Білімділер поралы
загрузка...

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты. Тәуелсіз елдің ұрпағымыз

Тәуелсіз елдің ұрпағымыз
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Тәуелсіздіктің кімдердің қанымен, қандай ауыртпалықпен келгендігі жайлы айтып, ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту.
Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: "Зерде" зияткерлік ойын сабағы
Сабақтың көрнекіліктері: тапсырма жазылған кітаптың суреттері, асық, ребус, сөзжұмбақ, Астананың айшықты жерлерінің суреттері, рәміздер, тақырыптың аты, сөздер: Тәуелсіздік - тәңірден келген тәтті сый

Өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Есімдерге байланысты топтарға бөліну. Ләззат Асанова, Мәншүк Маметова, Сабира Мухамеджанова, Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Ербол Сыпатаев топтарға бөлу.
І топ - Желтоқсан тобы, ІІ топ - Тәуелсіздік тобы
2. Әр топ өздерін таныстыру
«Білім» тобы
Ұраны: Білімді бірді жығар
Білекті мыңды жығар
«Ұшқыр» тобы
Ұраны: Ұшқыр ой тілден жүйрік
Әділқазылар алқасын сайлау: Тәрбиеи ісінің меңгерушісі: Камзина С. О және математика пәнінің мұғалімі Әділбек Әмина

Мұғалім:
Қазақстан көк байрақтың нұры едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің қуанышым, бақытым,
Өзің менің мақтанышым тірегім.
Қыран құсым көк аспанда самғасын.
Желбіреп көк байрағың сан ғасыр
Жас ұландар, берік ұстап туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын.
- Балалар, 16 - желтоқсан қандай мереке? - 16 желтоқсан тәуелсіздік күні.
- Желтоқсан оқиғасы туралы сен не білесің?
- Ол туралы біз көп білмейміз ғой, себебі сол кезде біз дүниеге де келген жоқпыз. Ол туралы теледидардан, ұстаздардың айтуынан, кітаптардан оқып жүрміз.
- Сол кезде неге қазақ студенттері алаңға шықты деп ойлайсыңдар?
- Қазақстан Компартия Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметіне Г. Колбиннің сайлануына қарсылық білдіріп, алаңға шықты. Мұның соңы немен аяқталды, сен білесің бе?
- Жастар алаңға жиналды. Аяз қысып, қыс қаһарын төгіп тұрса да, жастар қатарын сиретпеді. Оларды тарату үшін билік бар білген зұлымдығын жасап бақты. Оларға жала жапты. Ұлтшыл, нашақор деп кінә тақты. Жүздеген адамдар жарақат алды. Ұсталғаны сотталды. Сол екі күн күллі әлемді дүрліктірді. Бірнеше күн Алматы қаласының барлық қалаларымен байланысы үзілді.
Кешікпей Алматы қаласындағы желтоқсан оқиғасының жаңғырығы Өскемен қаласына да жетті. Студент жастар қала орталығындағы "Ушанов" алаңына шеру тартады. Олардың арасында әділет іздеген, алыстағы Алматы жастарының бейбіт шеруін қолдаған Сәбира Мұхаметжанқызы да болған. Сәбира үйіндегі кенжесі. Жазықсыз балағаттап, ұрып - соғып, темір торлы жабық көліктерге қамап, қалғанын қуып жіберген.
Сәбираның да оқу орнында ата - аналарын шақыртқан үлкен жиналыс болды. Анасын көргенде Сабира намыстан жарылып кете жаздады. Көп кіналау, жазықсыз жала "Тентек" - деген ұстаздар сөзі жанын аяздай қарыды. Сәбирамен шеруге шыққан құрбылары үнсіз жылай берді. Бір кезде Сәбира алға шықты:
- Бәріне кінәлі мен. Жазаласаңдар мені жазалаңдар! Бұлардың еш жазығы жоқ. Оларды алаңға мен үгіттеп апардым. Бәріне мен жауап беремін! Бұларды оқу орнынан қумаңдар. Шеруді де мен ұйымдастырдым, - деді тайсалмастан. Бәрі үндемей қалды. Сәбира кенет жиналысты тастай салып, сыртқа қарай жүгіре жөнеледі.
Сол жүгірген бойда намысшыл қыз жатақхананың бесінші қабатынан секіріп кетеді. Желтоқсанда жанын шүберекке түйген Сәбирадай батыр қыздың ақтық сөзі бүкіл елге аңыз болып тарап кетті. Сәбираның қысқа ғұмыры ел жадында мәңгілікке жаңғырып қалды. Қазақ елі көптеген ер жүрек қыз - жігіттерінен айырылды.
Сол кездегі желтоқсан оқиғасына қатысқан жастар - нағыз қаһарман, ержүрек, адамдар деп мойындау керек. Сол күні тәуелсіздік жолында мерт болған жастарымыздың аңсаған арманын ту етіп, халқымыздың намысына кеудесін тосып қорғаған, жандары тек шындық деп шырқыраған Қайрат, Ербол, Сәбира, Ләззаттар сол кезде қорлық пен зорлықтың неше түрін бастан кешті. Осындай қайсар рухты аға - апаларымызға құрмет көрсету, олардың ерлігін үлгі ету біздің міндетіміз.
Елбасымыз айтқандай, «Қазақстан болашағы – білімді ұрпағында», олай болса зиятккерлік ойынымызды бастайық.
Оқушыларға ұшқыр ой, сәттілік тілеймін!
1 - ші кім бастайтынын анықтау үшін, менің қолымдағы санның қай қолымда екенін дұрыс табу. Сол санды тапқан топ 1 - ші бастайды. (16)
І. Ойын шарттарымен таныстыру

ІІ. Негізгі бөлімдер
• Ойлан тап
• Білгенге маржан
• Сөзжұмбақ
• Көңілді ребус шешу
• Математика
• Арнайы сұрақ

І. Ойлан тап
1 минут ішінде қысқа – нұсқа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру.
1. Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан ба?( иә)
2. Елтаңбаның авторы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев па?(жоқ)
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы Шәкен Ниязбеков пе?(иә)
4. Тұңғыш Президент күні 4 желтоқсан ба? (жоқ)
5. Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке "Халық Қаһарманы" атағы берілді ме? (иә)
6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында қырын бүркіт, күн, ұлттық ою - өрнек бейнеленген бе? (жоқ)
7. "Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму" атты жолдауы 30 - шы қарашада жолданды ма? (иә)
8. Бәйтеректің биіктігі 97 метр ме? (иә)
9. Ұлтына қамқор Елбасы атты сынып сағаты өтті ме? (иә)
10. 2015 жыл Қазақстан халқы ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толды ма? (иә)
11. Қайрат Рысқұлбеков жазушы ма?( жоқ)
12. Лаззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев желтоқсанның қарлығаштары ма?(иә)

ІІ. Білгенге маржан
6 кітаптың біреуін таңдайды. Кітаптың артында сұрақтар жазылған. Сол сұрақтарға жауап береді.
1 - кітап Астана
Астанадағы қандай айшықты орындарды білесің?
2 - кітап Рәміздер
Қазақстан Респупликасының мемлекеттік рәміздерін ата.
4 - кітап. Батырлар
Желтоқсанның қарлығаштарын ата.
5 – кітап. Хандар
Қазақ хандығын ең алғаш құрған қай хандар?
Керей хан мен Жәнібек хандар
6 – кітап Тәуелсіздік
Тәуелсіздік күнін ата.

ІІІ. Сөзжұмбақ «Отан» Екі топ бір - біріне дайындап әкелген сөзжұмбақтарын шешеді.

ІҮ. Көңілді ребус шешу
Екі топқа дайындап әкелген ребусты беру. Олар тез арада ребусты шешу керек. "Астана"
Асық,,,, кітап, нан,
Ү. Математика
Логикалық сұрақтарға кезектесіп жауап беру
1. Үш дос шахмат ойнап отыр. Олардың әрқайсысы 2 партия ойнаса, барлығы неше партия ойнайды? (3 партия)
2. Апта күндерінің қайсысы "ма" буынымен аяқталады? (жұма)
3. Отбасында төрт бала бар: қыздар қанша болса, ұлдар да сонша. Отбасында қыздар қанша, ұлдар қанша? (қыздар екеу, ұлдар екеу!
4. Мұзайдында 6 бала сырғанап жүрді. Олардың екеуі түскі тамақ ішуге кетті, ал түстен кейін олар мұзайдынға оралды. Мұзайдында қанша бала болды?
5. Жануардың екі оң аяғы, екі сол аяғы, екі алдыңғы аяғы, екі артқы аяқтары бар жануарда неше аяқ бар? (4)
6. Шортан, алабұға және табан балықтарды сатып алды. Шортан табан балықтан ауыр, ал табан алабұғадан ауыр. Қай балық ең жеңіл? (алабұға)
ҮІ. Арнайы сұрақ 2 топқа бір сұрақ қойылады. Кім бірінші шеше, сол жеңіске жетеді.
"Қ" әрпінен басталып, "қ" әрпінен аяқталатын елдің атын атаңдар.

ҮІІ. Қорытынды: Жинаған ұпай сандары есептеліп, орындар анықталды.
І – орын – «Білім» тобы ІІ - орын «Ұшқыр» тобы
ІІ бөлім
Ән: Қазақ елі
Тәуелсіздік
1. Маржан
Тәуелсіздік - бабалардың ұраны,
2. Тоғжан
Тәуелсіздік - еркіндіктің жыр - әні.
3. Бекзат
Тәуелсіздік - халқымыздың байлығы
4. Нұрай
Тәуелсіздік - Қазақстан айбыны.
5. Саян
Тәуелсіздік - елдігім, еркіндігім
6. Назерке
Тәуелсіздік - аспанымызда жарқыра,
Қырандай болып қалықташы әрқашан!
ІҮ. "Отан" өлеңі оқитын Ержанұлы Бекзат

Тәуелсіздік арқасы
1 - оқушы Назерке
Тәуелсіздік арқасы -
Ашылса көкірек көзіміз,
Билікке өтсе сөзіміз,
Елінің ен тарихын -
Енді ашып жатсақ өзіміз.
2 - оқушы Маржан
Тәуелсіздік арқасы -
Жалтақтатпай бөтенге,
Ие қып ата-мекенге,
Қайратты Қазақстанды -
Танытсақ алыс шетелге.
3 - оқушы Нұрай
Тәуелсіздік арқасы -
Жорықта қарсы бел буып.
Хандық құрған қазаққа
Құрмет қылса ел тұрып.
4 - оқушы Тоғжан
Тәуелсіздіктің арқасы -
Тойласақ қазақ хандығын,
Ол - тектілік, арлы ұғым.
Хан ұрпағы мәз бүгін.
6 - оқушы Саян
Тәуелсіздіктің таңы атты

Ән: Біз бақытты баламыз
Егемендіктің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Әнұранымыз, Туымыз бен Елтаңбамыз, қазақ тіліміз, төл теңгеміз бар. Егемендік үшін қан төккен аға - апаларымыздың ерлігін мәңгі есе сақтайық.
Жеңімпаз командаға сыйлық беру. Астана кітабын сыйға тарту.

ШҚО, Ұлан ауданы, Жанұзақ ауылы.
Бастауыш сынып мұғалімі
Кабдешова Клара Казтаевна
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Бәйге бөлімі
  • Мәтін, мәтіндік блоктарды құру

    Оқушыларды Macromedia Flash бағдарламасында мәтінмен жұмыс жасауды үйрету; Оқушыларды мәтінмен жұмыс жасау туралы білімдерін қалыптастыру
  • Мағжан Жұмабаев «Сүйемін» өлеңі

    Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы мағлұмат алуға, танып - білуге қызықтыру, «Сүйемін» өлеңінің идеясы мен тақырыбын түсінуге және өлең құрылысын жан - жақты талдай білуге, сын ...
  • Қайталау. 400 - 406 - жаттығулар

    Оқушыларды қазақ халқының дәстүріне деген сүйіспеншілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
  • Қош келдің – әз Наурыз!

    Наурыз қазақтың ұлттық мейрам екенін ашып көрсету; балалардың санасына халқына деген мақтаныш сезім ұялату; мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағынасына қарай балаларды адамгершілікке, елін, ...
  • Спортпен айналысамыз

    Берілген материалдың мағынасын түсінеді, сөздерді жіктейді, есімдіктерді, демеулік шылауларды атап, мысалдар келтіре алады.
  • Би музыкасы

    Қазақ халқының салт - дәстүріндегі бидің алатын орны, Шара Жиенқұлованың өмірімен және билерімен танысу. Оқушылардың музыка пәніне қызығушылығын дамыту, сүйіспеншілігін ояту арқылы әсемдікке ...
  • «Getting from A to B. Travel and transport» «А - дан Б - ге жету. Саяхат пен көлік

    - саяхат түрлері мен көліктерді сипаттай алады; - көліктің түрлерін ажыратып, олардың атқаратын қызметтерін атап береді.
  • Республиканың 1965 - 1985 жылдардағы қоғамдық - саяси өмірі

    Республиканың 1965 - 1985 жылдардағы қоғамдық - саяси өмірі жеке, жұптық, топтық жұмыс жасай отырып, өздігінен білім алады
Үздік жаңалықтар
Өз пікіріңді білдір
Қанша жалақы аласыз?
25000-35000
35000-45000
45000-55000
55000-75000
75000-100000
100000-250000
Сайтта кім бар
Барлығы: 216
Қолданушылар: 2
Қонақтар: 214
Роботтар: 2
Самал87 isaev.2
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • БГК
    Жазған: БГК
  • Венерок
    Жазған: Венерок
  • guizira1983
    Жазған: guizira1983
  • Кеулимжай
    Жазған: Кеулимжай
  • Арнұр
    Жазған: Арнұр
    Мына жаңалықта: Қимылды ойындар
  • ALTUH79
    Жазған: ALTUH79
  • Aiman Bolatbek
    Жазған: Aiman Bolatbek
  • Гүлнар Жолдасова
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика