Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


СПИД – ХХІ ғасыр індеті (тәрбие сағаты)

23 қаңтар 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: СПИД – ХХІ ғасыр індеті.
Сабақтың мақсаты:
Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын - алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке,
инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: газет - журнал деректері, пікірталас, мақал - мәтелдер.
Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.
2. Түгелдеу.

Кіріспе сөз:
Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасырдың отбасы аталған СПИД (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне аууда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір - түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде - бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдын - алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн.
Сондықтан осы ауру туралы 9 сынып оқушылары сіздерге мәлімдеп береді.

СПИД вирусының қай жылы кім ашқаны туралы.
СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты (ВИЧ - 1) 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л. Монтанье тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р. Галло вирустың барлық қасиеттерін жан - жақты тексеріп жариялады.

Гүлмаржан: СПИД вирусы адам ағзасында қалай өмір сүреді?
Адам ағзасына енген ол қанның лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып тез көбейе бастайды. Осының әсерінен клетка жарылып өледі. Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып, өткен процестерді қайталайды. Лимфоцит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің - күнінде ағзасында иммунитет жетіспеушілік пайда болады. Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін. Айырықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді. Бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде СПИД - ті тарата береді.

Гүлдана: СПИД құрбаны (монолог).
- Уа, жаратылыс!
Адамзатқа өмір берген құдіреттің қайнар көзі! Сен естисің бе мені? Сүт сәулелі мынау бір өмірдің бар қызығын көре алмай, арманда кетіп бара жатқан, жұмыртқадай жұмыр басты пенденің зарын тыңдашы бір сәт!

Өзімнен өзім сыр таптым,
Өле алмай жүрген сырқатпын.
Шіріген картоп сияқты,
Бұрышында қалған бір қаптың.
Өзімнен өзім тістенем,
Шарабым да тұр ішпеген.
Ұйықтайын десем қорқамын,
Көрмейтін сұмдық түс көрем.
(Тіршіліктен теперіш көрген жас жігіт егіліп жылап тұр.)

- Мен жағдайы әжептәуір отбасында дүниеге келдім. Әп деп өсе бастағаннан ештеңеден таршылық көргенім жоқ. Басқа балалар ішпегенді іштім, кимегенді кидім. ір сөзбен айтқанда, өте ерке болып өстім. әке - шешем бар дегенімді жасады. анда - санда әкем мен тентек болған кезде, айқайлап ұрса бастаса анам: «Ойбай, жалғыз балада нең бар?»- деп ара түсетін.
(Сонау балалық шағы есіне түскен жігіт жүзін қимастық сағыныш басып біраз үнсіз қалды.)
Әлпештеп алды анам алдымнан шығы,
Қасымнан кетпес қиғаш қадам шығып.
Ата - ана перуана боп перзенті үшін,
Күн кешер көрсетпе деп жаманшылық.
Ардақтап ата - анаңды сол секілді,
Қынжылтпай қызмет көрсет адамшылық.
Түседі еске кей кез бала кезім,
Бала кезім... кетуші ем дала кезіп.
Ақ қайынға шайқалған қараушы едім,
Қараушы еді мөлдіреген қара көзім.

- Иә, ата - анамның еркелеткені мені одан әрі құтырта түсті. Жетінші сыныпқа жеткенше екі - үш мектепке ауысып үлгердім. Неге дейсіз ғой. Тәртіпсіздігім үшін. Бір күні көрші подъезге жаңа отбасы көшіп келді. Олардың да мен секілді ұлы бар екен. Сонымен «іздегенге сұраған» дегендей, екеуміздің жұбымыз жазылмайтын болды. Оның менен айырмашылығы наша «деген» пәленің дәмін ерте татқан екен. Енді мен де шеге бастадым. Нашаның адам баласына әкелетін қасіретін ол кезде кім білген? Егерде білген болсам тіріде жолаймын ба?!
Тамырын умен суарып,
Денсаулық деген егістің,
Шірітіп апсың біразын,
Ғаламат қымбат жемістің.
Инемен таза денеңді,
Тесуге неге келісті?
Көк түтінмен уланып,
Ащы суды неге іштің?
Төсекке асыл азамат,
Ауру аеңдеп құлайсың.
Дәрігерлерді мазалап,
Не үшін енді жылайсың?
(Денесін сырқат сыздатқан жас жігіт жасаураған жанарын төмен салып, сөйлеп кетті.)

- Содан арада екі - үш жыл өтті. Бұл кезде мен темекісіз, есірткісіз тұра алмайтын дәрежеге жеттім. Өзім секілді достарым да көбейді. Олар арқылы сарғыш сұйық құйылған инеге де аңсарым ауды. Не құдіреті барын, сол инені көрсем аузымнан суым шығып, есім кететін. Бұл кезде әкем автомобиль апатынан қайтыс болды. Жалғыз анамның жиған - тергені есірткінің айырбасына кетті. Мен сол құлдырағаннан құлдырай бердім. Бірде қатты салқын тиіп ауруханаға түстім. Дәрігерлер менің СПИД - пен ауыратынымды анықтапты. Төрт - бес жыл білмей жүріппін.
Таусылмақ дәм. Бітпек өмір - өзенім.
Менің - дағы жетті кетер кезеңім.
Оны көптен тарқамаған қайғы мен
Жүрегімнің мұң көзінен сеземін.
«Өлермін» - деп күңірінем, күйзелем,
Мені есірткі найзасымен түйреген.
Өз әлімше арман - көлде жүзе алмай,
Қанатымнан жараланған күйде мен.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
46 655
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 желтоқсан спидке қарсы күн тәрбие сағаты (Бүкіл әлемдік СПИД - ке қарсы күрес күні)
1 желтоқсан спидке қарсы күн тәрбие сағаты (Бүкіл әлемдік СПИД - ке қарсы күрес күні)
Оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД - тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан - жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру,
Спид не үшін қауіпті?
Спид не үшін қауіпті?
Жас желектей жайқалып өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына адам баласын аздыратын жаман жұқпалы аурулардан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы
Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы
Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген әлдеқайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру
Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама!
Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама!
Адам денсаулығы – қоғам байлығы, әрбір адам өз денсаулығының мықты болуы жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның еңбекке әрқашанда құлшыныспен кіріседі. Ұлтымыздың болашағына қауіп төндіріп отырған наша, арақ, темекінің келтірер зияны ұшан теңіз.
Құқықтық тәрбие және құқықтық жігер
Құқықтық тәрбие және құқықтық жігер
Біздің қоғамда өзекті мәселе болып отырған СПИД, нашақорлық, жасөспірімдер арасындағы бұзақылық, ұрлық, т. б. қылмыстар етек алып отыр. Бұлардың өсуіне құқықтық тәрбие мен сананың, жігердің жетпей тұрғаны.
Нашақорлыққа қарсымыз (сыныптан тыс шара)
Нашақорлыққа қарсымыз (сыныптан тыс шара)
СПИД ауруы жер бетіндегі адамдардың басына түскен үлкен қатерлі кесел. Қазіргі таңда СПИД – тің алдын алу және оны болдырмаудың бірден - бір шарасы бұл ауру туралы әрбір адам мағлұмат, білім болу керек.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×