Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Туберкулез - жұқпалы ауру

27 наурыз 2023, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты. 2 сынып
Тақырыбы: Туберкулез - жұқпалы ауру.
Мақсаты: Өзін - өзі күте білуге, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Түрі: пікірлесу.
Әдісі: Пікірлесу, салыстыру, өз бетінше жұмыс.

Барысы:
Ой қозғау:
1. Сөзжұмбақ шешу.
Сөздердің бірінші әріптерін ғана алып, сөз құрастыр.
Тасбақа, уран, балық, ертек, ракета, көл, ура, лақ, есік, зебра.
ТУБЕРКУЛЕЗ
2. ТУБЕРКУЛЕЗ - дегеніміз не? (оқушы пікірлерін тыңдау)

Мағынаны тану:
Мұғалімнің суреттер арқылы түсіндіруі.
Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микобактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р. Кох (1843 – 1910) ашты (1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0, 2 – 0, 6 мкм.

Жұқпалы ауру
Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі көзі – науқас адамнан түскен микробтары бар қақырық. Сау адамға ол негізінен Туберкулезбен ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек жағдайда – Туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады. Организмге Туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші болғанымен, оның толық дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар Туберкулезбен бұрын науқастанып, организмнің иммунитеті төмендегенде, дұрыс қоректенбегенде (әсіресе мал өнімдерінің белоктары, витаминдер тапшы болғанда), санитарлық - гигиеналық жағдайлар дұрыс сақталмағанда, сондай - ақ аурумен ұзақ уақыт бойы араласқанда ауырады. Туберкулез көбінесе 3 жасқа дейінгі балаларда пайда болады, өйткені оларда ауруға қарсы иммунитет әлі де нашар дамыған, сондай - ақ жасөспірімдерде жыныстық жетілу кезеңінде пайда болады. Туберкулез негізінен тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың, әдетте, балалары ауру болып тумайды. Бірақ Туберкулезбен ауыратын ата - ана дер кезінде емделмесе, аурудан сақтану ережелерін дұрыс сақтамаса, дертті баласына жұқтырып, баланың Туберкулезбен ауруы мүмкін.

Туберкулез түрлері
Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта Туберкулез таяқшалары болады, сондықтан Туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта Туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, Туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады. Туберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды, көбінесе өкпені зақымдайды

Ауруды анықтау түрі
Ауруды әр түрлі әдіспен анықтайды. Туберкулезді ертерек анықтау мақсатымен балаларға тері астына дәрі жіберіп, жаппай тексеру жүргізіледі (Манту реакциясы). Халықты жаппай флюорографиялық (рентгенологиялық жолмен) тексерудің маңызы зор.

Емі
Туберкулезге қарсы арнайы егу (БЦЖ) жүргізіледі, ол сәби дүниеге келгеннен 3 – 5 күннен кейін іске асырылады. Ауруды емдеудің терапиялық, хирургиялық, т. б. әдістері табылып, күнделікті дәрігерлік жұмыста қолданылатын болды. Санаторийлерде емделу өте пайдалы. Қазақстанда Туберкулезге қарсы жұмысты Туберкулез мәселері ұлттық орталығы үйлестіріп отырады. Әрбір облыс орт - нда арнаулы диспансер, жергілікті жерлерде олардың бөлімшелері жұмыс істейді. Республика Туберкулезге қарсы қажетті дәрі - дәрмекпен, емдеу орындары төсек - орынмен жеткілікті қамтамасыз етілген.
Туберкулез - тұрғындардың денсаулығына біршама нұқсан келтіретін әлемде ең ауқымды таралған жұқпалы аурулар қатарына жатады. 1993 жылы
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы туберкулезді жалпы қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің глобальды мəселесі деп жариялады. Қазіргі таңда жер бетіндегі бүкіл халықтың 1/3 бөлігі туберкулез микобактериясы - мен жұқтырылған, ал жыл сайын жуық шамамен 8, 4 млн. туберкулездің жаңажағдайлары тіркелсе, шамамен 2 млн. адам осы аталған аурудан көз жұмады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы туберкулез жағдайларының біршама жағдайларын емдеп - жазуға болатындығын дəлелдеді. Сырқаттың анықталуы жəне оны емдеу шаралары дұрыс та, тиімді тағайындалған болса, туберкулез науқастары толығымен жазылуы тиіс.

Ой қорыту: «Жауабын тап» ойын тест жұмысын жүргізу.

1.Туберкулез дегеніміз не?
Ойын
Сурет
ауру

2. Туберкулез қандай ауру?
Жұқпайтын
жұқпалы
пайдалы.

3. Туберкулез түрлері қандай?
Ашық - жабық
кең - тар
Аз - көп
4. Туберкулезбен қай мүше ауырады,
Жүрек
өкпе
бас

5. Туберкулез емделе ме?
Жоқ
емделеді
жазылмайды

Қазалы ауданы, Абай аулы №90 мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі Айсұлу Рахманберген

Слайдын жүктеу
12 427
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туберкулез - жұқпалы ауру
Туберкулез - жұқпалы ауру
Жаман әдеттерден бойларын аулақ салуын, санитарлық - гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру. Тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершiлiкке тәрбиелеу.
Жұқпалы аурулар. А вирусты гепатит ауруының пайда болуы, алдын алу шаралары
Жұқпалы аурулар. А вирусты гепатит ауруының пайда болуы, алдын алу шаралары
Вирусты гепатит ауруының пайда болуы, таралу жолдары мен аурудың алғашқы белгілері, сақтану жолдары туралы түсінік беру. Жеке бас тазалығына сақтауға баулу.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы "№3 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ - нің биология пәні мұғалімі Адамьянова Шолпан Советовна
Туберкулез (тренинг)
Туберкулез (тренинг)
Тренинг тақырыбы: «Туберкулез»
Жұқпалы аурулар. Бауырда вирусты гепатит ауруының пайда болуы, алдын алу шаралары
Жұқпалы аурулар. Бауырда вирусты гепатит ауруының пайда болуы, алдын алу шаралары
Қызылорда обл, Шиелі ауданы №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектепте өзін - өзі тану пәні мұғалімі Хайтенова Қалдыгүл
Туберкулездің адын алу (ашық тәрбие сағаты)
Туберкулездің адын алу (ашық тәрбие сағаты)
Туберкулез өкпе қабынатын ауыр жұқпалы ауру. Ежелгі ғалымдар мен ойшылдарының жазбаларында туберкулез « көкжөтел – чахотха» ретінде айтылады. Туберкулез қоздырғышын неміс ғалымы Р. Кох ашқан.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×