Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүзі басқа жүрегі бір, тілі басқа тілегі бір

18 ақпан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мадиева Айман Кәрібайқызы
Бурабай ауданының Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы

«Жүзі басқа жүрегі бір, тілі басқа тілегі бір» интеллектуалдық танымдық ойынының әзірлемесі.

Мақсаты:
• Тыңдаушылардың мемлекеттік тілді үйренуге қызығушылықтарын арттыру.
• Заман талабына сай ана тілін туғаннан білу, өзге тілді үйрену қажеттігіне көздерін жеткізу.
• Тілді сабақта үйреніп қоймай, күнделікті өмірде, қызметтерінде қолдануға насихаттау.

Кіріспе сөз:

Елді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен – бірі туысқан.
Қол ұстасқан ел жатыр
Қырғыз, қазақ, Өзбектер
Армян, татар, ұйғырлар.

Орыс пенен Украин
Терезесі тең жатыр,
Алатау Кавказ ұласып
Баурайы бұйрат кең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап
Құлаққа даусы кеп жатыр
– деп өлең жолдарында айтылғандай Қазақстан - татулық пен достықтың ордасы. Қазақстан – көп тілдің әуені естілетін ел. Елімізде жыл сайын Қазақстан халықтарының тілдері күні аталып өтеді. Осы орайда барлық қазақстандықтармен бірге біз де Тілдер мерекесіне арналған біраз іс - шараларға ат салысып жатырмыз. Соның бірі бүгінгі «Жүзі басқа жүрегі бір, тілі басқа тілегі бір» атты интеллектуалдық ойын.
Ойынға қатысушы екі топ. Топқа ат қою үй тапсырмасы ретінде берілген, ендеше топтармен танысайық. Бірінші топ – бас қаламыз Астананың көркі болған «Бәйтерек» тобы, екінші топ – елімізді мекен еткен көп халықтың бірлігінің тірегі болып табылатын «Шаңырақ» деген атты таңдапты.
Топ капитандары өздерін таныстырып шығады.

Біздің ойынымыздың барысын қадағалап, кімнің артық, кімнің кем екенін саралап отыратын әділ қазылар алқасымен таныса отырайық, Орталық директоры А. Е. Қайрмденова, орталық әдіскері Ж. Қ. Махметова, және орталық оқытушысы Н. М. Абленова
Ойын бес кезеңнен тұрады. Барлық кезең 10 - 50 ұпай аралығында бағаланады

І айналым «Тапқырлар» деп аталады.
Шарты: Әр топ өз аттарын қорғау үшін, қойылған барлық сұрақтарға топтың атының бірінші әрпімен жауап береді. Яғни «Бәйтерек» тобы «Б» әрпін, «Шаңырақ» тобы «Ш» әрпімен жауап береді. Сұрақтар топ мүшелеріне жеке - жеке қойылады.
Дұрыс берілген жауаптар саны арқылы әр жауап 10 ұпаймен бағаланады.
«Бәйтерек» тобының сұрақтары:
1. Сіздің атыңыз кім?
2. Сіз қайда тұрасыз?
3. Сізге қандай жеміс ұнайды?
4. Сіз кіммен таныстыңыз?
5. Жазда демалысқа қайда барасыз?
6. Сіздің неше құрбыңыз бар?
«Шаңырақ» тобының сұрақтары:
1. Сіздің тегіңіз кім?
2. Сіз қайда тудыңыз?
3. Дүкеннен не сатып алдыңыз?
4. Сыйлықты кімге бересіз?
5. Қандай тағам ұнайды?
6. Құрбыңыздың аты кім?

ІІ айналым «Сыр сандық» деп аталды. Қазақта «Сөз атасы - мақал» деген пікір бар, сол себептен екінші айналым мақалмен байланысты.
Шарты: Әр топтан екі тыңдаушыдан шығып, кезекпен парақша алады, шамалы ойланып, орындарына отырмастан парақшадағы тақырып бойынша мақал - мәтелдер айтады, мақал санын асырған топ жеңімпаз болады.
Ұсынылатын тақырыптар: «Тіл», «Отбасы», «Туған жер», «Денсаулық», «Табиғат», «Ерлік»

Бүгінде елімізде 140 түрлі өзге ұлт бар. ҚР Статистика агенттiгiнiң мәліметіне қарағанда, Қазақстан халқының ішінде қазақ ұлтының үлесi 63, 6 пайызды, орыстар – 23, 3, өзбектер – 2, 9, украиндер – 2, ұйғырлар – 1, 4, татарлар – 1, 2, немiстер – 1, 1, басқа ұлыстар 4, 5 пайызды құрады. Сондай - ақ Қазақстанда кейбір ұлттардың аз ғана өкілі өмір сүріп жатыр. Мәселен, олардың қатарына саха, мордва, болгар, ғағауыз сынды ұлттарды жатқызуға болады. Бұл ұлт өкілдері бүгінде тату - тәтті, бірлікте және жарасымды тіршілік кешуде. Олардың қай - қайсысы болсын Қазақстанды өз Отаным деп санайды. Сонымен қатар өздерінің ана тілдерін, тарихи Отандарының тарихы мен шежіресін, салты мен дәстүрлерін болашақ ұрпақтарына үйретуге, өз ұлттарының рухани тәрбиесімен тәрбиелеуге ынталы.

Сонымен, ІІІ айналым «Бәйге» деп аталады.
Шарты: Ұсынылған тақырып бойынша сан жазылған шаршыны таңдап, жасырылған сұраққа жауап берсе, сонша ұпай алады.
Сұрақты әр топтың барлық мүшелері таңдап шығады. Егер топ мүшелері бестен кем болса екі сұрақтан таңдатуға болады.
Егер сұрақ таңдаған топ жауап бере алмаса, қарсыластары жауап беріп ұпай санын өздеріне алуға болады.
Ұсынылатын тақырыптар: «Тіл», «Салт - дәстүр», «Рәміздер», «Туған жер» әр тақырыпта бес сұрақтан жасырылған, сұрақтың күрделілігіне қарай ұпай саны өсіп отырады.
1. Тіл
10 – Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі күні қашан?
20 – Қазақстанда қанша түрлі өзге ұлт бар?
30 – «Үш тұғырлы тіл» саясатына қандай тілдер кіреді?
40 – Соңғы «Тіл туралы» Заң қай жылы қабылданды?
50 – «Тіл – қылыштан өткір» мақалын түсіндіріп беріңіз.

2. Салт - дәстүр
10 – Шахмат ойынына ұқсас қазақтың ұлттық ойыны.
20 – Орыс халқы жаңа үйге көшіп келгенде, бірінші кімді кіргізеді?
30 – «Отау» деген кімнің үйі?
40 – Қазақ отбасында кенже ұл баланы қалай атайды?
50 – Қазақ халқында ер жігіттің неше жұрты бар? Олар қалай аталады?

3. Рәміздер
10 – Тудың ортасында күн салынған, ал елтаңбаның ортасында не салынған?
20 – Әнұранның авторларын атап беріңіз.
30 – Қазақстан Республикасында Рәміздер күні қай күн? (4 - маусым)
40 – Елтаңбаның авторларын атаңыз. (Ш. Уалиханов, Ж. Мәлібеков)
50 – «Менің Қазақстаным» әні қашаннан бастап ҚР әнұраны болып қабылданды? (2006 жылы, 6 - қаңтарда)

4. Туған жер
10 – Астана қаласының басты ғимаратын атаңыз.
20 – Елімізде неше облыс бар?
30 – ҚР қай жылы тәуелсіздік алды?
40 – Қазақстанның астанасы болған қалаларды ретімен атаңыз
50 – Қазақстанда барлығы 86 қала бар екен, оның ішінде үш қала республикалық маңызы бар қалалар, соларды атаңыз.

ІV айналым. «Сөз мерген» деп аталады.
Шарты: Әр топ бір конверттен таңдайды. Конверттің ішінде орысша сөздер жазылған парақшалар, топ мүшелері жылдамдықпен сөздерді аудара отырып, бірінші әріптерімен сөз құрайды, сол шыққан сөздерден қанатты сөз, мақал немесе сөз тіркесін құрау керек. Қанатты сөздің құрамындағы сөздер қанша болса парақшалар саны сонша болады
(топтар жұмыс істеп жатқанда музыка қосып қою)

Ұсынылатын қанатты сөздер: «Туған жер – алтын бесік», «Ана тілі – ұрпақтар үні»

І конверт
№1 парақша
Родственник
Время
Ученый
Поэт
Точка
№2 парақша
Дорога
Имя
Спасибо
№3 парақша
Гражданин
Планерка
Природа
Сотрудничество

V айналым. Капитандар сайысы «Шешендік өнер» осы айналымның жалғасы десек те болады, себебі топ басшылары осы ІІІ айналымда шығарылған тақырып бойынша сөйлейді.
Шарты: Топ басшылары берілген тақырып бойынша сөйлейді.
Ұсынылатын тақырыптар: «Туған жер – алтын бесік»
«Ана тілі – ұрпақтар үні»

Дайындалуға 3 минут уақыт беріледі.
Капитандар сөзінен кейінгі қорытынды сөз:
(Әділ қазылар қорытынды шығара береді)
- Еліміздің әрбір тұрғыны өзінің ұлттық байлығының бөлшегін беріп, оның орнына одан да артық нәрсе алады, ол басқа ұлттар мен халықтардың шынайы құрметі, ертеңгі күнге сенімділік және қолдау мен түсіністік!
- Тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде өзгеше орны бар бұл атаулы күн – Қазақстанда тұратын барлық ұлттар өкілдерінің ана тілдеріне құрмет көрсететін ортақ мейрам. Еліміз бен тіліміздің тұғыры асқақтай берсін!

Сонымен біздің танымдық ойынымыз өз мәресіне жетті. Қатысқандарыңызға көптен - көп рахмет!
5 052
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Достығымыз жарасқан!
Достығымыз жарасқан!
Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Тілдер күніне арналған мерекелік концертің сценариі
Тілдер күніне арналған мерекелік концертің сценариі
22 қырқүйек күні елімізде тілдер мерекесі аталып өтеді. 1998 жылы 20 қаңтарда елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Республика халықтарының ұлттық байлығы — Тілді қорғау мақсатымен 22 қыркүйекті «Қазақстан халықтарының тілдері күні» деп жариялаған еді.
«Тілімнің ертеңі – елімнің ертеңі» пікірсайыс сабағының әзірлемесі
«Тілімнің ертеңі – елімнің ертеңі» пікірсайыс сабағының әзірлемесі
Ей, тәкаппар дүние, Маған да бір қарашы. Танимысың сен мені Мен қазақтың баласы!- деп ақын Қ. Аманжолов ағамыз айтқандай осы сабаққа қатысушылармен танысып өтейік. Әрбір тыңдаушы өз атын және өзінің бір жақсы қасиетін айтады. Ол қасиет өз атыңыздың
Тілдер мерекесіне арналған интеллектуалдық  ойын сабағы:  «Миллион  кімге бұйырады? »
Тілдер мерекесіне арналған интеллектуалдық ойын сабағы: «Миллион кімге бұйырады? »
Жаңа заман талабына сай қоғамдық өмірге еніп отырған әртүрлі жаңалықтарды, сабақ бағдарламасындағы күрделі тақырыптардың ауқымын кеңейтіп, тыңдаушылардың ойлау қабілетін, шапшаңдыққа, тез қозғалуға, бірізділікке тәрбиелеу, сабаққа деген
Қазақшаңыз қалай
Қазақшаңыз қалай
Тіл – әрбір елдің, ұлттың мақтанышы. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, себебі әр ұлттың тілі - оның бақыты, тірегі. Тілдің тағдыры – елдің тағдыры. Тілге деген құрмет, отанға сүйіспеншілік сияқты қасиеттер отбасында қалыптасады.
Сүйемін, туған тілді – анам тілін
Сүйемін, туған тілді – анам тілін
Өткен ғасырда Сұлтанмахмұт ақынды бас идірген туған тілі – менің де ана тілім. Қазақ тілі өте бай, оралымды тіл. Өзге ұлт өкілдерінің ғалымдары тіліміздің тазалығына таң қалып, еріксіз мойындауда.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×