Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ата – баба дәстүрі - ұрпаққа аманат ашық тәрбие сағаты

10 желтоқсан 2016, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ата – баба дәстүрі - ұрпаққа аманат
Ашық тәрбие сағаты 5 сынып
2016 - 2017 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Ата – баба дәстүрі – ұрпаққа аманат
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың асыл қадір – қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, салт - дәстүрлерімізді қадірлей білуге баулу. Оқушыларды салт - дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат
алуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: суреттер, мақал - мәтелдер, топтық тапсырмалар, т. б.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар сіздер бүгін 5 а сыныбы дайындаған
«Ата – баба дәстүрі - ұрпаққа аманат» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

«Амандасу салтымыз,
Есенбісіз жалпыңыз,
Бағалыны артына,
Қалдырған-ды халқымыз» - дей отырып, ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Туған жер, Қазақстан, Туған ана,
Атымыз сенен бөлек атала ма?
Күншуақ сенің ыстық мейіріңе
Тасың да тебіренбей жата ала ма?

Топқа бөліну: Үйінің үлкен балалары бір бөлек, кіші балалары бір бөлек
болып бөлінеді.
1 топ «Шаңырақ»
2 топ «Аманат»
/ топтастыру әдісін сызу арқылы қорғап шығады/

Қазақстан – қазақ халқының қасиетті ата-мекені, кіндік қаны тамған жері. Тәңірі жер қайысар мал беріп, асты - үсті байлыққа тұнып тұрған осындай өлкені бұйыртқан халқымның арманы жоқ. Ендігі кезекті оқушыларға беремін.
Тақпақтар
1. Рауан.
«Біз қазақ деген - мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт – береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз, дәм - тұзды ақтай білген елміз, дәстүрімізді сақтай білген елміз» деп Қазыбек бабам айтқандай, ен даланы жайлаған, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының өзіне тән, өзге ұлттардан ерекшелейтін салт - дәстүрлері бар.
2. Әсем
Халқымыздың ғасырлар бойы жинаған бай қазынасы, салт - дәстүрлері мен әдет ғұрыптары ұрпақтан - ұрпаққа мұра болып өз жалғасын табуда.
3. Набира
Армысыңдар, аңсаған дана халқым.
Сәлем беру - ежелгі ата салтым
Әр елдерде жүрсе де қалың қазақ
Бір мақсатқа арналған арман талап.

4. Жақыпбек
Танымасаң танып ал, мен қазақпын
Жаным жайлау, көңілім кең қазақпын
Ұлысым бай, нұр жері кең қазақпын,
Ырысым бай, нұр жері кең қазақпын

5. Зейнеп
Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын
Ұранға «Алаш» деген атты аламын
Сүйгенім - қазақ өмірі, өзім қазақ
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!

6. Ырысдәулет
Алтай, Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық
Арасын қоныс қылдым ірге жайып
Елім, жерім, қорғайтын ерім болып,
Ер жеттім ен далада лықа байып

7. Сандуғаш
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен
Жылығанда жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген

8. Ерлан
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге, қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.

9. Диляра
Мен қазақпын, ажалсыз анамын иен,
Құрсағыма сыйдырам даланы кең.
Пәк сәбимін бесікте гуілдеген,
Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен

10. Қайрат
Мен жігітпін, айқасқа, сынға асықпын,
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда
Шарықтасам қыран боп шыңға шықтым

11. Балауса
Тілім бар да қазағым бар, халқым бар
Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар,
Кең даладай жиналмаған шалғайы,
Аңқау ашық мінезім бар аңқылдар

12. Әбдіманап
Қазақпын мен, қазақтың тентегімін,
Жау шебінде сыналған семсерімсің.
Тайыз емес тереңмін, тамырлымын,
Иілмейді ешкімге еңсе бүгін.

13. Меруерт
Көтердік сәл де болса еңсемізді,
Ел болайық қызығар көрсе бізді.
Жаңғыртып ата дәстүр, салт - санамыз,
Халқыма имандылық берсе ізгі.

14. Қуаныш
Ардақтап аталардың зиялы атын,
Күн келді дәстүр үшін ту алатын.
Қашанда ата жолын ұмытқандар
Ұлыстың ұлы күні ұялатын.

15. Ақниет
Емес пе той халқымның қазынасы,
Бабамның демеу болсын ақ батасы.
Қастерлемей кім ата салтын тастар,
«Береке тілеп» ақ әже шашу шашар.

16. Нұрқанат
Мәңгі толы қазағымның ғұмыры,
Сан асылдың ашылып тұр ғұмыры.
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы.

17. Тәңірберген
Жақсы дәстүр сақтар елдің елдігін,
Ерлігін де ұғынарсың сен бүгін.
Танытады қалпымен - ақ қонақжай
Нағыз қазақ жүрегінің кеңдігін.

18. Жасмин
Мінеки, сондай жомарт менің халқым,
Ешқандай ұмытпаған ата салтын.
Жас ұрпақ, ойлан өзің, біл тарихтан,
Қазақ боп қал, қадірле қазақ халқын!

Жүргізуші:
Біздер бұрын көрмеген
Салт - дәстүрім өшпеген.
Үйренеміз дәріптеп
Заманында өрлеген.
Енді қазақы салт - дәстүрлерге тоқталайық.

1. Балауса.
Асар (салт.) Бір жанұяның қолынан келмейтін жұмыстарды атқару үшін бір ауылдың адамдары «асарға» шақырылады7

2. Ырысдәулет
Асату (дәстүр). Ет желініп болғаннан кейін төрде отырған ақсақал табаққа қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатуға тиіс. Бұрынғы кезде жас балалар «ет асаймыз» деп қонақ келген үйдің маңайында жүретін болған.
3. Меруерт
Айттық (дәстүр). Айт күні «аттық» деп сұраған адамдарға берілетін сыйлық.
4. Сандуғаш
Ақсарбас (діни ырым). Адамның қауіп - қатерге ұшырағанда, жаны қысылғанда Алла атымен айтқан құдайысы. Мұндай жағдайда ұшыраған адам «Ақсарбас» үш рет айту керек. Аман қалған кісі осыдан кейін ел - жұрты шақырып құдайы береді.

5. Рауан
Ақ құйып шығару (ырым) Үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады (мәтел). Қазақ халқы сүтті, қымызды, шұбатты, айранды, тағы басқа сүт өнімдері «ақ» деп атайды да, оны қасиетті, киелі деп ұғады. Ақты жерге төкпейді, аяққа баспайды.

6. Жасмин
Сыралғы (дәстүр). Батырдан сауға, аңшыдан сыралғы мәтел. Олжалы, қанжығасы қанданып келе жатқан аңшыдан немесе саятшыдан сұралатын жол. Мәрт аңшылар мұндайда «сыралғы» сұрағанның сөзін жерге тастамайды.

7. Аида
Сүйінші. Қуанышты хабар жеткізетін адам «Сүйінші, сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «Қалағаныңды» ал дейді немесе оған ұнайтындай сыйлық ұсынады. 8. Қайрат
Шілдехана - жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын - сауық той.

9. Зейнеп
Шашу - қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр.

10. Набира
Бесік - қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып табылады.

Жүргізуші: Қазақ халқында тыйым сөздер әдептілікті, жақсы мінез - құлықты сіңіруге, тазалық сақтауға арналған. Ырым - тыйым ұлағат көзі дейміз. Ал енді оқушылар қандай ырымдар біледі екенін тамашалайық.

1. Зейнеп
Ұнасын, ұнамасын,
Бұзба құстың ұясын.
2. Қуаныш
Ұқсама тентек балаға,
Пышақтың жүзін жалама.

3. Әбдіманап
Шаршасаң сәл - пәл аялда,
Бірақ жерді таянба.

4. Сандуғаш
Құр беталды ермекке
Бос бесікті тербетпе.

5. Ырысдәулет
Жақтыр, Мейлің жақтырма,
Нанды жерге лақтырма.
6. Жасмин
Жоқ әдетті шығарма,
Түнде көлден су алма

7. Набира
Адамдарды санама,
Түнде айға қарама.
8. Диляра
Ақыл - есің бүтінде,
Кісіге қарай түкірме.
9. Рауан
Ұлттық салттан бұлжыма:
Жұма күні кір жума.
10. Меруерт
Дастарханға емінбе,
Көп алдында керілме.
11. Айда
Тірі жанды иықтама,
Бей уақытта ұйықтама.
12. Балауса
Айтқан сөзді бағамда:
Күлме кемтар адамға.
13. Ерлан
Сүйсінсін жұрт ісіңе,
Сақта ата ғұрпыңды.
Ешқашан үлкен кісіге,
Отырма беріп сыртыңды.

Жүргізуші:

Ата дәстүр абырой көтергенге,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге
«Сөздің көркі - мақал» деген ұғым бар. Біздің мерекеміз қыза түскен тәрізді. Мақалдап сөйлеу жарысына да кезек берейік.

1. Көрініс: Екі достың кездесуі.
2. Көрініс: Ақсақал мен баланың сәлемдесуі.
Жүргізуші:
Салт дәстүр, әдет ғұрып - атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Халық тәрбиені балаға
ана құрсағында жатқанынан бастайды. «Атадан қалған асыл сөз» шешен, билердің сөздері
тақияда жасырынған, авторын табу керек.

Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма –
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма –
Өскеніңді өшіресің
Басына іс түскен пақырға,
Қастық қылма -
Қайғысы көшер басыңа.
Жанашыры жоқ жақсыға,
Жәрдемші бол асыға,
Қиын - қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа,
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба. /Қазыбек би/

Дау мұраты - ұту,
Сауда мұраты - ұту,
Қыз мұраты - кету,
Жол мұраты - жету. /Сырым шешен/

Суалмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ,
Құйрығы суда тұрса да,
Уақытысы жеткенде,
Қурамайтын құрақ жоқ.
Дүние деген пәни бұл,
Баласы жоқ та мият жоқ.
Бәренен де қиын сол екен,
Артында жанған шырақ жоқ... /Әйтеке би/

Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім...
Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы,
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы,
Әйелің жақсы болса,
Бірінші – иманың,
Екінші – жиғаның,
Үшінші - ырысыңның тұрағы.../Төле би/

Жүргізуші: «Сергіту сәті» Ал, енді балалар, жұмбақ жасырып, бой сергітіп алайық.
Екі топ бір - біріне жұмбақтар жасырады.
Әр топ үш - үш жұмбақтан жасырады.

Жүргізуші:
Мәнге толы қазағымның тірлігі,
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры.
Кеше ғана керексіз ғып тастаған,
Ғажап екен әдеті мен ғұрыпы - дей келе, екі топқа сұрақтар қойылады.

/қоржындағы білезіктегі сұрақтарға жауап беру./

1 топқа Қандай салт дәстүрлерді білесіңдер?
2 топқа Қазақ елінде ертеден келе жатқан мейрамдарды атаңыз?
(ораза айт, рамазан айт, наурыз тойы, соғым басы, сабан той т. б.)
3 Ұлттық ойын түрлерін атап бер
(соқыр теке, шертпек, ақсүйек, орамал тастау, сақина салмақ т. б
4 Қазақ елінде ертеден келе жатқан мейрамдарды атаңыз?
(ораза айт, рамазан айт, наурыз тойы, соғым басы, сабан той т. б.)
5 Үш дананы атап бер /Абай, Шоқан, Ыбырай/
6 Үш байлықты атап бер /денсаулық, ақ жаулық, он саулық/
7 Жеті қазынаны атап бер / Ер жігіт, сұлу әйел, ілім - білім, жүйрік ат, қыран
бүркіт, берен мылтық /
8 Жеті атаны атап бер /бала, әке, ата, арғы ата, баба, ту ата, тек ата/

Жүргізуші:
«Тілім барда қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.»- дей келе ендігі кезекті концерттік бағдарламаға береміз.
1. Би: «Жұмыр қылыш» қыздар тобы
2. Би: «Бәйге» ұлдар тобы
Жүргізуші: Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың әдет ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны қастерлеу - әрқайсысымыздың борышымыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Қош сау болыңыздар!

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы,
«Ұзын - Ата» жалпы орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Шынтемирова Зәуре Пірманбекқызы
23 241
1
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі
Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі
Оқушыларды ата - бабамыздың ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып кейінгі ұрпаққа жеткен мұрасымен таныстыру.
Тәрбие бағыттары бойынша сыныптың жылдық жоспары
Тәрбие бағыттары бойынша сыныптың жылдық жоспары
Тәрбие бағыттары бойынша сыныптың жылдық жоспары.
Ата салтым – асыл мұрам
Ата салтым – асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы "Сам орта мектебі" ММ Бастауыш сынып мұғалімі Койшыбаева Баян Кипчаковна
Ата - баба дәстүрі елдігіміздің белгісі
Ата - баба дәстүрі елдігіміздің белгісі
Атырау қаласы, № 25 «Еркемай» балабақшасының әдіскері Қонаева Гүлбану Қонайқызы
Салтым – асыл қазынам
Салтым – асыл қазынам
Атырау қаласы, Жаңаталап селосы, Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Иманғалиева Ботагөз
Ұмытпайық ата - баба дәстүрін
Ұмытпайық ата - баба дәстүрін
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сапаққөл орта мектебі. тәлімгер: Нуржанова Жанат Құмарқызы
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
aiboll
aiboll Бас редактор 11 желтоқсан 2016 14:06
0
Қазақтың салт-дәстүрін, ырым-тиымдарын дәріптейтін тәрбиелік шараның пайдасы өте көп. Тамаша өлең шумақтары, дәстүрге байланысты көп мәлімет берілген екен.
×