Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бүгінгі күн – үлкен сый

03 қараша 2016, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Бүгінгі күн – үлкен сый Тренинг-сабақ
11 сыныпқа арналған

Өткен күн, Кеше – тарих,
Келер күн, Ертең – сыр,
Ал, бүгінгі күн – үлкен сый. (Қорқыт ата).

Мақсаты: ҰБТ-ға байланысты сенімділікке үйрету, өмірдің түрлі сыйын жақсы қабылдай білу.
Тренинг жоспары:
o Нұрға бөлену
o «Сыр сандық» жаттығуы
o «Кедергіден құтылу»
o Мотиваторлар
o Нұрлы ойлар шеруі
o Хормен ән айту. («Сенім» Мәдина Садуақасова)
o Ақ тілек
o Рефлексия – «Бал дәурен – тәтті дәурен»
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, музыка, А4 формат қағаздары, түрлі-түсті қарындаштар, желім, мотиваторлар

Өту барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасып, жайғасқаннан кейін
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін (баяу әуен ырғағымен)
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды, тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ойша осы нұрды қолдарыңызға бағыттаңыз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі.
Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі Нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.
Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға,
таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы Нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.
Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын...Нұр менің ішімде...
Мен - Нұрмын »
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Ойша нұрға бөленгеннен кейін жайымен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!
ІІ. Әр түлектің ішкі сыры.
Сыр сандық «Шынын айтсам...»
(сөйлемнің басын құрастырып, оқушылар санына сай тілім қағаздарды сандықшаға алдын ала мұғалім салып қояды)
Әр оқушы кезекпен сандықшадан бір тілім қағаздан алып, ондағы жазуды оқып, жалғастырады.
- Шынын айтсам, келе жатқан тест жайында ойласам...
- Шынын айтсам, тестке дайындалғанда мен ...
- Шынын айтсам, қобалжығанда, ...
- Шынын айтсам, ойларымды жинақтай алмаған кезде...
- Шынын айтсам, алда келер тест бойынша ата-аналарымның қобалжуларын ойласам...
- Шынын айтсам, тестке көп дайындалғандықтан...

ІІІ. Көмек қолдары ізгі істе қолдайды.
«Кедергіден құтылу» Желкеге мінген, иықта тұрған, қолды бөгейтіндерді сылып тастау. Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы екі қатар тұрады, олардың арасынан кезекпен өткен оқушылардың бойындағы бөгеттерді, мұғалімнің көрсеткені бойынша, сылып тастайды.
Мотиваторлар суретін таңдау. Суреттің атауын үш тілде айтып, неліктен осы суретті таңдап алғанын түсіндіру.

ІV. Шығармашылық жұмыс.
Нұрлы ойлар шеруі. (А4 формат қағазына тілек жазу немесе сурет салу, немесе жеке өз таңбасын салу). 7 минуттан кейін нұрлы ойлар шеруі. Әр оқушы кезекпен өзінің нұрлы ойымен бөліседі.

V. Хормен ән айту. Ән сөздері жазылған парақтар таратылады. Музыканы қосып, бәрі бірге айтады. («Сенім» Мәдина Садуақасова)

СҚО, Петропавл қаласы,
Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия
Каршалова Асель Сарваровна педагог-психолог
Жукенова Кульбарши Аманбаевна өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 994
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ар – ұждан – адамдық өлшемі
Ар – ұждан – адамдық өлшемі
"Ар - ұждан" құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, адам туы ар – ұждан туралы түсінігін дамыта отырып, ар ұждан тазалығына баулу.
Жақсылықпен жаным дос
Жақсылықпен жаным дос
Сабақ мақсаты: Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.
Өнер-өмір өрнегі...
Өнер-өмір өрнегі...
Міндеттері: - Адамның жасампаздық мүмкіндіктері мен рухани – адамгершілік тұлғасының өзара байланысын ашу; - Жасампаздық қабілеттерінің дамуына ықпал ету;
Сыр мен сымбат
Сыр мен сымбат
№112 орта мектебінің ұстазы: Ташенова Гүлжазира Жалғасбекқызы
Өмір,қымбатсың  маған!
Өмір,қымбатсың маған!
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің өзін - өзі тану мұғалімі Кажгалиева Салтанат Оразовна
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Молдатурлиева Зульфия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×