Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұмау

22 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сабағы 3 - сынып
Тәрбие сабағының тақырыбы: Тұмау
Тәрбие сабағының мақсаты:
Оқушыларға тұмау туралы түсіндіріп, тұмау туралы баяндау және оның адам ағзасына әкелетін аурулардан алдын ала сақтану. Оқушылардың спортқа, еңбекке, тазалыққа баулу.

Тәрбие сабағының міндеттері:
1. Оқушыларды салауатты өмір сүруге шақыру.
2. Оқушылардың «дені саудың – жаны сау» ұстанымымен олардың ой қабілеттерін дамыту.
3. Болашақта тұмаумен ауырмау үшін оның алдын алу туралы оқушыларды ескерту.
Тәрбие сабағының түрі: Жаңа материалды игеру сабағы.
Тәрбие сабағының әдісі: түсіндіру әдісі
Тәрбие сабағының барысы: ұйымдасыру кезеңі, оқушылармен сәлемдесу, сабаққа назарын аудару.

Тұмау
Тұмау - өте көп таралған жұқпалы ауру. Онымен бір уақытта өте көп адам ауырады, өйткені ауру жылдам тарайды. Өмірінде тұмаумен ауырмаған бірде - бір ересек адам жоқ болар. Бұл аурудың аты француз тілінде «гриппе» - жаулап алу деген сөзден шыққан. Шындығында, бұл ауру үлкен қалалардың, бүкіл бір елдің немесе құрылықтың халқын қамтып тарай алады. Тұмаудың қоздырғышы - бірнеше түрлі вирустар Екі - үш жылда бірнеше рет қайталанып тұруы және оны әр жағдайда әр түрлі вирус туғызуы мүмкін.

Тұмауға жеңіл - желпі ауру деп қарау қате әрі зиянды. Ол жұқпалы да қатерлі сырқат. Халық арасында «Тұмау түбі – құрт» деп бекер айтылмаса керек. Себебі, бұл ауруда уақытылы алдын алып, ем жолдарын қолданбаса, түрлі қосымша дерттердің тууына және асқынуына әкеліп соқтыруы ықтимал.

Тұмау науқас кісіден сау адамға вирус арқылы жұғады. Яғни, инфекция көзі – ауру адам. Ол тыныс жолдарының жоғарғы жағына күшті зақым келтіреді. Тұмаумен ауырған адам жиі түшкіріп, жөтеледі де, оның сілекей тамшыларындағы вирустар жан - жаққа шашырап тарайды. Ауру адам
сөйлегенде, түшкіргенде және жөтелгенде вирус оның демімен ауаға шығып, сау адамның тыныс жолдарына түседі.
Тұмаудың бірінші белгілері бір - екі күнде санаулы сағаттың өзінде байқалады.
Сөйтіп барып кенеттен, күтпеген жерден қатты басталады. Ауруға шалдыққан адам қалтырап тоңады, денесінің ыстығы 38 - 40 градусқа дейін көтеріледі, басы ауырып, кейде құсады.

Бұл сәтте, сондай - ақ, дене әлсірейді, бұлшық еттері мен сүйектері, буындары сыздап сырқырайды, дел - сал болып, терлей береді, мұрны бітіп қалады, қан қысымы төмендейді және науқас жиі түшкіріп жөтеле бастайды. Тамақтың жыбырлап ауруы және жөтелу сияқты тұмауға тән белгілер көбінесе ауру басталғаннан кейін байқалады.
Құрғақ жөтел екі - үш күннен кейін пайда болады. Мұндай кезде ауыз - мұрынының айналасы қызарып, ашып мазалайды.

Тағы бір ескеретін нәрсе, тұмауға жас балалар, қарттар кеш шалдығады. Сондықтан, мұндай жастағылардың бойында басқада бір аурудың түрі болса, ол осы тұмаудың әсерінен асқынып кетуі ғажап емес. Тұмау әсіресе, жасы ұлғайған қарт адамдарға өте қауіпті, өйткені олардың ағзасының жас адамдардың ағзасымен салыстырғанда жұқпалы аурулардан қорғану мүмкіншілігі төмен. Тұмаумен ауырған бір адамның таңертеңгілік қоғамдық көлікте бір рет түшкіргені сол күні кешке ондаған немесе жүздеген осы ауруды жұқтыруына әбден жеткілікті. Егер тұмауға шалдыққан адамдар оны елемей жұмысқа немесе оқу орындарына барса, олар тағы да мыңдаған адамға жұқтырады.
Сөйтіп тұмау қоршаған ортаға тез тарап, індетке айналады. Егер науқас тұмаудан жатып емделмесе, ауру асқынып өкпенің немесе ми қабығының қабынуы мүмкін. Адамзат тұмау ауруының зардабын көп тартты. Соның ішіндегі ең ауруы 1918 - 1920 жылдары болған испан тұмауының індетінен дүние жүзінде 25 млн. адам өлген.

Бүгінгі күні адамның тұмаудан қайтыс болуы өте сирек жағдай, өйткені оны емдеудің және асқындырмаудың тиімді жолдары табылған. Бірақта осы ауруды тарататын вирустар мен күресу әлі қиынға соғуда. Алдын – ала егуге қажет дәрілер болғанымен де, вирустардың өте тез таралуына байланысты, аз уақыт ішінде барлық адамдарды егіп үлгеру мүмкін емес. Осы жайға байланысты «емделген тұмау - тек бір аптаға, ал емделмеген тұмау - толық жеті күнге созылады» деген қалжың бар. Сондықтан тұмаудың бірінші белгісі пайда болысымен дәрігер шақыртып, емделу қажет. Егер оны уақытында емдемей, жұмысқа немесе оқу орындарына барсаңыз, айналаңыздағы жүздеген жазықсыз адамдарға тұмау жұқтырасыз.

Тұмаудан сақтану жолдарына келетін болсақ, оны алғашқы белгілері біліне бастасымен төсекке жатып, дәрігер шақырту керек. Әрине, мұндай уақытта сырқаттың көпшілік орындарына баруына шектеу қойған жөн. Сырқаттың жанында болып, оған емдеу қолданатын адам төрт - алты қабат дәкеден жасалған ауыз жапқыш салуы және мұрын ішіне оксолин майын жаққан дұрыс. Тұмаудан тезірек айығып кету үшін міндетті түрде бөлек бөлмеде жатып емделу, егер адам сау кісілермен бірге бір бөлмеде тұратын
болса, онда оның төсегін шымылдық пен бөлі керек. Әрине, мұндайда сырқаттың пайдаланатын ыдыс - аяқтары бөлек ұсталғаны жөн.
Ем алу кезінде тамақты жылы орау, көбіне сұйық тағам - лимон қосқан шай, көк шай, ыстық сүт, минералды су, пияз қабығының қайнатпасын, сарымсақ тұнбасын, емдік өсімдіктерді пайдаланған тиімді.

Тұмау кезінде сырқат жататын бөлменің тазалығына ерекше аударған жөн.
Еденді хлорлы әк ерітіндісі қосылған сумен жүйелі сүртіп, бөлмені әлсін - әлсін желдетіп, ондағы температураны 18 - 20 градус төңірегінде ұстау қажет.
Дер кезінде дәрігерге көрініп, оның тағайындаған, емін бұлжытпай орындаса, әдетте, 3 - 4 күннен кейін ауру адамның ыстығы төмендеп, денсаулығы жақсара бастайды. Сөйтіп, одан 3-4 күннен кейін айығып та кетеді. Қалай дегенімен, тұмауға жеңіл - желпі ауру деп қарауға болмайтынын әркім жадында ұстауы керек - ақ.

Тәрбие сабағын қорытындылау (сұрақ - жауап арқылы).
1. Осы тұмау ауруының инфекция көзі кімдер саналады?
2. Тұмаудың алғашқы белгілері қай уақытта және тұмаумен ауырған адамның күйі қандай болады?
3. Тұмаудан сақтану жолдары қандай?
22 281
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бауырда вирусты гепатит ауруының пайда болуы, алдын алу шаралары
Бауырда вирусты гепатит ауруының пайда болуы, алдын алу шаралары
Вирусты гепатит ауруының пайда болуы, таралу жолдары мен аурудың алғашқы белгілері, сақтану жолдары туралы түсінік беру.
Жұқпалы аурулар. А вирусты гепатит ауруының пайда болуы, алдын алу шаралары
Жұқпалы аурулар. А вирусты гепатит ауруының пайда болуы, алдын алу шаралары
Вирусты гепатит ауруының пайда болуы, таралу жолдары мен аурудың алғашқы белгілері, сақтану жолдары туралы түсінік беру. Жеке бас тазалығына сақтауға баулу.
Спид не үшін қауіпті?
Спид не үшін қауіпті?
Жас желектей жайқалып өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына адам баласын аздыратын жаман жұқпалы аурулардан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Дене шынықтыру пәнінен сабақ жоспарлары
Дене шынықтыру пәнінен сабақ жоспарлары
Шаңғы дайындығы сабағының күнделік жоспары Волейбол сабағының күнделік жоспары Тоғызқұмалақ сабағының күнделік жоспары
Тұмау. Тұмауды алдын алу
Тұмау. Тұмауды алдын алу
Мақсаты: Оқушыларға тұмау ауруы жөніңде ақпарат беру , және оның алдын алу жолдарымен таныстыру. Көрнекіліктері: плакаттар, маркерлер, Ревит- поливитамин, т.б
Жұқпалы аурулар. Бауырда вирусты гепатит ауруының пайда болуы, алдын алу шаралары
Жұқпалы аурулар. Бауырда вирусты гепатит ауруының пайда болуы, алдын алу шаралары
Қызылорда обл, Шиелі ауданы №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектепте өзін - өзі тану пәні мұғалімі Хайтенова Қалдыгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×