Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Діни экстремизм: психологиялық аспектілер

12 ақпан 2016, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Ш. Қалдаяқов ауылы
Жарлгаганова Алтынай Бакытжановна

9 сынып
Тақырыбы: Діни экстремизм: психологиялық аспектілер
Мақсаты: оқушыларға діни экстремизм туралы білім беру, теріс діни ағым дегеніміз не екендігін тренингтер арқылы жеткізу, діни сауаттылықты қалыптастыру.
Әдісі: семинар – тренинг
Көрнекілігі: интер белсенді тақта.
Қажетті құралдар: стикер, магнит тақта, магниттер, жіп, әдемі қорапша, сақина

Барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Сыныптан тыс іс - шараны өткізу
Слайд 1
Оқушылармен амандасу.
Бейнебаян
• Оқушылар, дүние жүзінде қанша дін бар? Діндерді атаңдар.
• Ал енді осы діндерге мүлдем жатпайтын теріс діни ағымдар бар.
Слайд 2
Бүгінгі таңда түрлі конфессиялар өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі және өзара тиімді қарым - қатынас жасауы үшін елімізде қолайлы жағдайлар жасалған.
Сонымен қатар, Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар басқа елдер үшін үлгі болып табылады.
Алайда, кейбір дінге сенушілер агрессия мен діни радикализмнің қауіпті формаларына бой алдырып, азаматтардың қауіпсіздігі мен мемлекеттің тұрақтылығына қауіп төндіруде
Слайд 3
Діни экстремизм — діни дұшпандылық пен жек көрушілікті қоздыру мақсатымен Мемлекеттің аумақтық бүтіндігін немесе егемендігін бұзуға және мемлекеттік құрылысты өзгерту мен билікті күшпен басып алуға бағытталған діни негізделген немесе діни камуфляждалған қызмет.

Тренинг
Сырты жылтыр, көздің жауын алатын қорап таңдап алынады. Оның ішіне әдемі зат (сырға немесе сақина) салынады. Оқушыларға көрсетіледі.
Менің қолымдағы өте әдемі қорап. Оның ішінде әдемі зат салынған. Кім көргісі келсе, шығып қарауларыңа болады, — деп оқушыларды қызықтырады. Қызығушылығы жоғары оқушылар тақтаға шығып, қорапта не салынғандығын қарайды.
- Ал енді, оқушылар, қандай адамдар сектаның құрамына кіреді?

Қызығушылығы жоғары.
Слайд 4
Қандай адамдар сектаға енуі мүмкін?
• Бейтаныс нәрсеге қызығушылығы жоғары;
• Өзінің зақымдалған мендігін қорғауға ашулы дайындық және өзін - өзі төмен бағалау;
• Әлеуметтік әділетсіздікті уайымдай отырып, өзінің өмірлік сәтсіздіктерін жақындарынан және жалпы қоғамнан көру;
Слайд 5
«Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
Слайд 6
ҚР - ның Ата Заңы - Конституциясының 1 - бабында Қазақстан зайырлы мемлекет» деп жазылған.
Қазақстанда ешқандай дін мемлекеттік емес, қай дінге кіру,
кірмеу - азаматтың өз еркі делінген.
Слайд 7
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңы
• ҚР Конституциясы 1, 5, 12, 14, 19, 20, 22, 23, 34 баптары;
• «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңдары;
• ҚР 02. 2005 жылғы экстремизмге қарсы іс - қимыл туралы заңы;
• 27 желтоқсан 1994 жылғы ҚР азаматтық кодексі;
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілеттіктерді есептік тіркеуі туралы ҚР 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2198 заңы;
• ҚР «Терроризмге қарсы күрес туралы заңы»
13 шілде 1999 ж.

Тренинг
Екі оқушы тақтаға шығады. Оларға көрсетпей екі қағаз беріледі. Бірінші оқушыға қыс тақырыбына, екінші оқушыға жаз тақырыбына әңгіме құрастыр деп тапсырма беріледі. Бірінші қағазда «Мені мұқият тыңдаңдар!», екінші қағазда «Маған қарамаңдар, көңіл аудармаңдар!» деген сөздер жазылып тұрады. Оқушылар бұл сөздерді оқып, қағазда жазылғанды орындайды. Екі оқушының ойы сұралады. Мақсаты: «мені мұқият тыңдаңдар!» деген сөзді ұстаған оқушыға сөйлеу оңай. Ал екінші оқушы керісінше.
• Сонда қандай адам сектаға кіруі мүмкін?
• Тыңдалмаған адамдар, қасында сөйлесетін досы жоқ адамдар.
Слайд 8

2012 жылдың 25 - қазан айында 17 конфессияны ұсынған 3088 діни бірлестіктер қайта тіркелді.
1. Ислам;
2. Православие;
3. Саентология;
4. Інжілдің христиан - баптисттері;
5. Католицизм;
6. Иеговы куәлері;
7. Пресвитериандық шіркеулер;
8. Адвентисттердің Жетінші күні;
9. Евангели - лютерандық шіркеу;
10. Әдіскерлер;
11. Новоапостол шіркеуі;
12. Кришнаиттер
13. Бахаи;
14. Иудаизм;
15. Буддизм;
16. Иисус Христос шіркеуінің ақырғы киелі күндері (мормондар);
17. Меннонит.

барлығы 4 551 (2008 жылы)
3 088 (2012 жылы)

Тренинг
Көрініс. Ортада екі орындықта 2 оқушы отырады. Бірінші оқушы екінші оқушыны алдап, желілік компанияға құрамына кіргізгісі келеді. Екеуінің әңгімелері бақыланады.
Тартымға қалай қарсы тұру керек?
Өзіңізге бақылау сұрақтарын қойыңыз:
• «Ал мен осы адамға ұқсап, күнімен көшеде жүріп, адамдарды тартуға тырысқанды қалар ма, едім?»
• «Ал осы адамдарға менің жетістіктерімнен қандай пайда?»
• «Олар маған қандай мақсатпен көмектесуде?» тегін ірімшік, тек қақпанда ғана болады.
• Сіздің қауіпсіздігіңіздің ең тиімді құралы – бастапқыдан беріктік және өз позицияңыздың ұстанымдылығынан ауытқымау. Бұл үшін, заңды білу және діни ағымдарды, философияны оқу қажет.
• Бейтаныс, сыпайы – ығыр қылатын қатынасқа түспеу.
• Ығыр қылатын адамнан әдебиет алудың және кездесуге келісудің қажеті жоқ. Сонымен қатар тартушыға мекен — жайың мен телефоныңды қалдыруға болмайды.
Слайд 9 - 10
ҚР тыйым салынған діни бірлестіктер
• 15 қазан 2004 жылғы ҚР Жоғары Сот шешімі негізінде:
«Аль - Каида»;
2. «Шығыс Түркістан исламдарының қозғалысы»;
3. «Өзбекстан исламдарының қозғалысы»;
4. «Курд халқының конгрессі»(«Конгра - Гел»).
• 15 наурыз 2005 жылғы ҚР Жоғары Сот шешімі негізінде:
«Асбат аль - Ансар»;
2. «Ағайынды — мұсылмандар»;
3. «Талибан» қозғалысы;
4. «Боз гурд»;
5. «Жамаат моджахедов Орталық Азия»;
6. «Лашкар - е - Тайба»;
7. «Әлеуметтік қоғам реформалары».
• 17 қараша 2006 жылғы Астана қаласы сотының шешімі бойынша:
• «АУМ Синрикё»
«Шығыс Түркістан азаттығының ұйымы»
• 5 наурыз 2008 жылғы Астана қаласы сотының шешімі бойынша
«Түркістанның исламдық партиясы».
Сонымен қатар Қазақстанда экстремистік ағым болып табылатын және тыйым салынған шетелдік мекеме «Хизб - ут - Тахрир» (28 наурыз 2005 жылғы Астана қаласы сотының шешімі бойынша ).
ҚР территориясында тыйым салынған оккульттік - мистикалық ұйымдар:
• «АЛЛЯ - АЯТ»
• «АТА ЖОЛЫ»

Тренинг
«Жоқ деп айтуға үйрен».
Нұсқау: қатысушылар 2 шағын топқа бөлiнедi. Бірінші шағын топтағылар әртүрлі эмоцияларды қолдана отырып «Жоқ» деп айту керек, ал екiншi шағын топ айтушының дауыс ырғағына қарап, оның қандай эмоционалды күйдi білдіріп тұрғанын танып білу керек.

Тренинг - Оқушылар, махаббат деген не? Оқушылар бірін - бірі қайталамай стикерге бір ғана сөз жазып, жүрекшеге жабыстырады.
- Бұл махаббаттың қандай жағы? Сонымен қатар махаббат қандай болады?
Мақсаты сектаға кірейін деп жатырған адамға тек жақсы жақтары айтылады. Ал 1 ай өткеннен кейін жағымсыз тұстары ашылады.

Бейнебаян.

Қорытындылау.
• Оқушылар, сіздер теріс діни ағымға түспеу үшін нақты не жасар едіңдер?- деп бір оқушыға жіпті таратады. Оқушы өз жауабын айтқасын келесі оқушыға жіпті береді. Осылай сабақ бекітіліп, нақты қорытындысы жасалады.
8 911
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Дүниежүзінің діни алуан түрлілігі неден көрінеді?
Дүниежүзінің діни алуан түрлілігі неден көрінеді?
Дүние жүзі халқының діни құрамы мен діндердің таралу аймақтарын анықтайды.
Көшпелілердің салт - дәстүрі мен діни нанымдары
Көшпелілердің салт - дәстүрі мен діни нанымдары
Көшпелілердің салт - дәстүрі, діни нанымдары туралы біледі. Көшпелі тайпалардың өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасай алады.
Дін - тәрбие діңгегі
Дін - тәрбие діңгегі
Сәтбаев қаласы, "№5 орта мектебі"КММ Медеубаева Айнур Култасовна
Оқушылардың бойында этностық және діни толеранттылықты тәрбиелеу
Оқушылардың бойында этностық және діни толеранттылықты тәрбиелеу
Автор:Рахметова Батима Қазіргі таңда қоғамның тұрмыс - салты мен дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлі айтарлықтай өсті. Діннің қоғамдық қатынастарға, қоғам санасының діни компонентін қалыптастыруға ықпал ету спектрі күшейіп, кеңейе түсуде.
Жаңа діни қозғалыстардың ерекшеліктері
Жаңа діни қозғалыстардың ерекшеліктері
Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Аймурзина Гүлназ Асқарқызы
Діни экстремизм
Діни экстремизм
Қызылорда облыс, Жаңақорған ауданы, Бесарық бекеті, №247 орта мектеп, тарих пәнінің мұғалімі Абуова Ақмарал Сапарғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×