Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХХІ ғасыр көшбасшысы

25 ақпан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
ШҚО, Көкпекті ауданы, Самар ауылы,
Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Темиргалиева Фарида Турсунгалиевна

ХХІ ғасыр көшбасшысы
Мақсаты: Халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған тәжірибелері мен тәлім-тәрбиесін, адамгершілік қағидаларын оқушы бойына сіңіру. Сөз байлығын, ойлау қабілетін дамыту.

Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім:
Армысыздар, құрметті қонақтар!
Ағайын мен халайық!
Көпшіл болған ер дана
Достары болар әр сала
Өнерліден үлгі алып,
Салдырар сәнді мол қала,
Өнерлімен дос болсаң,
Қиялыңды қозғайды –

Оқушы:
Уа, халайық, халайық!
Бәріне жар болайық
Бүгінгі кеш төрінде,
Математика елінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып,
Көңілді кеш жасайық,
Жұмбақ шеру жасайық,
Мұнда қызық табылар,
Жұмбақ, есеп бәрі бар,
Ал, сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық,
ХХІ ғасыр көшбасшысын табайық.

- Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Сіздерді 3 - сынып оқушыларының арасында өтетін «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайыс сағатын көруге шақырамыз. (Әділқазылар алқасын сайлау.)
Біреудің жүрегінің түгі бар,
Біреудің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар,
Бәрінен де ең бастысы – барлығының,
Қатты істейтін миы бар – дей келе, енді осы сайыскерлерімізді таныстырып өтейік. (Алдын - ала белгіленген нөмірі бойынша сайыскерлермен танысу).
Сайыскерлерге тілек:
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздей өренді
Математика сырына!
Қадамдарың оң болсын,
Сәт - сапар енді тілейік!
Жарыстың шарты:
Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі. 2 турдан кейін ұпайы төмен оқушылар шығып оырады. (Ең соңында 1 оқушы, яғни көшбасшы қалу керек).

1-тур – Өздерін таныстыру; 2 тур – Бәйге; 3 тур – Көкпар; 4 тур – Жеті жұмбақ; 5 тур – Мың бір мақал; 6 тур – Білімпаз.
Бәйге.
Сұрақ жауап:
1. Қазақстан Республикасының Президенті алғаш рет қай жылы сайланды? (1991, 1 желтоқсан)
2. Ахмет Байтұрсынов кім? (Қазақ халқының ғалымы, тіл білімінің атасы)
3. Қазақстан Рәміздері қай жылы қабылданды? (1992, 4 маусым)
4. Әлемдегі ең үлкен көл? (Каспий)
5. Қазақстанның Ата заңы қай жылы қабылданды? (1995, 30 тамыз)
6. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды? (1991, 16 желтоқсан)
7. Біз қай облыс, ауданның ауылымыз? (ШҚО, Көкпекті)
8. Желтоқсан құрбандары кім?

Көкпар.
1. Ұзындығы 4 см, ені 2 см тіктөртбұрыштың периметрі қандай?
2. Шаршының қабырғасының ұзындығы 5 см. Периметрін тап.
3. 12 см кесіндінің ширегін тап.
4. Әлібек 1 айда 6 ертегі оқиды. Осы қарқынмен 1 жылда неше кітап оқиды?
5. Ең үлкен 3 таңбалы санға 1 - ді қоссаң неше шығады?
6. 1000 саны шығу үшін 550 - ге қандай санды қосу керек?
7. Бірдей 5 ыдыста 45 кг бал бар. Бір ыдыста неше кг бал бар?
8. Бір санды өрнек, бір әріпті өрнек айт.
9. Миллионда неше «0» бар?

Жеті жұмбақ
1. Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. (Киіз үй)
2. Білімнен мол сый - асы,
Балғындардың ұясы. (мектеп)
3. Өзі айлакер, өзі бір қу
Жүрген жері айқай да шу. (Түлкі)
4. Бір санға өсірді,
Өзі қалып орнында, Бізді алға көшірді. (Сынып)
5. Екі аяқпен кезек - кезек тебеді,
Ол тынымсыз домалап, Зыр жүгіре береді. (Доп)
6. Ағайынды бес туыс, Жамылатын тоны бар,
Бесеуінде бір қуыс, Сырттан кірер жолы бар. (Қолғап)
7. Кіп-кішкентай екі көзі, Қалай көреді өзі?
Қол екен ұзын мұрны.
Сол мұрынмен
Тамақ тауып жүреді.(Піл)
8. Болса да көкте мекені,
Кездеспейді екеуі. (ай мен күн)

Мың бір мақал.
Мақалдың басын айтамыз, аяғын оқушылардың өздері жалғастырады.
1. Найзасыз ер болмайды, (Таңбасыз ел болмайды).
2. Туған жердің жері де көрікті, (Елі де көрікті).
3. Ақыл - тозбайтын тон, (Білім – таусылмайтын кен).
4. Білімдіге дүние жарық, (Білімсіздің күні кәріп ).
5. Оқу - білім азығы, (Білім – ырыс қазығы).
6. Қына тасқа бітеді, (Білім басқа бітеді).
7. Егіннің жайын еккен білер, (Арбаның жайын жеккен білер).
8. Диқаншы жерін мақтайды, (Балықшы көлін мақтайды)

Көрерменмен ойын.
1. Қазақстанның ұлттық валютасы қалай аталады? (Теңге)
2. Астананың бұрынғы атауы? (Ақмола)
3. Астана қаласының маңындағы ірі өзендер? (Нұра, Есіл)
4. Елтаңба авторы? (Ш. Уәлиханов. Ж. Мәлібеков)
5. Қазақтың тұңғыш ғарышкері? (Т. Әубәкіров)
6. Қазақстан Республикасы қанша облыстан тұрады? (14)
7. ҚР әнұранының авторлары? (Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев; Ш. Қалдаяқов)
8. Қазақтың тұңғыш ағартушы ұстазы? (Ы. Алтынсарин)

Білімпаз
1. Аспанда 6 құс ұшып жүр. Аңшы екеуін атып алды. Неше құс қалды?
(Екі құс қалды, қалғаны ұшып кетті)
2. Ойлаған санды 4 - ке бөліп, оған 26 - ны қос. 30 шықты. Ойлаған сан неге тең? (16 - ға тең)
3. Заттың атын білдіретін сөзді не дейміз?(Зат есім)
4. Қандай? Қай? сұрақтары қай сөз табыныкі?(Есімдік)
5. Қатаң дауыссыздарды ата.
6. Жуан дауыссыз дыбыстар.
7. Қай кезде бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылады?
8. Тау жыныстары нешеге бөлінеді?
9. Киіз үйдің керегесін құрайтын ағаш қалай аталады?(Тал)
10. Қол сүйектерін ата. (Қол басы, саусақ, шынтақ, кәрі жілік, тоқпан жілік)
11. Дені сау адамның тамыры бір минутта неше рет соғады? (60 - 80 рет)
12. Сезім мүшелерін ата (Көз, құлақ, мұрын, тіл, тері)

Көрерменмен ойын
1. Шөл кемесі? (Түйе)
2. Сауат ашатын кітап? (Әліппе)
3. 24 сағат (Тәулік)
4. Мұсылманның қасиетті кітабы? (Құран)
5. Шығыс Қазақстан облысының орталығы? (Өскемен)
6. Тісі түскен адам? (Кетік)
7. Қой пірі (Шопан ата)
8. 100 жыл? (Ғасыр)
9. Байланыс аппараты? (Телефон)
10. Мұсылмандардың дін ғимараты? (Мешіт)
11. 7 күн? (Апта)
12. «Жақсы» сөзінің антонимі? (Жаман)
13. «Ер қанаты»? (Ат)

Осымен сайысымыздың шарттары аяқталды. Әділқазылар алқасы жалпы ұпай санын есептегенше, сайыстың соңына дейін жеткен оқушылар бір - біріне тілектерін білдірсін. Бүгінгі сайысымызға қатысқан оқушыларға рахметімізді айта отырып, білімділік пен ізгілікті бойларына дарыта берулеріне тілектеспін.
3 615
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты математикалық ойындар
Қызықты математикалық ойындар
Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау. Мұндағы өлең - есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Уа халайық! Халайық! Бәріне жар салайық Бүгінгі ойын төрінде Математика елінде Математика тілінде Есеп шешіп жарысып Жұмбақ шешіп аңдысып Шабыттасып шалқысып Есеппен ән салысып Көңілді ойын жасайық
Математикалық поезд
Математикалық поезд
Мақсаты: • Бастауыш сынып оқушыларының алған білімдерін тиянақтау, жетістіктерімен бөлісу, жаңалықтармен алмасу; • Оқушыларды бір ұжыммен жұмыс істеуге баулу;
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, №1 жалпы орта мектеп - интернатының информатика пәні мұғалімі Пиралиева Айкерим
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, С. Абланов атындағы орта мектебі Нурпайзова Айнур Кенесбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×