастамай әңгімелеп отырады.
Құбыш Әшімұлы – күй үйретіп, ол күйлерді нотаға түсіріп хаттауда, түп - нұсқасын нақтауда, күй тарихын, күй мен домбыра сырын терең түсінетін республикамыздағы санаулы ғана мамандарымыздың бірі – деген болатын марқұм Л. А. Хамиди.
Қ. Әшімұлының көп жылғы еңбегін үкіметіміз жоғары бағалап, оған Қазақстан жоғарғы мектебіне еңбегі сіңген қызметкері атағын берсе және «Ерен еңбегі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбекте өте жақсы жетістігі үшін» медальдарымен, «Құрмет белгісі» орденімен, Жоғарғы кеңесі грамоталарымен марапатталды.
Міне, қарапайым да қатыгез, салауатты да зерек, «Ұлар» шыңындағы сүйікті ұстазымыз, ардақты аға Құбыш Әшімұлы биіктері осындай.
Ұстаздардың ұстазы,
Шамғон, Фуат тұстасың.
Шәкірттерің әрқашан,
Өнеріңді ұстасын, -
дей келе, бүгінгі Қ. Әшімұлына арнаған тәрбие сағатымызды осымен тамамдаймыз!
3 157
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шуақты көктем
Шуақты көктем
Күн жарқырап, күннің өзі бізді көктем мезгілімен құттықтап тұрғандай. Бүгінгі оқу қызметімізді әдемі бір өлең шумағымен бастағым келіп тұр:
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек атты оқушылардың аудандық ғылыми - тәжірибелік конференция
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек атты оқушылардың аудандық ғылыми - тәжірибелік конференция
Білім саласына еңбегі сіңген Гүлжамила апайдың есімін, өзгелерге таныстыру
Күз өлеңі Абай Құнанбаев
Күз өлеңі Абай Құнанбаев
Абайдың шығармалары арқылы туған елге деген махаббатты қазақтың ән өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу. Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
Қазақ кәсіби музыка мәдениетінің қалыптасуы. С.Бәйтерековтің «Наурыз» әнін үйрену
Қазақ кәсіби музыка мәдениетінің қалыптасуы. С.Бәйтерековтің «Наурыз» әнін үйрену
ШҚО, Үржар ауданы, Қабанбай ауылы, «Жарбұлақ орта мектебі» КММ - нің музыка пәні мұғалімі Байшойынов Ғазиз Сейілғазыұлы
Ұстазым менің, ұстазым!
Ұстазым менің, ұстазым!
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Аққалиева Лайля Маратқызы
Абай оқулары
Абай оқулары
Г.Орджоникидзе атындағы №1 мектеп-гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Кемпрекова Жанар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×