Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


22 наурыз мерекесіне арналған. Ұлыстың Ұлы күнін ұлықтаймыз!

13 наурыз 2021, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Ұлыстың Ұлы күнін ұлықтаймыз!

Мақсаты: Құрметті көрермендер, бүгінгі біздің кешіміздің мақсаты - заман өзгерсе де ұлттық салт - дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт - дәстүрдің жанашыры болатынына сенеміз.
«Наурыз думан» әнінің ырғағымен «Ұлыстың Ұлы күнің ұлықтаймыз!» атты мерекелік кешіміз басталады.

Жүргізуші:
Наурыздың (парсыша «Нау» жаңа, «Руз» күн, яғни жаңа күн) 22 жұлдызы күн мен түннің ұзақтық мерзімі теңесетін, Жаңа жылдың бірінші жұлдызы – Ұластың ұлы күні.
Көктемнің шуағы мол да, мерзімі қысқа. Бірде күн төбе қыздырса, кейде табан сыздатады. Наурыздың орта немесе соңғы шені өкпек жел соғып, қар күрт еріп, жер лайсаң тартатын шақ «Аласапыран» аталады. Жаңа жылдың алдында не алғашқы күндері жауған, жылтылдап көз шағылыстырар жұмсақ ұлпа қар «Наурыздың ақша қары» тез ериді. Бұл қар «Құс қанаты» яғни құс келер алды қар деп те аталады.

Наурыздың 17 жұлдызынан 21 жұлдызына дейінгі аралық «Бесқонақ». Наурыздың соңында шаруаға жайлы жағдай туғызар 5 – 10 күндік жауын – шашынды амал – Бес тоғыстың бет жуары. Бұл ай ит шуағы, кемпір шуақ, ескек желді ай. Наурызда Үркер туа таң атады.
Жер әлемге тағы да Көктем келді. Көктем – балалық, жастық шақ. Қызыл – жасылды түсімен қырғауылдай құлпырған көктемге, яғни өмірге деген құштарлығың арта түседі.
Көктемде Жер – Ана оянып, табиғат жаңарып, жасарып, күн ұясынан шығып, барша халыққа өз нұрын шашып, күлімдеп тұрады. Жер әлем жасыл – желек атып, жыл құстары туған жеріне оралады. Көктемде алғаш ұшып келетін құстар да бар. Олар – Махаббат белгісіне айналған, жұбынан өмір бойы ажыраспайтын аққулар. Көктемде алғаш ұшып келетін құстардың алғашқы келуі, қазақ халқының сүйікті де дәстүрлі мерекесі – Наурыз ұштасады. легіне шақшақай да жатады. Өлкемізге жыл құстарының
«Тырау – тырау тырналар» деген сөзді ойға алғанда аспанда топтасып сына тәрізді бейнеде ұшқан тырналарды көреміз.
Оқушылар сахнаға шығар кезде «Көңіл толқыны» күйі ойнап тұрады.

Жүргізуші: Көрініс: Қызыр ата келген күн
Бірде Қызыр ата дүниенің төрт бұрышын аралап жүріп Қазақ еліне тап болыпты. Әне ел деп осы айт. Жері қандай кең – байтақ болса, халқы да сондай дарқан. Шетінен мейірімді. Доспын дегенге құшағы айқара ашық. Ата дән риза болады. Әрине, Қызыр атаның жүрген жері қашан да молшылық. «Тойларың тойға ұлассын. Мейрамдарың көп болсын» деп бата береді.
Қызыр ата келген күн жыл сайын мейрамға айналыпты. Оны өздеріңше «Наурыз» деп атап алса керек.

1 - оқушы: Осы барлығымыз айтып жатырмыз «Ұлыстың ұлы күні» деп, ал ол қайдан шыққанын білесіңдер ме?
Бұл жөнінде мынандай аңыз бар: бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күнді – ұлыстың ұлы күні деп жариялайды.

2 - оқушы: «Қазақтың тыйым сөзі - тәрбие көзі» дейді қазақ.
Бас киіммен ойнама.
Ақты төкпе.
Малды теппе.
Бүйіріңді таянба.
Кешқұрым ұйықтама,
Айға қолыңды шошайтпа
Нанды баспа
Табаныңды тартпа
Жайдан жай уһілеме.

Қызыр баба (Нұрлан): О - ой, бәрекелді! Көп жасаңдар, айналайындар! Жастарың, айтса айтқандай, өнерлі екен. Жөн - жоралғыдан да қаражаяу емес көрінеді. Енді, рұқсат болса, бұрынғының жолымен мен енді балалардың зерделері мен ой - өрістерін біраз пайымдап көрсем.
Күн: Жөн, ата, жөн! Жастарымыз зердесіз емес сияқты. Намысты қолдан бере қоймас.
Қызыр баба (Нұрлан): Ендеше алғашқы сұрақ:

1 - сұрақ: Наурыз шешек деген өсімдік туралы не білеміз?
Оқушы: Наурызшешек – наурыз айында өсетін жапырақты түрлі – түсті гүлді, қауашақты әсем шөп. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. «Наурызшешек» «Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін, бағалы өсімдік.

2 - сұрақ: Наурызкөк құсы туралы не білетіндеріңді айта қойыңдаршы?
Оқушы: Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсы шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді.

3 - сұрақ: Наурыз көже туралы не білеміз?
Оқушы: Наурыз көже – Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс, т. с. с тағамдардан жасап, оған қазы шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор.

4 - сұрақ: Наурызнама ойын сауығы туралы не білеміз?
Оқушы: «Наурызнама» - шат шадыман ойын – сауық той. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын сауықтар жасалады. Мұнда шарап ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты тыйым салынған. Тойға ат жарыс, палуан күрес, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады.

5 - сұрақ: Халық Наурызша деп айтып жатады. Оны қалай түсіндіңдер?
Оқушы: Наурызша - Наурыз айында жұп – жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша» деп атайды.

6 - сұрақ: Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі - осы Наурыз бата. Ол бата туралы не білеміз?
Оқушы: Бұл наурыз бата наурызнама өткізгендерге, осы күнге арнап «Наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші палуандарға бата беріледі.

Қызыр баба (Нұрлан): Бәрекелді, балалар, жарадыңдар! Ризамын.

Ән: «Қазақтай ел қайда?» 5 сынып оқушылары

Жүргізуші: Наурыз келді көңілді,
Жер шуаққа бөленді.
Күндер туды шуақты,
Қар еріді, су ақты.

Күн мен түн теңелді,
Құстар келді жыр алып.
Дала нұрға кенелді,
Біз де жүрміз қуанып.

Көктемде біз тойлаймыз,
Наурыз тойын ұлыстың.
Тойдан құр қалмаймыз,
Салты ғой бұл ұлы істің.

Жүргізуші: Сахналық көрініс. Шықбермес Шығайбай мен Алдар көсе. Орындайтын: Арлан және Нұржігіт.
Шығайбай: - Алла - ау, сақтай гөр! Неменеге қаптап кеткен мына жұрт? Шығайбайға ас беріп жатыр дей ме екен? Шығайбайдың малын шашпақ қой, ойлары. Тағы да демеуші бол, көмектес деуден тайынбас. Кетейін, көрінбей көздеріне.
Алдар көсе: Оу, Шәке қайда бара жатырсыз, қайдан келе жатырсыз?(- деп төс қағыстырмақ болады.). Бүгін той, көктем мерекесі, ел мерекесі. Құнанбай балалы болыпты. Сізден халқымыздың салтымен сүйінші сұрай келдім. Бүгін сол ат қою рәсімі болмақшы. Жұрт соған жиналған болар.
Шығайбай Бір пәлеге кіріп кетпей тұрғанда жөніме кетейін.(деп ақырын жылыстап шығып кетеді)
Алдар көсе: Оу, Шәке елмен бірге болыңыз Шәке! Қой бұдан түк шықпас. Оданда мына отырған жұрттан сүйінші сұрайын.
Айналайын ағайын сүйінші Құнанбайдың үйінде бүгін той. Ат қою тойы болғалы жатыр. Тойға келіңіздер!
Жаңа жыл құтты болсын! Ақ мол болсын!
Қайда барса жол болсын. Ұлыс бақты болсын!
Төрт - түлік ақты болсын! Бәле - жала жерге енсін!
Ұлыс береке берсін! Жұрт аман - есен болсын!
Музыкалық нөмір: «Ата дәстүрі» Орындайтын: 6 сынып оқушылары

Жүргізуші:
Сіздердің назарларыңызға халқымыздың ұлттық дәстүрінің бірі «бесікке бөлеу рәсімі» ұсынылады.
Көрініс: Бесікке бөлеу рәсімі көрсетіледі (6 сынып оқушылары)
Оқушы: Бесік – қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы. Бесікті отпен аластап, «Тыштырма» жасап алады да, баланы бесікке салады.
Балаға деген ана махаббаты бесік жыры арқылы айтылады. Баланы бесікке салып тербете отырып:
Әлди - әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем
Жылама, бөпем, жылама,
Жәләк шағып берейін
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін

Толық нұсқасын жүктеу
8 295
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған «Төрлет, төрлет Наурыз!» ересек топтарға ертеңгілік
Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған «Төрлет, төрлет Наурыз!» ересек топтарға ертеңгілік
Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт - дәстүр, әдет - ғұрып жайында қарапайым түсінік беру.
Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған «Әз – Наурызым, армысың» атты үздік сабақтар бәйгесінің қорытындысы шықты
Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған «Әз – Наурызым, армысың» атты үздік сабақтар бәйгесінің қорытындысы шықты
Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған «Әз – Наурызым, армысың» атты үздік сабақтар бәйгесінің қорытындысы шықты
Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Тек адамзат қана емес, табиғаттың да жасарып, бой түзейтін шағы – Ұлыстың ұлы күнінің баршамыз үшін жолы да, жөні де бөлек. Әне - міне дегенше қар еріп, жылғалардан су ағып, табиғат жасарып, көктемнің саумал самалына ілесіп Наурыз да жетті.
Наурыз - думан
Наурыз - думан
Қазақ халқының тұрмыс - тіршілігінде, әдет - ғұрпында ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі - Наурыз. Бұл күн жыл сайын наурыз айының 22 - жұлдызында мерекеленетін болған. Яғни, күн мен түннің теңеліп, қар еріп, көк шыға
Ұлыстың Ұлы күні
Ұлыстың Ұлы күні
Шотыбасова Анар Асановна Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы № 19 орта мектебі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×