Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дәстүрді дәріптейік

23 мам 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Өткізген: Өтепбергенова Құндыз Сағатқызы

Tақырыбы: Дәстүрді дәріптейік
Мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып баланың ата - ана өміріндегі маңызын, ата - аналардың балаларға деген тәлім - тәрбиесін көрсету;
Оқушыларды ата – бабаларымыздың дүние танымын қастерлеуге, дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сыйлауға үйрету; Мектеп пен ана - ана арасындағы байланысты нығайту;
Барысы.
(Сахнада сазды әуен, «Сарыарқа» күйі ойналады)

Кіріспе сөз:
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен - кіші, жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым,
Гүл - гүл жайнап мына біздің төрімізге.

Туған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз
- дей келе бүгінгі «Дәстүрді дәріптейік» тақырыбындағы ашық тәрбие сағытымызды ашық деп жариялаймыз.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын: «Дәстүрді дәріптейік» деп алған себебіміз - өз халқымыздың салт - дәстүрін, тілін, дінін сыйлап, мәртебесін көтеру. Салт – сана мен дәстүр бізді басқа халықтардан ажырататын бірінші белгі. Дәстүр ата - бабаларымыздың дүние танымымен астарлас. Ғасырлар бойы ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан қасиетті қазынамыз. Басқа халықтардан ерекшелеп тұратын ұлттық құжатымыз. Оны сыйлау, болашақ ұрпаққа аман - есен жеткізу - біздің міндетіміз.
Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін ұстанғандардың бірі - өзіміздің қазақ халқы. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың ғасырлар бойы жазған зор еңбектері – салт - дәстүр, әдет - ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы.

Той деп бүгін көңіл шіркін тасады,
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Арамызда бүгін болар сайысты
Сөзден жүйрік жыршы бетін ашады.
(Содан кейін осы сайыстың басталу салтанатына қарт әже тілегін айтып, батасын беріп, шашу шашылады. Шашу шашылып жатқанда әдемі бір әуен ойналады. Әуенің ырғағымен жүргізуші тойдың ашылуына байланысты жыр жолдарын оқиды.)

Негізгі бөлім.
(Мұғалім бүгінгі сайысымыздың әр кезеңімен таныстырып өтеді.)
Ата - аналар сайысының кезеңдері:

І кезең. «Сұрасаң менің тегім...»
ІІ кезең. «Эрудиттер байқауы»
ІІІ кезең. Ата - баба дәстүрі - әдептілік негізі
IV кезең. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»
VІ кезең. «Ұлттық өнер - ұлттық тағам»

Ақты ақ деп, аққа жақ боп баға берер
Алқасы әділқазы - кемеңгерлер.
Беріңіздер әділ бидей әділ баға,
Шындықты ұрпақтарың сонда көрер.
(әділқазылармен таныстыру)

І кезең. «Сұрасаң менің тегім...» (Таныстыру)
(Әр отбасы өзін - өзі таныстырады, осы кезеңді не өлеңмен, не қара сөзбен таныстыру керек.)
ІІ кезең. «Эрудиттер байқауы» (сұрақ - жауап)

(Ұлттық киімдегі екі қыз бала табақшамен сандық және конвертті алып шығады. Әр отбасынан балалар ортаға шақырады. Сандық ішіндегі нөмірленген асықтарды алу арқылы тапсырмаларын анықтайды. Тапсырмадағы сұрақтарға отбасы ақылдасып, бірігіп жауап береді.

1.«Байғазы» және «Көрімдік» салт - дәстүрлерінің мазмұнын түсіндіріңіз, айырмашылығы неде?
«Байғазы»- балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін беріледі. мысалы, қамшы, шана, ертоқым т. б.
«Көрімдік»- жаңа туған бала, жас келінге, құдасына, күйеуге береді. Мұның маңызы алып беруде ғана емес, жақын - жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралады.
Айырмашылығы көрімдік адамға, жандыға беріледі, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге байланысты.
2.«Жасау» және «Енші» салттарының мағынасын түсіндіріңіз, айырмашылығын атаңыз.
Жауабы. 1) «Жасау»- ұзатылған қызға берілетін дүние - мүлік. Халық қыздың жасауына жақсы бұйым, кілем, текемет, ыдыс - аяқ, төсек - орын, киім - кешек, әсем әшекейлі заттар берген. Ауқатты адамдар ақ отау тігіп ұзатқан. Жасау қыздың еншісі десе де болады.
«Енші»- балалары ер жетіп жеке үй болғанда ата - анасы оған отау тігіп, дүние - мүлік, мал береді. Мұны енші деп атайды.
Қыздарға берілетін дүние - мүлік «жасау» деп аталады, ал балаларды үй қылып шығарса (яғни ата - анасынан бөлек отау) оны енші дейді.
3.«Иткөйлек» («Итжейде») және «Қырқынан шығару» салт - ғұрыптарының мағынасын түсіндіріңіз. «Қырқынан» және «қырқы» сөздерінің мағынасын ажыратыңыз.
Жауабы: 1) Ырымшыл халқымыз бала (туғанына қырық күн) «қырқынан» шығарылғаннан кейін оның көйлегіне (жейдесіне) тәтті түйіп иттің мойынына байлап жіберетін дәстүр бар. Итті балалар қуып жетіп, мойынындағыны шешіп алып, тәттісін бөліп жейді.
Көйлекті (жейдені) баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады немесе адамдар алыс жолға шыққанда жол амандығын тілеу барысында апаттың болмауын ырым етіп бойларында сақтаған.
Ит мойнына байланғандығы оны жеті қызынаның бірі деп әрі баламыз көп болсын деген ырыммен астасып жатыр.
2) Әдетте бала туғанына қырық күн толған соң ыдысқа 40 қысық су құйып шомылдарады. Бұған үлкен әжелер, әйелдер қатысады, кәде беріледі, дастархан жайылады. сәбидің қарын шашы алынып, оны сәбидің өзінің киіміне, матаға орап тігіп қоятын болған.
«Қырқынан» деген, баланы туғанына қырық күн толған соң суға шомылдырады, тырнағын, шашын алады, соны айтады.
Қайтыс болған адамның қырық күннен кейін «Қырқы» беріледі. Мұны шатастыруға болмайды.
4.«Тәбәрік» және «Ерулік» салт - ғұрыптарының мағынасын түсіндіріңіз. «Тәбәрік» түрлеріне тоқталыңыз.
Жауабы. 1) «Ерулік» - ауылға жаңа үй көшіп келсе қоныстанса сол ауылдың бұрынғы адамдары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіріп табақтартады. Бұл – жаңа адамдарды бөтенсіретпей, өз ортасына тартудың сыйласудың үлкен белгісі.
2) «Тәбәрік» - біреу ойын – тойда бәйге, жүлде алса немесе құдалық салт – дәстүрге кәде алса, одан жанындағыларға үлес беруі керек. Мұндайда жұрт «тәбәрік бер» деп сұрап алады. Олжалы адам әдеп бойынша тәбәрік беруге міндетті, бермесе сараң болғаны.

5. Тыйымдар - халықтың тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге, ақыл кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл негізінен балаларға арналып, оларға жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл, әдепсіз істерден сақтандыруда өте үлкен қызмет атқарады.
1. Мықыныңды таянба (Жақын адамы қайтқан кісі мықынын таянып жылайды)
2. Үйге қарай жүгірме (Біреу қайтыс болғанда немесе хал үстінде жатқан адамға көмек беру керектігін хабарлауға асыққанда жүгіреді)
3. Тізесін құшақтамау (Бұл ешкімі жоқ адамдар ғана тізесін құшақтайды)
4. Үйде ысқырмау (Үйдің ырысын кетіресін)
5. Үлкен адамның жолын кеспе (1. әдепсіздік 2. жолы болмайды)
6. Жеті атаға дейін алысып, қыз беріспеу (Қан тазалығын сақтау)

ІІІ кезең. Ата - баба дәстүрі - әдептілік негізі (Салт - дәстүр көрсету)
Кең даланың ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз
Тілім бар да, қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
11 998
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сценарий: Бақытты отбасы
Сценарий: Бақытты отбасы
Ата - аналар мен сайысқа қатыстыра отырып баланың ата - ана өміріндегі маңызын, ата - аналардың балаларға деген тәрбиесін көрсету. Халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау.
Салтын сүйген - халқын сүйер
Салтын сүйген - халқын сүйер
Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Искакова Дамеля Борашевна
Ата салтым – асыл мұрам
Ата салтым – асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы "Сам орта мектебі" ММ Бастауыш сынып мұғалімі Койшыбаева Баян Кипчаковна
Салтын сүйген - халқын сүйер
Салтын сүйген - халқын сүйер
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, "Кемербастау" шағын жинақты жалпы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Садуова Гүлсім Ерболқызы
Салт-дәстүрді білесің бе?
Салт-дәстүрді білесің бе?
«Сымбат» жеке мектебінің бастауыш мұғалімі Алдабергенова Үзілдік Жомартқызы
Бала бақыт бала қуаныш
Бала бақыт бала қуаныш
Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып баланың ата-ана өміріндегі маңызын, ата-аналардың балаларға деген тәрбиесін көрсету. Балабақшамен ынтымақпен бірлікке, ата-ананы сыйлауға, қадірлеуге, татулыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×