Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен әкеммен мақтанамын

24 ақпан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Еңбек ауылы, Еңбек негізгі мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Жонысова Бибігүл Ғизатқызы

Тақырыбы: Мен әкеммен мақтанамын (кездесу)
Мақсаты: А) Бала мен әке арасындағы тығыз, әрі ыстық байланысты орнықтыру. Отбасындағы әке орнын, рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу, әкені пір тұтуға, ер азамат ұғымының мәнін ұғынуға тәрбиелеу.
Барысы: I. Ұйымдастыру.
а) Тренинг: «Әкеге тілек». Дөңгеленіп оқушылар қол ұстасып тұрады және өз әкелеріне әдемі тілек тілейді.

Өтілу барысы:
I. Шаттық шеңбері.
а) Кіріспе: Мұғалім сөзі.
II. Әке асқар тауым (слайд шоу).
III. Әкеге арнау (өз туындысынан үзінді).
IV. Әкелермен сұхбат (сөз кезегі әкелерде).
V. Сіз балаңызды жақсы білесіз бе? (сұраққа - жауап)
VI. Ойын: «Міне менің ботам».
VII. Ойын: «Сыйлыққа ие болуға лайықтысыз».
VIII. Мұғалімнің қорытынды сөзі.
IX. Бата беру.
II. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн,
Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.
Шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,
«Әке» деген есімді ұмытар кім?

«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз, жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз, бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз әкелермен кездесу ретінде әке туралы ой қозғалады. Менің класымда 8 оқушы бар. Оның 5 - еуі қыз бала, 3 - еуі ер бала. Бұл балаларымның бәрі де толық отбасынан тәрбиеленгісі келеді. Балаларымның әкесі мен анасы аман болсын. Демек, әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі; қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым – қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы.
Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптастыруына қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір – шапағат көзі – әке. Жаздың ыстығында, қыстың суығына қарамай отбасы үшін, бала үшін тіршілік қамын ойлайсыздар. Әкенің бұл рөлі бала - шағаның әкеге, анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас - қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая биіктей береді осы отырған бәріңде қыз, ұл тәрбиелеп отырған әкелерсіздер. Сондықтан да тәрбиелеп отырған балаларыңыздың дұрыс тәрбие алуы міне сіздерге байланысты. Менің қласымдағы балаларым әкелерін өте жақсы көреді, әкем мен анам аман болса екен деп әрдайым жақсы тілек тілейді. Сіздердің берген тәрбиеңізді үлгі етіп орындауға тырысады. Әр оқушы өз әкесімен мақтануға әрине толық мүмкіндігі бар.
Олай болса, әке асқар тауым (слайд – шоуға) көңіл бөлейік. Слайдты мұғалім оқып, әр әкеге қысқаша тоқталады. Слайдты қорыта отырып, келесі кезекті «Әкеге арнау» бөліміне береміз. Яғни (балаларыңыздың өз туындысынан үзінді).

• Аяулым
Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,
Барлық ұрпақ әкелерден басталған.
Ал, әкелер, өздеріңе арналған,
Бүгінгі кеш, қуаныш пен мереке.
(Өзінің әкесі туралы шығармасын оқиды)
• Әзиза
Әкем менің асқар тауым, тірегім
Бәрінен де сен қымбатсың білемін.
Қанат қағып кетсем алыс қияға,
Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім.
(Әкесі туралы ой).
• Бекжан
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Болсын солай әрбір күнің, әр айың
Тойларыңыз құтты болсын әкелер,
Балаларың төге берсін мерейін.
(Әкесі туралы ой).
• Нұрболат
(Әкесі туралы ой).
• Саида
Бойға қуат береді.
«Әй, жарайсың» дегені
Мен әкеммен әр кезде
Соны естігім келеді.
(Әкесі туралы ой).
• Аружан
Әкем шытса қабағын -
«Байқа балам» - дегені
Алған көп – ақ сабағым
Жақсы көрем мен оны.
(Әкесі туралы ой).
• Сымбат
Арайлы ақ тілекпен
Ән жолдаймын өзіңе
Сағынышты сазды жүрекпен,
Сыр арнаймын өзіңе.
(Әкесі туралы ой).
• Мейіржан
Шаршаса да сыр бермеген әкемнің
Сенімен үнемі еңбексүйгіш әкесің.
Өзің де үлгі, ісің де үлгі ұлыңа
Кім сүймейді болса өзіңдей әкесін.

(Әкесі туралы ой).
Ән: Әкем – анам:
Орындаған: Азиза, Аяулым

Әкелермен сұхбат (сөз кезегі әкелерде)
Ән: Әкешім:
Орындаған: Сайда, Мейіржан
Әкелердің тапқырлығын байқау.
(Сіз балаңызды жақсы білесіз бе?)
• Балаңыздың туған күні, айы, жылы?
• Балаңыздың аяқ киім өлшемі?
• Балаңыздың парталас көршісі?
• Кеше сабақтан қандай баға алды?
• Балаңыздың сүйікті асы қандай?
• Балаңызға еркелетіп қандай сөз айтасың?
• Балаңыздың ең жақын досы?
• Балаңыздың ең сүйікті пәні?

Би:

Ойын: «Міне менің ботам». Әкелердің көзін бойлап, өз баласын алақанынан сипап тану.
Ойын: Сыйлыққа ие болуға лайықтысыз. Түрлі сыйлық байлаулы, соны кесу арқылы
сыйлыққа ие болу.

Мұғалім:
Әке білек, саусағы балалары
Қан тамырмен жалғасқан аралары
Ана тамыр бойымен бәріне де
Тіршіліктің жылуы таралады.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Алғыс хат беру.
Бата сөз:
Кездесуде әкелер бүгінгі күн.
Ақ дастархан, көл көсір думан күнің
Арамызда әкелер аман жүрсін.
Ақ жүрекпен тілейді балаларың.

Толық нұсқасын жүктеу
12 295
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әке-отбасының алтын діңгегі.  Отец-золотая опора семьи.  Father-is a life support
Әке-отбасының алтын діңгегі. Отец-золотая опора семьи. Father-is a life support
Сабақтың мақсаты: Отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін түсіндіре отырып, әкеге деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Менің отбасым
Менің отбасым
Целиноград ауданы, № 10 орта мектеп Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі: Кусаинова Жанар Кайратовна
Әке - асқар тау
Әке - асқар тау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жаһанша Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж студенті Жанашова Гауһар Бисенбайқызы
Имандылық жарасады ұл - қызға
Имандылық жарасады ұл - қызға
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, М. С. Бабажанов атындағы ЖОББ мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Кузергалиев Талап Калиллинұлы
Отбасы - алтын діңгек!
Отбасы - алтын діңгек!
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейі география пәні мұғалімі Сағынғалиева Гүлжанат
Наурыз - думан
Наурыз - думан
Мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі М.О.Әуезов атындағы №6 жалпы білім беретін орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Карлибаева Базаркүл Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×