Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бейбітшілік – баға жетпес бағымыз

07 маусым 2016, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ақмола облысы, Бурабай ауданының
Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы
Маширова Анар Қалымжанқызы

Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік – баға жетпес бағымыз
Сабақтың мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның халыққа тигізген зардаптары, Ұлы жеңістің мән - маңызы туралы мағлұмат беру; 1941 - 1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету; Отан үшін жанын қиған батырлардың ерліктеріне тағзым ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу; патриотизмге, елжандылыққа, батылдыққа баулу. Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу, еліне деген сүйіспеншілігін ояту.
Сабақтың әдіс - тәсілі: мәнерлеп оқу, сахналық көрініс
Сабақтың түрі: сахналық көрініс
Көрнекілік: проектор, үш бұрышты хат, рюкзак, «тылдағы аналар туралы фильм», слайдтар

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Көрініс: «Соғыс қасіреті» (күй ойнап тұрады)
Немересі: Әже, әже! Бүгін менен бақытты адам жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді. (әжесін құшақтап еркелей күледі)
Әжесі: Талабына нұр жаусын, арманыңа жет балам! (маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады, әкесі жымиып, салмақты киіп те пышағын қайрап отыра береді, келіні ыдыс алып, келе жатып, радиодағы хабарды тыңдап тұрып қалады).
Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4 - те Неміс фашисттері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабул жасамау туралы шартты опасыздықты бұзып, біздің еліміздің аумағына басып кірді.
(Ән «Священная война», қолындағы ыдысы түсіп кеткен келіні жылап, бетін жабады).
Немересі:
— Аттан! — деді,
Ол қазір аттанады.
Жауынгердің ролін атқарады.
Неге бізге үмітсіз тесілесің?
Аттан, әке,
Жолыңнан кешігесің.
Кеудесінде жаны бар пақырларың,
Тауып жейді сенсіз де несібесін. (әкесін келіп құшақтайды)
Әкесі:
Тыңда балам, тыңда күнім,
Болуға жара қолқанат.
Кәрі анам, сәби інің,
Барлығы саған аманат.
Әжесі:
— Оралсын аман жеріне,
Көріссін туған елімен.
Келің - ау көздей қалтаға
Топырақ салып беріп жібер.
Келін:
— (қалтаға салынған топырақты берген келін)
Кебін киген өледі,
Кебенек киген келеді.
Үлкен үйден дәм татса,
Кешікпей дейді келеді. (жарының соңынан жылап қалады)
Ән «Кестелі орамал»
Жүргізуші: Бұлт торлады аспанды
Қара жер қанға ластанды
Зеңбірек атып жан - жақтан,
Осылай соғыс басталды.
(Ән «Священная война).
Документальный фильм көрсетіледі ( 1941 ж.)
1 - тыңдаушы: Соғыс деген қайдан шықты,
Авторы кім алғашқы?
Есіл адам, есі кетіп,
Оған несін жармасты?!
Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты?
2 - тыңдаушы: Соғыс деген — аққан соры ақсүйектің, құлдың да,
Соғыс деген — төккен ары ұлдың және қыздың да.
Соғыс деген — Сотқарлардың қолындағы найзасы,
Соғыс деген — соғыс деген — зұлымдықтың айнасы.
3 - тыңдаушы: Найзағай жиі - жиі шақпақталып,
Майданға азаматтар жатты аттанып.
Ежелден біздің елдің рухы асқақ,
Сенімін қалды сонда сақтап халық.
«Алар жау сыбағасын оңбай бізден».
Шығамыз
Соңғы күшпен,
Соңғы айбынмен.
Қорғаймыз байтақ елді,
Өйткені оны
Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.
(Тыңдаушылар сапқа тұрып, сапқа тұру әдістерін көрсетеді)
ән айтып, соғысқа аттанады)
4 - тыңдаушы: Отанға жаулар қаптады,
Опасыз жаулар таптады.
Қасиетті жер үшін
Қастерлеп батыр ел үшін
Әлия, Мәншүк, Төлеген жаулардың көрін жойды олар.
5 - тыңдаушы: Ағалар саптан шықпасын,
Аналар қабақ шытпасын,
Бақытқа жетіп бар адам,
Сәбилер тыныш ұйықтасын.
Жүргізуші: 1418 күнге созылған, 60 елді қамтыған, 120 миллионға жуық адамға солдат шинелін кигізген мұндай соғыс адамзат тарихында болған емес. Бұл сұрапыл майданда қаншама миллион адамның өмірі қыршынынан қиылды. Осынау қанды қырғынға Қазақстаннан 1 млн. 366 мың адам қатысты. Өкінішке қарай, олардың барлығы туған жеріне қайтадан оралмады.
Фильм (1943 ж.)
(Сахнада алаудың жанында отырған солдаттар. «Темная ночь» әнін орындайды).
Жүргізуші: Соғыс жылдарында Қазақстан тылында жеңісті жақындату үшін еселі еңбек үлгісі көрсетілді. Еңбекшілер майданға көмек ретінде 1600 вагон сыйлық жіберді. Олар жылы киімдер, азық – түліктер. Жауға атылған 10 оқтың 9 - ы Қазақстан қорғасынынан жасалды. Жеңісті жақындатуға тыл еңбеккерлерінің үлесі ерекше болды. Өздері қара су мен шалапты, қара нанды талғажау еткен халық бар жақсысын, бар жылысын 1418 күн бойы майданға жіберді. Соғыс жылдарындағы аналар еңбегі ерекше еді. Олар өз жарларының, балаларының, немерелерінің қанды майданнан аман – сау оралуын тілеп, елдегі еңкейген қарттар мен еңбектеген балаларға басшы бола білді.
(Ортада тылдағы әйелдер тоқыма тоқып, қолғап тігіп отырған аналар көрінісі)
Ана: Е, бұл соғыс бәрімізді де есеңгіретіп жіберді - ау.
(Осы кезде пошташы қыз келе жатқаны хабарланады. Пошташы қыз жүгіріп келеді).
Пошташы қыз: Сүйінші, сүйінші хат келді.
(Аналар дыбырласып хаттың кімге келгенін білуге асығады. Кімге келді? Маған ба?)
Пошташы қыз: Күләш апаның баласынан хат келді. (Хатты беріп, басқа ауылға хат апаруын айтып қоштасып кетеді).
Пошташы қыз: Басқа ауылға баруым керек. Сау болыңыздар!
(Ана баласынан келген хатты ашып оқиды. Майданнан келген хат таспадан тыңдалады).
Дауыс: Анашым, мен өмірді қимай барамын. Сіз 50 жастасыз, ал мен 24 ғанамын. Мен өмір сүргім келеді мама. Себебі мен әлі көп іс тындыруым керек еді. Неміс басқыншыларын жеңу үшін өмір сүргім келеді. Менің ажалым үшін біреулер өш алатынына сенемін. Жыламашы, мама. Мен жеңіс үшін өмірімді қидым ғой. Халқың үшін құрбан болу қорқынышты емес. Дегенмен мен әлі өмір сүргім келеді…. Бейбіт өмірдің, соғыссыз өмірдің қандай болатынын көргім келеді…
Ана туралы баллада

Әлі есімде, біледі жұрт, біледі,
Ел басына қатер төнген жыл еді.
Қимастарын қан майданға ұзатып,
Қарс айырылған аналардың жүрегі.

О, аналар, осындайсың бәрің де,
Осындайсың жасың - дағы, кәрің де.
Сыйынатын болса өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге.

Соғыс жұлып кетті үйінің тірегін,
Соғыс бұзды қуанышын, реңін.
Тұрды ана күйеуінен айырылып,
Тұрды құшып тек қана оның күрегін.

Ақ сүті оның өтеусіз жай қала ма,
Борышты оған небір дарқан, дана да!
Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге,
Әй, адамдар, жол беріңдер анаға.

Тағы да үміт, шек қала ма арманға,
Өмірге ынтық, ана шөлі қанған ба?!
Ана – үміт, ана – жігер, ана – азамат,
Одан берік, одан нәзік жан бар ма?!

(Радиодан соғыстан біткені хабарланды. Радиолағы дыбыс: Тыңдаңыздыр! Тыңдаңыздар! 1945 жыл 8 мамыр Совет армиясы неміс басқыншыларын кері шегіндірді. )

(Фильм 1945 ж.)
Жүргізуші: 1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен — Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр — Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО - ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өрттеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.
Жүргізуші: 1941 - 1945 жылдары ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіз тұрып еске түсірейік.
1 – минут үнсіздік
Жүргізуші: Міне, ата - бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт.
(Жауынгерлеріміз елге оралады, залға соғыстан келген солдаттар кіреді. Алдарынан гүл шоқтарын ұстаған қыздар шығады).
Жүргізуші: Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!
(Жеңіс күні әні орындалады).
21 216
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран
Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран
Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.
9 мамыр. Жеңіс күні. Тәрбие сағаты.
9 мамыр. Жеңіс күні. Тәрбие сағаты.
Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.
Ұлы Жеңіс - ұрпаққа аманат!
Ұлы Жеңіс - ұрпаққа аманат!
Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.
Ер есімі – ел есінде
Ер есімі – ел есінде
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жуманова Гулия Майрамбаевна
Отанды сүйген оттан қорықпайды
Отанды сүйген оттан қорықпайды
Атырау облысы, Атырау қаласы №10 Сәбит Мұқанов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Адиева Жанылсын Саламатовна
Біз жеңістің ұрпақтарымыз
Біз жеңістің ұрпақтарымыз
Бастауыш сынып мұғалімі: Гулшат Акимова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×