Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біздің еліміздің негізгі заңы

11 тамыз 2016, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Орал қаласы
А. Тайманов атындағы № 34 мектеп – гимназия мұғалімі
С. С. Давлеткалиева

Тәрбие сағаты «Біздің еліміздің негізгі заңы»
Мақсаты: Ата Заңымызда бекітілген баланың негізгі міндеттері мен құқықтары, ең қымбат қазына - адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарымен оқушыларды таныстыру; адамгершілікке, ұлтшылдыққа, өз Отанын сүюге, тілін, дінін, мәдениетін, әдебиетін, тарихын, әдет - ғұрпын жалғастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілік: рәміздер, қанатты сөздер, қосымша материал.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
1. Таңертеңгілік ой сергіту (оқушылардың амандасу тілегі)
2. Ой қозғау (тақтаға цифрлар ілінеді). Бұл цифрлар не айтқысы келеді? (оқушылар жауаптары)
3. Тақтаға 19 цифры ілінеді. Мұғалім оқушыларды тәрбие сағатының тақырыбымен таныстырып, 19 цифры нені білдіріп тұрғанын сұрайды ( оқушылардың жауаптары)

II. «Заң адамды бағындырады, заңды ақыл бағындырады»(Оқушыларға сұрақтар қойылады. Заң, конституция деген сөздерді қалай түсінесіз, Заң не үшін керек деп ойлайсыз)
Мұғалім оқушыларға Конституция туралы қысқаша мәлімет береді. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда, ал жаңа Конституция 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Парламент заңды қабылдап, бекітеді, өзгерістер енгізеді. Конституция дегеніміз латынның» constitution» сөзінен шыққан, яғни орнату, құрылым деп аударылады.
(тақтаға тірек сөздер ілінеді. Конституция - орнату, құрылым. Біз өмір сүріп отырған мемлекетте тәртіп орнату)

III. «Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы» деген нақыл сөзге сүйене отырып, Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы 3 - тараудың 8, 15, 16, 20 баптарына және 10 - тараудағы 50 - ші баптарға тоқтала кетейік.

8 - бап: «Баланың денсаулық сақтау құқығы»
1. Әрбір баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар
2. Балалардың салауатты өмір салтын насихаттау және ынталандыру
3. Баланың, оның ата - анасының денсаулық жағдайына бақылау жасау және балалар ауруларының алдын алу
4. Білікті медициналық көмек көрсету
(Бұл оқушылардың жауаптары. Олардың ойларын қорытындылау.№1 конверттен денсаулыққа байланысты мақал - мәтел оқылып, түсіндіріледі)
Денсаулық - байлықтан қымбат.

15 - бап: «Баланың білім алуға құқығы»
1. Әрбір баланың білім алуға құқығы бар және ҚР - ның білім алу заңына сәйкес оған тегін орта білім, бастапқы кәсіби білім және конкурстық негізінде тегін орта білім, ортақ кәсіби, жоғарғы кәсіби білім алуға кепілдік беріледі (№2 конверт ашылып, білім туралы қанатты сөз оқылады)
Талап қыл артық білуге,
Артық ғылым кітапта
Ерінбей оқып көруге

16 - бап: «Баланың еңбек бостандығының құқығы»
Әрбір баланың еңбек құқығына, қызмет және кәсіп түрлерін еркін таңдауға құқығы бар (№3 конверт ашылады)
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей

20 - бап:«Баланың міндеттері»
Әрбір бала ҚР Конституциясын және Заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар - ожданы мен қадір - қасиетін, Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата - анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдениет мұралардың сақталуына қам - қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға міндетті.
Оқушылардың міндеттері:
- Әрбір адамның ар мен намысын құрметтей отырып, өзін кез - келген жағдайда лайықты ұстау;
- Оқуға арналған уақытты толық пайдалануға, өзінің білім аясын кеңейтуге, ынтамен жұмыс істеу, сабаққа жүйелі түрде дайындалу, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысу;
- Әрқашан мектеп игілігіне үлес қосу, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру;
- Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту, мектеп ережелеріне бағыну;
- Мінез - құлық ережелерін сақтау;
- Үлкендерді құрметтеу;
- Басқа адамның ар - намысын қадірлеу;
- Құқық бұзушылыққа жол бермеу;
- Өзінің және жолдастарының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі туралы қам жеу;
- Әрдайым таза және ұқыпты болып жүру;
- Сынып, мектеп ғимараты мен оның аумағын тазалықта ұстау;
- Үлкенге құрмет, кішіге ізет таныту, мұғалімдер мен ата - аналардың заңды талаптарын орындау;

IV. «Ата Заң» өлеңі оқылады
Келе жатыр керім күн
Халық сүйіп қалаған.
Ата Заңын елімнің
Құрметтейді бар адам.
Алтын заңым қорғайды
Бар адамның теңдігін.
Әділетті қолдайды,
Арқа тұтып ел бүгін.
Ол баршаға жөн нұсқап,
Жетелейді жарыққа.
Елбасы оны қолға ұстап,
Ант береді халыққа.

V. Қорытындылау.
Ақ сүтін беріп аялап өсірген ананы қалай сүйсең, еліңді де солай сүю – қасиетті борышың.
6 713
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін білу не үшін қажет?
Еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін білу не үшін қажет?
Еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін білу не үшін қажет?
Заңды білу – заман талабы
Заңды білу – заман талабы
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ешбаева Кенжегүл Отелбаевна
1 саны мен цифры
1 саны мен цифры
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы Ә. Жангелдин атындағы орта мектебінің «Айгөлек» шағын орталық тобының тәрбиешісі Айекешова Гүлмира
5 саны және цифры
5 саны және цифры
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Карабаева Зайтуна Маженовна
Балалардың құқықтары
Балалардың құқықтары
Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата Заңы қорғайды. ҚР - ның Конституциясы - барлық Заңдардың негізгі басты құжаты.
Сен еліміздің Ата Заңы – Конституция туралы білесің бе?
Сен еліміздің Ата Заңы – Конституция туралы білесің бе?
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарақобда ауылы, Қарақобда орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Раимкулова Анаргүл Есенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×