Сұхбаттасу
Ляко
Ляко
16:02:55

Пікіріңізге рахмет. Әділ болғанды қалаймын барлық жағынан. Еңбегіңізге табыс тілеймін tongue
bibka
bibka
11:01:24

Гульмира07,
Сізге жеке хабарлама жіберілді
Гульмира07

Сайтқа тіркелген соң, әмиян ақша аудару үшін әмиян нөмірін қалай білуге болады?
Тлекші

сәлем, bibka, психологиядан тренингтер саласам қай катергорияға салсам болады?
bibka
bibka
10:15:02

Балауса, презентацияны уақытында салмағансыз.

Чатқа тек тіркелген қолданушылар ғана жаза алады.
Біздің сайтты ұнатады
Қай елден кірді
free counters
Қатені көрсетіңіз
Егер сайттан орфографикалық қате тапсаңыз, онда сөзді бөлектеп мына батырмаларды басыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

5-ке көбейту және бөлу.

Қостанай облысы, Қостанай қаласы, № 1 орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі Кожухова Анар Бакитбековна

Қайталау.Өткенді пысықтау.

Қостанай облысы, Қостанай қаласы, № 1 орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі Кожухова Анар Бакитбековна

Отбасы - бала тәрбиесін қалыптастырушы ең алғашқы бесік

Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі: Ибраймова Гүлнар

Достық аралы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №89 Шамшырақ бөбекжай – балабақшасы тәрбиешісі Бибосынова Айнұр Базарбаевна

9 саны және цифры ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: 9 саны және цифры
Әкімшілікпен хабарласу
Сайтта кім бар
Сауалнама
Онлайн режимінде қандай программаны үйренгіңіз келеді?
Электронды кітап жасауды
Photoshop
Corel Draw
Power Point
Word

Жеке веб парақша ашу
Соңғы пікірлер
  • Авторы: Perezat
  • |
  • Пікірлер: 0
  • |
  • Қаралды: 1525
  • |
Сабақтың тақырыбы: Білім нәрі - кітапта

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өз ойын көпшіліктің алдында еркін жеткізе білуге және сахнада өзін ұстау мәдениетін үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін және тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру және кітап оқуға құмарландыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың көрнекілігі: Кітап туралы даналық сөздер мен мақал-мәтелдер, слайдтар

Сабақтың барысы:
Жүргізуші:
Адам баласы дүние есігін ашқаннан кейін, жасы толып мектеп табалдырығын аттап, білім алады. Мектеп бітіріп жоғары оқу орындарынан білім шыңдай түседі. Сол білімді алуға бірден-бір ең қажетті құралдардың бірі – кітап.
«Кітап адамзат ақыл – ойының інжу – маржанын бойына жинайды, оларды ұрпақтан – ұрпаққа жеткізеді.
Біз бір уыс күл – топыраққа айналамыз, ал кітаптар дәл бір темір мен тастан қашалып жасалған ескерткіштердей ғасырлар бойына сақталады» - кітапқа осыншама баға берген қазақ жазушысы Айбек.

Жоспары:
1. Таныстыру(І топ “Кітапқұмарлар”, ІІ топ “Кітапсүйерлер”)
2. “Сөздің көркі - мақал” мақал-мәтел жарысы
3. “Өлең – сөздің патшасы” мәнерлеп оқудан жарыс (туған ел, тіл, кітап туралы өлеңдерін жатқа айту).
4. “Ойлан тап” жұмбақ жарысы.
5. Көрініс: “Кітаптар мұңы” (әр топ оқушылары кітаптар туралы көріністі көрсетеді).
6. “Кім жылдам” викториналық сұрақтар (екі топ басшылары қатысады).

1. Таныстыру.
(І топ“Кітапқұмарлар”, ІІ топ “Кітапсүйерлер”)
2. “Сөздің көркі - мақал” мақал-мәтел жарысы
3. “Өлең – сөздің патшасы” мәнерлеп оқудан жарыс (туған ел, тіл, кітап туралы өлеңдерін жатқа айту).
Ана тілі
Ш.Сариев
Әлдиінен қадірлі сөз бола ма,
Ананың ақ сүтінің қарызы мол.
Өз тіліңді үйрету өз балаңа
Ананың алдындағы парызы ол!
Кінә артады күні ертең бала кімге
Ұрпағының алдында ұяттысың
Бір ауыз сөз білмесе ана тілде
Өз балаңа шет елдік сияқтысың
Ұмытылып қалардай өз анаң да,
Ана тілді ұмыту – масқара бұл !
Еске ұста атынан сөз аларда
Ана тілден құрылған астана бұл.
Республика болғанмын Ана тілмен
Ана тілмен жазылған Алтын заңым
Халқым берген осы екі қанатыммен
Тәуелсіздік елдермен жарқылдадым!

Кітап
Оразақын Асқар
Қырандай томағасы алынбаған
Етеді жабық кезің жанымды алаң
Сыйлықтар қатарында өзің тұрсың
Өзкесін сенен бұрын қабылдаман
Ашылған екі бетің жайған қанат

4. “Ойлан тап” жұмбақ жарысы.
1. Сырты ескіргенмен
Іші ескірмеген.
2. Жаңа ғана қаланды
Балалар ағып барады.
3. Аяғы жоқ жүреді,
Аузы жоқ сөйлейді.
4.Бес жанды бір жансызға мінгескен,
Айналып ақ тақырдан із кескен.

5. Бір атадан туыпты 29 баласы,
Бірлігінде, бұлардың ешкімнің жоқ таласы.
Бірігіп жүріп іс қылар, өзің ойлап қарашы

6.Ат мініп қара-ала аяқ қаздақтатып,
Жүргенде жол салады сабандатып.

7. Дүниеде бір құдық бар қайнап жатқан,
Ішінен су шығады мың сан батпан.
Сол құдық сондай-ақ көп болса дағы,
Бетіне бетегесі шығып жатқан

8.Келеді сапар тартып алуан жолдан,
Тамаша қызығы көп түспес қолдан,
Қызығын оқысаңыз тамашалап,
Қаласың хабарласып барлық жайдан.

9.Бір нәрсе ала шұбар, қара тұмсық,
Қарасаң басқан ізі қисық-қисық.
Өзі жансыз, жандының күшіменен
Борайды ат үстінде желдей есіп.

10.Жер көрдім қаласы бар,
Үйлері жоқ мекендейтін,
Көл көрдім, өзен көрдім,
Сулары жоқ тереңдейтін.
5. Көрініс: “Кітаптар мұңы”(әр топ оқушылары кітаптар туралы көріністі көрсетеді).

6. “Кім жылдам” викториналық сұрақтар (екі топ басшылары қатысады).
1. Сен кітапханадан қандай кітап алып
оқыдың, ол немен қызықты?
2. Ал сен кітапханаға барасың ба?
3. Тіл мерекесі күнін қашан тойлаймыз?
4. Біздің ауданымызда қандай газеттер шығады?
5. Қандай балаларға арналған газет журналдарды білесің?
6. Тұңғыш қазақ ғарышкері кімдер?
7. Республика күні қашан?
8. Жаңа туған нәрестеге жасалатын той?
9. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторы кімдер?
10. Қазақстан Республикасының туының авторы кімдер?

Көп жасаған білмейді, көп оқыған біледі.
(М.О.Әуезов)

Назар аударыңыз! Сіздің жасырын мәтінді көруге құқығыңыз жоқ.
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.