Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ел ертеңін ойлаған Елбасына мың алғыс!

10 қараша 2019, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ел ертеңін ойлаған Елбасына мың алғыс
Сыныптан тыс шара
Мақсаты: қазақ халқының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мәлімет беру, елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ер жүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу, шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу, алғыс айту.
Көрнекілігі: ҚР мемлекеттік рәміздері, буклет, елбасының кітаптары, суреттері, тағы басқалар
Барысы:
Кіріспе
Мұғалім: Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі «Ел ертеңін ойлаған Елбасына мың алғыс» атты сыныптан тыс шарамызға қош келдіңіздер! Биылғы жылдан бастап, 1 - наурыз алғыс айту, ризашылығымызды білдіретін күн ретінде белгіленді. Осыған орай біз өз алғысымызды егемен еліміздің тыныштығы мен азаттығы жолында аянбай еңбек етіп жүрген елбасымызға арнамақпыз.

Ұйымдастыру
Қатысушы оқушыларды ортаға шаттық шеңберіне шақырамыз. Барлығы бірге «Ризамын» өлеңін оқиды.
Ризамын бүгінге
Ризамын бүгінге
Ризамын бүгінге
Ризамын қазірге.
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.
«Мейірімді жүрекпен, орындалар тілекпен»
Оқушылар жүректі ұсына отырып, бір - бірлеріне жылы сөздерімен жақсы тілектерін жолдайды. Оқушыларды топқа бөлу үшін парақшалар ұсынылады, берілген сөзді құрай отырып, екі топқа бірігеді. Берілетін сөздер: көшбасшы, қолбасшы
Мұғалім: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев - сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем, саңлақ шыққан сарабдал саясаткер, әлемдік деңгейде өзіндік орны бар үлкен тұлға, қажырлы мемлекет қайраткері. Алғырлығы мен көрегендігі, ептілігі мен тектілігі, батылдығы мен өжеттігі, мейірімділігі мен қайырымдылығы, алымдылығы мен шалымдылығы қатар жүретін нағыз марғасқаның бірі әрі бірегейі. Елбасына еліне жасаған жақсылықтары үшін алғысымызды айта отырып, кешімізді бастайық.

Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар:
І. Таныстыру
ІІ. «Дода» (Елбасы өміріне байланысты сұрақтар)
ІІІ. «Алтын бестік» (ҚР тарихындағы ең маңызды тарихи оқиғалардың 5 қатардан тұратын тізімін жасау)
ІҮ. «Тарихи шындық» (оқиға ретін хронология бойынша қалпына келтіру)
Ү. Шын жүректен (шығармашылық тапсырма)

Әр бір дұрыс жауапқа бір смайликтен беріліп отырады. Осы арқылы сіздердің ұпайларыңыз анықталады.
- Сайысымызды бастамас бұрын Елбасының оқу - білім саласындағы игі істеріне көз жүгіртіп өтейік. Таныстыру үшін ортаға 11 - сынып оқушы Жасболатова Гулжанарды шақырамыз.
Таныстыру
- Құрметті ойыншылар, өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер! (өзіне - өзі сауал қойып, соған өзі жауап бере отырып таныстырады)
Дода
«Жан қиналмай жұмыс бітпес,
Талап қылмай мұратқа жетпес» - дегендей кезекті «Дода» сайысына береміз.

І топқа
1. Елбасының туған жылы, айы, күні (1940 жылы 6 шілде)
2. Н. Ә. Назарбаев алғашқы еңбек жолын қайда бастады? (1960 жылы Теміртау қаласындағы металлургия тресінде жұмысшы болып бастады)
3. Назарбаевтың үлкен інісі (Сатыбалды)
4. Елбасының жұбайы (Сара Алпысқызы)
5. Н. Ә. Назарбаевтың резиденциясы (Ақорда)
6. Елбасының «Қазақстан - 2030» жолдау қашан жолданды (1997 ж)

ІІ топқа
1. Елбасының туған жері (Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылы)
2. Н. Ә. Назарбаев қашан Президент болып сайланды? (1991 жыл 1 желтоқсан)
3. Назарбаевтың кіші інісі (Болат)
4. Елбасының қыздары (Дариға, Әлия, Динара)
5. Н. Ә. Назарбаевтың сөзіне жазылған әндер (Үш қоңыр, Елім менің, ҚР әнұраны)
6. Елбасының «Қазақстан - 2050» жолдауы жарияланған жыл (2012 жыл)
- Бүгінгі кешімізге қонақ боп келіп отырған 5 - сынып оқушыларын ортаға шақырамыз. Елбасына деген өздерінің ыстық ықыластарымен бөліссін.
Алтын бестік
Оқушыларға таза парақшалар таратылады, топ болып ел тарихының негізгі бес тарихи оқиғаны жазып шығады да, таныстырады.
- Ортаға 6 - сынып оқушыларын шақырамын. Н. Ә. Назарбаевқа деген алғыс өлеңдерін оқып берсін.

Тарихи шындық
Оқиға ретін хронология бойынша қалпына келтір
І топқа
1. ҚР қазіргі Ата Заңы қабылданды
2. Мемлекет нышандары – Елтаңба және Ту қабылданды
3. Жаңа астана – Астана қалысының тұсаукесері
4. Ұлттық валюта – теңге енгізілді
Кілті:
1. Мемлекет нышандары – Елтаңба және Ту қабылданды
2. Ұлттық валюта – теңге енгізілді
3. ҚР қазіргі Ата Заңы қабылданды
4. Жаңа астана – Астана қалысының тұсаукесері

ІІ топқа
1. Екінші ұлттық халық санағы
2. Қазақстанның БҰҰ кіруі
3. Жаңа Әнұран қабылданды
4. ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды
Кілті
1. Қазақстанның БҰҰ кіруі
2. ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды
3. Жаңа Әнұран қабылданды
4. Екінші ұлттық халық санағы

Шын жүректен
І топ Елбасына арнап алғыс хатын жазады, ІІ топ Елбасымен кездесе қалған жағдайда сыйлайтын сыйлықтарыңыз бен айтар тілегін білдіреді.
Ойыншылардың алғыс хаттарымен таныса отырып, хаттарын почта қорапшасына салады.
Марапаттау
- Жас ұстаздардың «Мың алғыс айтамыз» атты флешмобын қабыл алыңыздар.

Қорытындылау
Ән: «Елім менің» (сөзі Н. Назарбаев, әні Б. Тілеуханов)
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым! – дей отырып бүгінгі шарамызды аяқтаймыз. Уақыт бөліп келгендеріңіз үшін баршаңызға «мың алғыс» айтамыз.

БҚО, Казталов ауданы, Қарасу ауылы
Айдана Жұмашева
5 722
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Жаңалықтар
1 - Желтоқсан президент күніне арналған тақырыптық сабақ «Елбасымен біргеміз!»
1 - Желтоқсан президент күніне арналған тақырыптық сабақ «Елбасымен біргеміз!»
Қазақ халқының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірі, туып – өскен, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге азаматтыққа тәрбиелеу. Бала жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елбасының өмірімен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәлімет беру Шәкірт жүрегінде Елбасының елі үшін жасаған істерін үлгі өнеге ретінде айтып, Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі
Менің тұңғыш Президентім
Менің тұңғыш Президентім
Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру
Біздің тұңғыш Елбасы. Наш первый Президент
Біздің тұңғыш Елбасы. Наш первый Президент
Бастауыш сынып мұғалімі Окасова Гүлден Маликовна
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Менің Президентім
Менің Президентім
Шалқар қаласы №6 орта мектебі Төреханова Г. – МАД «А» тобының мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.