Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіз елім - Қазақстан

11 ақпан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мұғалімі: Касенова Куляим Кутукеевна

Тәуелсіздік күніне арналған сыныптан тыс шара
Тақырыбы: «Тәуелсіз елім - Қазақстан»

1 - жүргізуші
Өсер ұлдың қай сәтте де,
Бірлік болмақ қалауы,
Лаула - лаула желтоқсанның
Мұзға жанған алауы.
Өздеріңдей өр намысты,
Жас өркені бар елдің,
Ешқашанда тиісті емес
Еңкеюге жалауы.

2 - жүргізуші
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, мектеп қонақтары! Желтоқсанның дүмпуімен, қылыштың қыры, найзаның ұшына қасқая қарсы тұрған азамат аға - апаларымыздың арқасында жеткен тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіз елім - Қазақстан» сыныптан тыс шарамызға қош келіпсіздер

1 - жүргізуші
Көрдік қой зорлық оспадар жандар көрінен,
Жүрегім сыздар, сыр тартсам сол бір әріден.
Қаншама батыр, қыруар ұлды құрбан ғып,
Қиындықтардың қайыспай өткен бәрінен.

2 - жүргізуші
Тапталмасын деп қазақтың кек, ары,
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары.
Топты бастап шықты Ләззат алаңға
Толған еді он алтыға не бәрі.
1 - жүргізуші
Жалған емес, бұл шындық, дастан - әнім,
Бостандықтың ол бұзды тас қамалын.
Қайрат, Ербол, кешегі Ләззаттардың,
Қыршынынан кім қиды жасқанатын?

Ләззат:
Он алтыда қиылдыммен,
Табанын да танкінің.
Ләззат атты құрбанымын,
Қазақ деген халқымның.
Шағаладай қалықтаған,
Көк теңізді жағала.
Ләззат дейтін мен болам,
Аспандағы шағала.
Туған халқым - қазағым,
Сенің үшін жанамын.
Енді қайтіп көрмейік,
Желтоқсанның азабын.

1 - оқушы:
Ұяңнан ұшып шығып, оралмадың,
Ауылың Ақжазыққа қона алмадың.
Шілде айы туған күнің екен сенің,
Ол күннің қонағы боп келе алмадың.

2 - оқушы:
Небәрі 16 - дан асып едің,
Балалық бал дәуренмен тасып едің.
Қазақтың салт - дәстүрін, жолын қуып,
Өмірге енді қадам басып едің.

Толық нұсқасын жүктеу
2 005
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәуелсіз елім Қазақстан
Тәуелсіз елім Қазақстан
Қайырлы кеш, құрметті ата – аналар, мектеп қонақтары! Желтоқсанның дүмпуімен, қылыштың қыры, найзаның ұшына қасқая қарсы тұрған азамат аға - апаларымыздың арқасында жеткен тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіз елім – Қазақстан» кешіне қош
Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік
Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік
Біз сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоксан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік күніне арнарған салтанатты
Желтоқсан - ерлік тарихымыз
Желтоқсан - ерлік тарихымыз
Желтоқсан оқиғасы туралы білімдерін кеңейту, елін, жерін сүюге, ұлтжандылыққа, Отанын сүйе білуге тәрбиелеу. «Желтоқсан құрбандары» слайды Ұран сөз жазылған баннер «Желтоқсан - тәуелсіздігіміздің бастауы, егемендігімізге негіз қалап берген сара жол»
Ата - бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің таңы
Ата - бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің таңы
Қызылорда облысы, Арал ауданы №64 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Махамбетова А.
Тәуелсіз елім - Қазақстан
Тәуелсіз елім - Қазақстан
Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі Аймағанбетова Ильмира Қожайқызы
Менің Тәуелсіз - Қазақстаным!
Менің Тәуелсіз - Қазақстаным!
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Манашы орта мектебі Илясова Анар Имамадиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×