Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан»

05 желтоқсан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан», «Қайраттың жазу дәптерінен»
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды Т. Молдағалиевтың «Он алтыншы желтоқсан» өлеңі мен «Қайраттың жазу дәптерінен» мәтінінің мазмұнымен таныстырып, түсіндіріп, жаңа сабақты меңгерту. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау.
Көрнекілік: Қайраттың портреті, Т. Молдағалиевтың портреттері, сөзжұмбақ, « Желтоқсан желі» әні, мақал - мәтелдерСабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Шаттық шеңберге тұру.
Көк аспанда күн күлсін,
Бірге күлсін бүлдіршін.
Көк аспанда күн күлсін,
Жерге ұдайы нұр құйсын.
Көк аспанда күн күлсін,
Ұл қолында ту жүрсін.
Қыз қолында гүл жүрсін.
Көк аспанда күн күлсін,
Бірге жүрсін бүлдіршін.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
«Жокей мен жылқы» стратегиясы. Оқушыларға карточка таратылады. Бір оқушыға сұрағы бар карточка, ал екінші оқушыда сол сұрақтың жауабы. Әр оқушы өзінің сұрағына сәйкес жауабын таңдайды. Сұрақ пен жауапты тақтаға жапсырады.
1. Қазір қай мезгіл? (Қазір қыс мезгілі)
2. Қар қалай жауды? (Қар көптеп жауды)
3. Өзен көл не істеді? (Өзен, көлді мұз қаптаған)
4. Қыстыгүні үй жануарларын қалай күтеміз? (Қыстыгүні үй жануарларын жылы қораға шөп салып, бағып - қағады)
5. Адамдар суықтан қалай қорғанады? (Адамдар жылы киінеді, үйлеріне от жағады)
6. Қыста күн жылы бола ма? (Қыста күн суық, аяз, үскірік боран болады)
7. Аяз қыста қандай болады? (Аяз қыста күшті болады)
8. Жылқышыларға қыста жылқы бағу оңай деп ойлайсың ба? (Жылқышыларға қыста жылқы бағу бек қиын)
9. Жалтаң аяз дегеніміз не? (үскірік, суық аяз)
10. Бапсыз дегенді қалай түсінесің? (жайсыз)
11. Міржақып Дулатов қайда туған? (М. Дулатов Қостанай өңірінде туған)
12. М. Дулатов кім? (Ақын, жазушы)
13. Қандай кітап жазған? (Оян, қазақ)
- Осы қыс мезгілінің айларын атайықшы?
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Олай болса, осы желтоқсан айында болатын ерекше мерекелердің бірін білу үшін біз қазір сөзжұмбақ шешеміз.

III. Жаңа сабақ.
1. Рәміз.
2. Қазақтың ханы.
3. Жыл басы.
4. Киелі сан.
5. Бұрынғы астана.
6. Ресей халқы.
7. Алып жануар.
8. Қасиетті ай.
9. Мұз айдыны.
10. Жыртқыш құс.
11. Қазақстан қаласы.

- Сөзжұмбақтан ерекше торкөзден қандай сөз шықты?
- Тәуелсіздік.
- «Тәуелсіздік» сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер? (Оқушылардан жауап алу).
1) Біз қандай мемлекетпіз?
2) Біз тәуелсіздігімізді қашан алдық? 1991 жылы 16 желтоқсанда
3) Бұрынғы заман мен қазіргі заманда айырмашылықтар бар ма?
4) Білім - ғылым саласында қандай айырмашылықтар бар?
5) Биыл біз тәуелсіздіктің неше жылын тойлаймыз? (25жыл).
- Осы біздің тәуелсіздігімізге, егемендігімізге көптеген ақын, жазушы ағаларымыз, аталарымыз өлеңдер арнаған екен.

- Ендеше бүгінгі күнгі дамуға қалай жеттік, қашан жеттік оны бүгінгі тақырыбымызда айқындаймыз. Біздің тақырыбымыз «Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен».(Т. Молдағалиев)
Мақсатымыз тәуелсіздік жайлы мағлұматтар алып, білетінімізді жаңғырту. Әуелі автор жайлы білгеніміз жөн. (схема). «Даналық ағашы»
– Тұманбай Молдағалиев кім?
Т. Молдағалиев 1935жылы 20 наурызда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Жарсу совхозында дүниеге келді. Т. Молдағалиев көптеген ән мәтіндерінің авторы. Қазақтың біртуар ақыны 2011 жылы қазанның 10 күні дүниеден озды.
Өлеңді түсініп оқы. Он алтыншы желтоқсан Он алтыншы желтоқсан – Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік
Ел жанында қалған күн
– Өлең неліктен «Он алтыншы желтоқсан» деп аталады?
– Бұл күн қандай мереке?
• Сөздік жұмысы:
Тәуелсіздік – еркіндік
Ерекше – дара, бөлек.
Мәңгілік – өмір бойы
Жадымызда - есімізде

- Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ 1986 жылы Алматы қаласында жастар көтерілісі болды.
Есіңе сақта!
Қайрат Рысқұлбеков – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ. Ол 1966 жылы 13 наурызда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген. 1988 21 мамырда дүниеден өткен. 1996 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілген. (Слайд арқылы таныстыру)

– Біздің осы аға - апаларымыз желтоқсанда ерлігімен, өжеттігімен, батылдығымен, батырлығымен көзге түсті.
– Осы тәуелсіздіктің бізге оңайлықпен келмегенін білдік. Тәуелсіздік, егемендік жолында қазақ жастары шеруге шықты. Біздің көптеген аға – апаларымыз желтоқсан оқиғасының құрбандары болды. Олар: Қайрат Рұсқұлбеков, Ербол Спатаев, Сабира Мұхамбетжанова, Ләззат болды.
Солардың ішінде біз бүгін Қайрат ағамыздың абақтыда жатқан кезде өзінің ішкі жан сырын қағаз бетіне түсіріп отырған.
– Ендеше, бүгін бізге де «Қайраттың жазу дәптерінен» үзінді берілген екен. Соны оқимыз «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы мазмұнын меңгерту. Алдымен оқушыларға іштей түсініп оқыту, дауыстап оқыту. Содан кейін жұптасып өлең мазмұнын бір - біріне түсіндіру, сынып болып талдау.
- Қ. Рысқұлбековтің асыл міндет деп отырғаны не деп ойлайсыңдар? (оқушылардан жауап алу)
- Қайрат өз халқының бостандығын, ел болашағын, тәуелсіздігін өз алдына мақсат, асыл міндет етіп қойды.
V. Жаңа сабақты бекіту
- Балалар, енді біз де осы тәуелсіздік күніне арнап, өлең шығарайық.
Егемен _____________,
____________ ойлаған.
Тәуелсіз ________,
______________ ___________!
• Балалар, енді тақтада берілген «Отан» туралы мақалдарды сәйкестендірейік:
Отан Ел – ердің анасы
Отан – елдің анасы Туған елдей е болмас
Отансыз адам – отбасынан басталады
Туған жердей жер болмас алтын бесік
Ел іші ормансыз бұлбұл
Рефлексиялық - қорытынды кезең
VІ. Сабақты қорыту
Жаңа сабақты қорыту үшін оқушыларға «Блум түймедағы» сұрақтарын ұсынамын
• Қарапайым сұрақ – Мәтін кім туралы? Не туралы? Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?(1991 жылы 16 желтоқсанда)

Интерпретациялық сұрақ – Неге қорқақтық дегеніміз қорқу, сескену емес?
Неге 16 желтоқсан тәуелсіздік мерекесі деп аталады? (себебі, 1986 жылы осы күні жастар алаңға шыққан желтоқсан оқиғасы болды.)

Нақтылау сұрағы – Мен дұрыс түсінсем,...........
Шығармашылық сұрақ – Егер мен Қайрат ағамыздың орнында болсам,....
Бағамдау сұрағы – Сенің бүгінгі сабақ тақырыбына пікірің қандай?
Тәжірибелік сұрақ – Бүгінгі сабақта мен......... үйрендім.
VІІ. Үйге тапсырма Т. Молдағалиевтің «Он алтыншы желтоқсан» өлеңін жаттау, «Қайраттың жазу дәптерінен» мазмұнын айту.

Бастауыш сынып мұғалімі: Ерғалиева А.С

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 379
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мұқағали Мақатаев. Отан туралы
Мұқағали Мақатаев. Отан туралы
Мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу
Т. Молдағалиев. Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен
Т. Молдағалиев. Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен
Батырдың биік тұлғасын суреттеу арқылы ұлтын сүйетін, елінің болашағына, өсіп - өркендеуіне өз үлесін қосатын табанды азамат тәрбиелеу.
Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан». «Қайраттың жазу дәптерінен»
Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан». «Қайраттың жазу дәптерінен»
Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ жастары туралы мағлұмат беру, оқушылардың білімдерін тереңдету, жаңа білім мазмұнын меңгерту.
Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» «Қайраттың жазу дәптерінен»
Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» «Қайраттың жазу дәптерінен»
Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ жастары туралы мағлұмат беру, оқушылардың білімдерін тереңдету, жаңа білім мазмұнын меңгерту.
Тұманбай Молдағалиев "Он алтыншы желтоқсан"
Тұманбай Молдағалиев "Он алтыншы желтоқсан"
Білер қазақ баласы Сәлем сөздің анасы Алдымыздан кезіккен. Көп ұстазды көреміз. Бәріне де ізетпен, Біздер сәлем береміз.
Күз бояуы. Қастек Баянбаевтың өлеңін жаттау
Күз бояуы. Қастек Баянбаевтың өлеңін жаттау
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы. Балабақша тәрбиешісі Эрмекова Ағилаш Реймбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×