Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Елбасы - ел намысы, ел тірегі

16 ақпан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы
«Тасарал жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Балтышева Галия Арыновна

Елбасы - ел намысы, ел тірегі /ашық тәрбие сағаты/
8 сынып
Мақсаты: Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы туралы мәлімет беру; Елбасының еңбек жолын үлгі - өнеге ете отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу, халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету. Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру; Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Н. Ә. Назарбаевтың кітаптарының көрмесі, видеокөрсетілім, презентация, шарлар.

Мұғалім: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!
1 - ші желтоқсан – Қазақстан Республикасында Тұңғыш Президент күні болып елімізде 4 ші жыл тойланып отыр.
- Бүгінгі тәрбие сағатымызда әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар менен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған «Елбасы – ел намысы, ел тірегі!» тақырыбында өтпек.

Қазақстан дейтін менің бар елім.
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!- дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды
Елбасымыздың балалық шағынан алынған шағын көріністен бастасақ.

Көрініс:
Елбасының дүниеге келуі.
- Шынымен - ақ шырылдаған нәресте үнін ести алмай өтеміз бе деп жүргенде анасы Райымбек бабаның басына барып зиярат етіп қайтқан түні, түнде түс көреді. Түсінде буырқанып, дөңбекшіп жатқан теңізді көреді. Теңізге түседі су әуелі белінен, көкірегінен, содан соң мойнынан асады. Бір кезде басы көрінбей кетеді, тұншығамын деп қорқады, бірақ бір ғажабы еркін тыныстап келе жатады, аяғы теңіздің түбіне бір тиіп, бір тимейді. Келе жатып су түбінен мылтық тауып алады, иығына мылтықты асынып алып, аршындай басып теңізді кешіп өтеді.
- Осы түсін ағайындарына жорытқанда «Алла жар болсын, түсің жақсы екен, құдай ұл береді сендерге» дейді. Шынында көп ұзамай анасы бойына бала біткенін сезе бастайды. Сөйтіп 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында осы елдің болашақ көшбасшысы өмірге келеді.

- Нұрлы ғұмыр нұрлы мекеннен, жанарына нұр тұнған балалықтан, санасына сыр тұнған дала даналықтан бастау алады. Ойынмен еркелеп, еңбекпен есейіп, намысын жігеріне қайрап, тау өзеніне малтып, қыран қиялмен қияндарға қалқып өр мінезді ер мінезбен атастырып, жігіт болып толысады. «Батыр болар балаңды бетінен қақпа, белін бу» деген қағидамен қағу көрмей, еркін өсіп, ер жеткен бала Сұлтан батыр бабалардың басқан іздерімен балалықтың балдәуренін өткізіп, көнелерден жеткен көсем сөзбен сусындады.

Көрініс: Таңертеңгі шайдың кезі
Сұлтан: Жеңеше, мен бір керемет түс көрдім.
Анасы: Ол қандай түс, балам?(елең ете қалады)
Сұлтан: Мына Алакелдінің жотасына бір қап тұз арқалап шығыппын. Тұзды жотаға алып шыққаным сол, ауыл жаққа қарасам менің класым да, мектебім де, мектептегі балалар да осы Шамалған ауылының бәрі төме -е - ен жақтан көрінді. Соны өзім арқалап шығарған тұз толы қаптың үстінен қарап отырып көрдім.
Анасы: Балам сен өте үлкен адам болады екенсің, дәрежең жоғары болады екен, тұз деген жақсы нәрсе Алла тілеуіңді берсін балам. Мансабың жоғары, өрең терең, несібең аса мол, еңсең биік болады екен.
- Анасы баласына ақ батасын беріпті.

Мұғалім: Міне анасы мен үлкендердің жорыған түстері дәл келіп, бүгінде аз ғана уақыт ішінде әлемді аузына қаратқан Қазақ елін басқарып, атақ - дәрежесі күллі дүниені шарлап кетті.
Тұңғыш президентіміздің өмір жолы қиын да қайталанбас көп қырлы....
Ерте есейген Сұлтан мектепті бітіре салысымен Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді. Үлкен өмірге қадам басқан Нұрсұлтан Әбішұлы Қарағанды металлургия зауытында шойын құюшы, домна пешінің көрікшісі қызметін атқарды. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітіреді, алғашқы қызмет жолы басталады.
1991 жылы 1 - желтоқсанда жалпыхалықтық сайлау нәтижесінде Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланады.
Қазіргі уақытта елбасымыздың өзінің отбасы бар. Жұбайы Сара Алпысқызы Халықаралық «Бөбек» қорын басқарады. Елбасымыздың үш қызы бар: Дариға, Динара, Әлия. 7 немересі, 2 шөбересі бар бақытты ата.
(Слайд арқылы қызмет жылдары. отбасымен, немерелерімен түскен фотолары көрсетіледі)

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 24 жыл уақыт өтті. Осы уақыт аралығындағы президент қол жеткізген жетістіктерге тоқталсақ:
- Қазақстан Орталық Азиядағы ядролық қарусыз мемлекет;
- Ұран пайдалану ісін жеделдетті;
- Қазақстан халықаралық мәселелерді шешуге тікелей қатысатын, сөзі өтімді, беделді мемлекетке айналды;
- ТМД көлемінде Халықтар Ассамблеясын құрған мемлекет;
- Бүкіл әлемдік дағдарыстан қысқа мерзімде шыққан мемлекет - Қазақстан.
- Біздің Елбасымыз - білімділігімен, парасатты саясатымен, тәжірибесімен бүкіл адамзатты болашаққа бейбіт жолмен шақырған үлкен тұлға.
- Олай болса балалар Елбасымызды біз тағы да қандай қырынан танимыз?

Оқушылар:
- Ол: Әнұранның авторы
- Қазақстан Республикасының президенті
- Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы
- Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының бас қолбасшысы
- Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы
- ЕҚЫҰ төрағасы

Толық нұсқасын жүктеу
16 534
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің тұңғыш Президентім
Менің тұңғыш Президентім
Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру
Елбасы – Ұлт мақтанышы
Елбасы – Ұлт мақтанышы
Елбасының өмірі мен еңбегін үлгі тұта отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу; ел болашағын ойлайтын, халқы үшін қызмет ететін, ұлттық сана - сезімі жоғары, саяси - құқықтық мәдениеті қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.
Кемеңгер көшбасшымен - татулық кемесінде
Кемеңгер көшбасшымен - татулық кемесінде
Құрметті, мұғалімдер мен оқушылар бүгінгі «Кемеңгер көшбасшымен - татулық кемесінде» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Ертеде әлемді аузына қаратқан, төрткүл дүниені тамсандырған, дәулеті мен сәулеті тасқан, халқы бір - бірімен тату тұратын,
Елбасымен біргеміз!
Елбасымен біргеміз!
Атырау облысы, Индер ауданы, "Райхан" балабақшасының тәрбиешісі Нугманова Қалампыр Қабдысалыққызы
Елімен біре - Елбасы
Елімен біре - Елбасы
«Балқаш қаласы жалпы типтік мектеп - интренат» КММ Орындаған: Камзабаева Л. О.
Елін сүйген, жерін сүйген – ер  аға
Елін сүйген, жерін сүйген – ер аға
Ақтөбе қаласы, № 30 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Самбаева Турсынай Байдаулетовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×