Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіз елім - Қазақстан

28 қаңтар 2017, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Тәуелсіз елім Қазақстаным!»

Білімділік: Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер – нышандармен таныстыру. Ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау. жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандығын жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: Оқушыларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін, оны ерекше құрметпен мақтан тұту керектігін, ой - өрісін кеңейту, сана - сезімдерін Отанды сүю, халқымыздың прогресшіл дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Отанды сүюге құрметтеуге, әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әдептілікке, ел мен жердің қадір - қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.

«Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық - біз жақсы өмір сүргіміз келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қолдадық. Бұған сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік»

Қазақстан Республикасының Президент жолдауынан

“Тәуелсіз елім - Қазақстаным” таным сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан-ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.
Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.
Міне содан бері 25 жыл!
І жүргізуші:
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,
Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер.

ІІ жүргізуші:
Тәуелсіздік.
Тәуелсізбін мен бүгін,
Келді, міне азаттығым, теңдігім.
Бостандықта байлығым мен ендігім,
Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!
Өзіңдікі - Елің де,
Өзіңдікі – Жерің де
Өзіңдікі өзің еткен Бақ - Тәуелсіздік төріңде!
Қанатыңнан қайрылып,
Қыр - арқаңнан айрылып
Қонақ -
Тәуелсіздіктен,
Қала көрме айрылып!

І жүргізуші: Армысыздар қадірлі қонақтар, ата - аналар, ұстаздар мен оқушылар!
Биыл 2017 жылы дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан көтерілісіне 31 жыл болды.
Ал, егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына 26 жыл толған мерейлі тойына арналған «Тәуелсіз елім Қазақстаным» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
ІІ жүргізуші:
Шарықта, шарла көкті көк байрағым,
Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағатыңа
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным
Қалықта Елтаңбасы - шаңырағым.
«Әнұран»
Жамиля:
Мен қазақпын, бір биік белеспін мен,
Еуропада, Азияда емеспін мен.
Аралықпын жетінші материктей,
Бірақ барша адаммен тең өстім мен.
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
І жүргізуші:
Бостандық! – деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді,
қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған.
Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше тарих беттеріне тағы бір зер салайық. (слайд)
1723 - 1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.
1836 - 1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс.
1837 - 1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс.
1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт - азаттық көтеріліс.
1932 - 1933 жылдар ашаршылық кезеңі.
1936 - 1938 жылдар репрессия кезеңі.
1941 - 1945 жылдар Ұлы Отан соғысы.
1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.
IІ жүргізуші: Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан
кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл
сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.

(бейнефильм көрсету)
І жүргізуші:
Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бір шындық,
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Қайғы езіп, елдің еңсесін
Жаншыды - ау жанын батпан күн!

IІ жүргізуші:
Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды ексе алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап - жас қыз - жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.
Желтоқсан құрбандарын еске алып, 1 минут үнсіздік жариялаймыз.
Ернар:
Қасиетті Қазақстаным,
мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі
екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Қазақстаным, қастерлі мәңгі
дастаным,
Парақтап сені киеңді түсіне
бастадым.
Сен менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын
аспаның!
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
ІІ жүргізуші:
Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейінгі аз уақытта өңіміз түгіл түсімізге
енбеген оқиғалар болды, сол жетістіктерді атап өтейік ( презентация)

1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті сайланды.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекет болып жарияланды.
1991 жылы 16 желтоқсанда елімізде үлкен тарихи өзгеріс болып, Қазақстан тәуелсіз мемлекет құқығына ие болды.
1991 жылы 7 желтоқсанда “Атамекен” бағдарламасы қабылданды.
1991 жыл Қазақстан жерінде Семей полигонындағы ядролық жарыс тоқтатылды.
1991жылы 2қазан — Бірінші қазақ Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1992 - Қазақстан Республикасы 3 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.
4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.
28 қыркүйек - 4 қазан аралығында дүниежүзі қазақтар Қауымдастығының І Құрылтайы өтті.
1993 - 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.
15 қарашада Қазақстан өзінің ұлттық валютасын – теңгені айналымға енгізді.
1994 - Қазақстан Республикасы Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Кеңесіне мүше болды.
Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану жөнінде Қазақстан мен Ресей арасында келісімге қол қойылды.
Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды.
1995 - 12 қаңтарда қазақ халқының тұңғыш ғарышкерлері
Т. Әубәкіров пен Т. Мұсабаевқа
Халық қаһарманы атағы берілді.
30 тамыз Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды
1996 - 30 қаңтарда Қазақстанның екі
палатасының тұңғыш Парламенті өз жұмысына кірісті.
Желтоқсан оқиғасына - 10 жыл.
1997 – ҚР-ның астанасы Астана қаласына көшірілді,
астана мәртебесіне ие болды.
«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»
заңы бекітілді.
Бұл жыл Президент Жарлығымен “Саяси қуғын - сүргін
құрбандарын еске алу жылы” деп жарияланды.
11 қазан — Президент Н. Ә. Назарбаев республика халқына
«Қазақстан - 2030» жолдауын қабылданды.
1998 - Қазақстан Республикасының бұл жылы
“Халықтар бірлігі мен ұлттық тарих жылы” деп аталды.
1999 - Қазақстан Республикасының президентінің жарлығымен бұл жыл “Ұрпақтар бірлігі мен Сабақтастығы жылы” деп аталады.
10 қаңтарда альтернативті негізде ел Президенті бір ауыздан 7 жылға сайланды.
2000 - Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен бұл жыл “Мәдениетті қолдау жылы” деп аталды.
2001 - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне – 10 жыл.
2002 - Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен
бұл жыл “Денсаулық жылы” деп аталды.
2003 - 2005 - Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен
2003 - 2005 жылдар “Ауыл жылдары” деп аталды.
2006 - 6 қаңтар - Қазақстан Республикасының жаңа әнұраны қабылданды.
11 қаңтар – Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевты ұлықтау рәсімі өтті.
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 15 жыл
1 наурыз – Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
12 қыркүйек - әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ съезі өтті.
2007 - 2008 -"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу
2009 - Қазақстан Республикасы Тұңғыш
Президентiнiң "Өркен" бiлiм беру грантын тағайындауы - 2010 жылы желтоқсан айында 156 елдердің президенттері мен арнайы өкілдері қатысқан саммит өтті.
Осы саммит арқылы Қазақстанды барлық әлем танып білді, мойындады.
2011жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Президентті Нұрсұлтан Назарбаевқа «елбасы»атағы берілді.
6 ақпан VIII қысқы Азия елдері арасында қысқы спорттық Азия Ойындарын болды.
2012 - 2014 - Лондон Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 7 алтын алды.
Қазақстан астанасының EXPO - 2017 көрмесін өткізуге байланысты конкурсты жеңіп алды.
Алғаш рет Тұңғыш Президент күні аталып өтті.
Қаңтар — еліміздің президенті ЕҚЫҰ - ға бұрынғы ТМД елдері арасында алғашқы боп төрағалық етті.

2015 - Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтілді.
Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болдық.
Үшінші қазақ ғарышкері Айдын Айымбетов айға ұшты.
Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып жарияланды.
2016 - Олимпиада жеңімпаздары – ұлт мақтанышы!(бейне ролик жеңімпаздар)
ІІ жүргізуші:
Армандаған күнге де жеттік.
Мемлекеттік егемендігімізді алып, тәуелсіз ел болдық.

І жүргізуші: Тәуелсіздіктің көк байрағы желбіреп, әнұран қабылданды. Қазақтың жаңа астанасы бой көтергеннен бері әлемді сүйсіндірді, сұлулығымен таң қалдырды. Бас аяғы 26 жылдың ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды.

Тәуелсізбіз, іріміз, іргеліміз
Көңіліміз - нұр, көңіл - шат, гүл - жеріміз.
Өжеттікпен жиырма бес жыл, қайсарлықпен
Бодандықтық тұманын түргелі біз.
Тәуелсіз ел төрінен мұнар тарап,
Болашаққа сеніммен ұлар қарап,
Желбіреген көгімде көк байрақтан
Қыр қыраны келеді күн арқалап.
Тәуелсіздік тұғырын жайлап халық,
Ұрпағынан Махамбет айбат танып.
Ұрандап тұр халқына Алатаудың,
Ақ шыңынан Ләззат пен Қайрат барып.

Төрт түлікке төсек боп көсіл қырым,
Тәуелсіз бет түзеуге көшім бүгін.
Тұлпарлардың тұяғы кескен жолмен,
Құлдыраңдап барады уыз құлын.
Кеудесінен қара жер май ақтарып,
Жатқанына жүрмелік тояттанып.
Деді бабам: «Қалғыса ұлт намысы,
Жүрегіңнің отымен оят қарып!»
Тәуелсізбіз, іріміз, іргеліміз,
Көгіміз - нұр, көңіл - шат, гүл - жеріміз.
Тәуелсіздік тойында, кел, ағайын,
Көтерелік, бар қазақ, бірге қымыз!

Қасиетті Қазақстаным, мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі
екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.
Сен менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.

Қазақстан! Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Алтын заңың құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Ұлан - байтақ жеріңді
Бөтен ел таптамасын!
Ешқандай жау аттамасын!
Ие болып өзің туған жеріңе,
Жер – ана қызмет етсін еліңе,
Атом жарылмасын төріңе,
Ие болып, қорғасақ,
Жетер анық, өзіңдікі өзіңе.

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық, құтты болсын қуаныш!
Қазақстан қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.

Жиырма алты жыл, жиырма алты жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз ата - баба үмітін,
Қолда қазір көк ту менен бостандық.
Далада думан, қалада думан жыр бүгін
Ғасыр бойы аңсай күткен бұл күнім.
Жасай бер, жаса Қалдырған бақыт бұлбұлым.
Хормен: Жаса, Қазақстан!

Туған жерім Қазақстан байтақ елім
Туып өстім тәй бастым қастерледім
Туған жердей жер болмас деген мақал
Еске салар мәңгі сені аяулы елім
Қастерлесең табынсаң думан елге
Ардақты да мен деген бол азамат
Елім жерім деген ер жігітке
Тәуелсіз еліңді қыл аманат
Ол аманат еткен адам Нұрсұлтан
Нұрдың да алаштың да сұлтаны болған
Жетістікке жеткізді ол қаншама
Алға, алға тәуелсіздік Қазақстан!!!

26 жыл, тәуелсізбін, дербеспін
Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім
Бодандығым ғасырларға жалғасқан
Қазір, міне артта қалды келмес күн
Тәуелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,
26 жасың құтты болсын нұр елім.
26 жылда шықтың талай белеске,
Қазақстан жасай берші гүл елім

Әрқашан да мақтанамын жеріме,
Қазыналы, дархан, байтақ еліме.
Ешбір қала тең келе алмас сөзіңе,
Тілеймін мен бейбітшілік еліме.

І - жүргізуші:
Туған жерді сүю – парыз
Сүю үшін білу – парыз
Қасиетін ұғу – парыз
Күзетіне тұру – парыз

ІІ - жүргізуші
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату – тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.

Ән: «атамекен»
І - жүргізуші.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Тәуелсіз елім Қазақстан» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Киров негізгі мектебі
Орындаған: Хайруллина Н. С.
4 196
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш
Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екендігін, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін, оларды жасаған авторлардың халық үшін көп еңбек сіңіргенін ашып көрсету, Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білу.
Желтоқсан жаңғырығы
Желтоқсан жаңғырығы
Өткізгендер: Нұртазаева Қалдығыз Бегимбетова Нұргүл
Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым
Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы №185 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қайырқұлов Алмат
Рәміздерім, мақтанышым!
Рәміздерім, мақтанышым!
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің мұғалімі: Берикова Бақытгүл
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін үздік қолдану
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін үздік қолдану
Мемлекеттік әнұранның аса маңызды екенін, оны ерекше құрметпен мақтан тұту керектігін, ой-өрісін кеңейту, сана-сезімдерін Отанды сүю, халқымыздың прогресшіл дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×