Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ою оя білу де өнер

09 ақпан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Карағанды облысы, Приозёрск қаласы.
Наркулова Эльмира Жексенбаевна

Сабақтың тақырыбы: Ою оя білу де өнер

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақтың ұлттық ою - өрнегінің ерекшеліктерімен таныстыру, төл мәдениетін қастерлеуге баулу және олардың ұшқыр ой, белсенді біліктілік, шеберліктерін дамытуға ықпал ету.

Сабақтың көрнекілігі: кітап көрмесі, қолөнер бұйымдары, буклет.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Кіріспе сөз.
Алдымен оқушылардың ашық тәрбие сағатына дайындығын тексеру.
- Балалар қазір бізде қай сабақ.
- Ашық тәрбие сағаты.
- Ашық тәрбие сағатындай дайынбыз ба?
Осы сабақ барысында өз білімдеріңді ортаға салып, білмегендеріңді біліп алуға тырысып, сабаққа белсене қатысып отырайық.

III. Негізгі бөлім.
Ал, балалар, бүгінгі сабағымызда қазақ халқының ұлттық ою - өрнегімен танысамыз.
Ертеде байлыққа тоймаған хан болады. Ол жер бетіндегі судың бәрі «өзімдікі» деп жар салады. Мал мен жанды қырғынға ұшыратады. Ханды
ел «сұмырай» деп атайды. Халық су үшін күшті қарсылықтар көрсетеді, су бар жерлерді жасырып отырады. Қазақта «сұмырай келсе, су құриды» деген сөз осыдан қалыпты. Ол Райхан атты шебер қыздың оң қолын шауып тастайды. Халық су үшін болған күресте жеңеді. Осы оқиғаға байланысты «су» өрнегі пайда болады. Жер - Ана Райхан қыздың бес саусағының орнына жер бетіне бес тармақты гүлдерді жайқалтып өсіреді. Бес жапырақты қызғалдақтың ою - өрнекке енуі, Райханның бес саусағының ескерткіші ретінде қалған деседі.
Балалар, қазақтың ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды саласының бірі - қолөнері, оның ішінде ою - өрнек өнері болып табылады. Қазақтың ұлттың ою - өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар, атадан балаға, ұрпақтан - ұрпаққа мұра болып, дамып келе жатқан өнер түрі.

Ою дегеніміз – бір нәрсенің пішінін ойып алу.
Ою - өрнек қазақ халқы қолөнерінің кең тараған түрі болып табылады. Ою - өрнек атаулыны екі топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топқа ою - өрнектің тікелей өзіне қатысты түрі жатады, екінші топқа ою - өрнек қолданылатын әшекейлі бұйымдар жатады. Қазақтың ою - өрнектері атаулына байланысты бірнеше түрге бөлінген.
1. Ай, күн, жұлдыздарға, көк әлеміне байланысты ою - өрнектер: айшық, жұлдыз.
2. Малға, малдың дене мүшелеріне байланысты ою - өрнектер: қошқармүйіз.
3. Аңға, аңның дене мүшелеріне байланысты ою - өрнектер: арқармүйіз, бұғымүйіз.
4. Құрт - құмырсқаларға, жәндіктерге байланысты ою - өрнектер: көбелек, жыланбас.
5. Құстарға байланысты ою - өрнектер: құсмұрын, құсқанат.
6. Жер, су, өсімдік бейнелі ою - өрнектер: төртқұлақ, бесжапырақ, бұтақ.
7. Құрал - жабдықтарға байланысты ою - өрнектер: балта, тарақ, балдақ. 8. Геометриялық денелер тектес ою - өрнектер: тұмар, сынықмүйіз.
Ою - өрнек өнерінің белгілі бір халыққа тән мәнерлеу ерекшеліктері сол халықтың тұрмыс - тіршілігімен, бейнелеу өнерімен, ұлттық қолтаңбасымен тікелей сабақтасып жатады. Әрбір халықтың ісмер - шеберлері өздерінің көрген ою - өрнектерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңалық енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп атайды да, оларды «ою ойғанның ойы ұшқыр» деп бағалайды. Жұлдыз өрнегі аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды. Олар көбінесе кілемдерде жиі қолданылады. Жалпы ою - өрнекті оның пайда болу ерекшелігіне байланысты дәстүрлік және сәндік деп екі топқа бөлуге болады. Дәстүрлік өрнек - ежелден пайда болған халықтық өрнек. Сәндік өрнек - бір нәрсені әшекейлеп сәндеу үшін қолданылатын өрнек. Ф. Оңғарсынова.
Оюлар. 1.
Түрін - ай, текеметтің!
Асыл қандай!
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.
Келе ғой, қошақаным, өзіме!» деп
Әжем кеп, сипағандай шашымнан жай.

2. Күйімді кешсеңдер - ау сол беттегі,
Тұрғандай ана - көңіл тербеп мені.
Жан бітіп, жайраңдалды жан - жағымнан
Қазақтың қошқар мүйіз өрнектері.

3. Аңсаумен күнім өтті қанша менің,
Желбауда, басқұрда ма аңсау елім,
Әжемнің тарамысты саусақтарын.
Таба алмай дала кезіп шаршап едім.

4. Елестеп көз алдыма сән шақтарым,
Келгендей құлағыма аңсатқан үн.
Түрінен текеметтің көріп тұрмын.
Әжемнің тарамысты саусақтарын.

5. Шебер көп бұл заманда кілең керім,
Болмайтын ажыратып түр - өңдерін,
Сүрінбей өте алар ма ғасырлардан.
Әжемнің оюындай, жыр өрнегім.

6. Болардай басқұр өрнек маған медет,
Белгісі болғын шақтық қарап жебеп,
Сүйеніп түскиізге тұрып қаппып
Көз жазып оюлардан қалам ба деп
Мөлдір шық жасырынды жанарға кеп.

7. Шебер біздің әжеміз,
Шебер біздің атамыз,
Шебер болған бабамыз,
Бізде шебер боламыз.

8. Бұйымдар мен заттарды
Сәндеу үшін көрнекті
Қиын да болса қиналмай
Менде үйрендім өрнекті.

9. Оя алсаң ою әдемі,
Үйлессін оған көлемі.
Бояуымен үндескен,
Ою әсем түр - түспен.

- Ал, балалар, тақтадағы оюға қарайықшы,
- Мына ою неге ұқсайды.
- Мүйізге.
Қошқармүйіз оюы – қошқардың мүйізі тәріздес. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқының көшпелі өмір салтына байланысты туған. Қошқармүйіз оюы молшылықтың нышаны ретінде бұл күнде де жиі қолданылып келеді.
Халқымызда «Өз үйінде ою оймаған адам, кісі үйінде сызу сызады» - деген бар. Осы мақалдың өзі - оймаған кісінің, өзге өнерді де игере алмайтындығын көрсетеді. Енді ою - өрнек, шеберлік, өнер туралы мақал - мәтелдерге тоқталайық.
1. Өнер сыры - өрнекте.
2. Ою ойғанның ойы ұшқыр.
3. Өнерді үйрен,
Үйрен де, жирен.
4. Өнерлі бала сүйкімді.
5. Өнерлі өрге жүзер.
6. Ою ойған, сызу да сызады.
7. Оюы көптің өрнегі көп,
Өрнегі көптің ермегі көп.
8. Өнерлінің өрісі кең.
9. Жетелі өнер сүйіп еңбектенер,
Өмір жолы өшпестей өрнектелер.
10. Он саусағынан өнер тамған.

«Туғанда дүние есігін ашады өлең»- деп ұлы Абай айтқандай ән - жырсыз өтетін мереке, қуанышты күндер жоқ. Енді сөз кезегін әнге берейік.
«Астана»- әні.
Ал, енді балалар заман талабына сай, балалар өздері үйден дайындап келген оюларын көрсетеді және де соны қорғайды.

IV. Қорытынды.
Ал, балалар, бүгінгі сабағымыз өз мәресіне жетті. Олай болса, сұрақтарға жауап берейік.
- Ою - өрнек дегеніміз не?
- Кім қандай ою - өрнек біледі?
- Ұлттық ою - өрнек дегенді қалай түсінесіңдер?
- Сабақ ұнады ма?

«Ою - өрнек, құрақ құрау қазақтың кешегісі, бүгінгісі, ертеңі» - деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, ою оюды үйрену, осы өнерді жалғастыру сендердің қолдарыңда.
Жас ұрпақ өмірлі болсын,
Тұрмысы көңілді болсын.
Ата - анаға мейірлі болсын,
Ағайын - туысқа пейілді болсын.
Өнер білімге зейінді болсын,
Он саусағынан өнер тамған.
Оюшы болсын - деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
4 621
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үйшік. (Орыс ертегісі)
Үйшік. (Орыс ертегісі)
Оқушыларды халық ауыз әдебиеті – халық шығармаларының түрлерімен таныстыру. Ертегі түрлерімен таныстыру.
Тәрбие бағыттары бойынша сыныптың жылдық жоспары
Тәрбие бағыттары бойынша сыныптың жылдық жоспары
Тәрбие бағыттары бойынша сыныптың жылдық жоспары.
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Оқушыларды қазақ жігіті бойына тән қасиеттерімен таныстыру. Тәрбие сағаты арқылы ептілік, ержүректік сегіз қырлы бір сырлы ұлттық қасиеттерімізді қалыптастыру.
Ата кәсіп - баға жетпес қазына
Ата кәсіп - баға жетпес қазына
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ауелбаева Арайлым
Қағаздан ою - өрнектерді қию әдістері
Қағаздан ою - өрнектерді қию әдістері
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы №6 орта мектептің технология пәні мұғалімі Рыскалыев Жанболат Ондасынович
Он саусақ
Он саусақ
Әркімге керек қол өнер Он саусаққа он өнер Түгел болар дүниең Біліп алсаң оны егер.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×